Қамшы жасау негіздері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қамшы жасау негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл дидактикалық құрал қамшы жасаудың дәстүрлі және заманауи әдістерін біріктіріп, оны мектептің технология пәнінің мұғалімдеріне қолдануға арналған. Оқушылар ұлттық мұраны меңгеріп, шығармашылық және кәсіпкерлік қабілеттерін дамытады. Қамшы өру – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі қолөнерінің бірі. Ол тек күнделікті тұрмыстық құрал ғана емес, биліктің, рухани күштің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың символы болып саналған. Қамшы жасау өнерін оқушыларға үйрету арқылы олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметі артып, қолөнерге деген қызығушылығын дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
















«ҚАМШЫ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ»

(дидактикаық көмекші құрал)



























2025 жыл


Құрастырған:

Рамазанов Арман Амангельдиевич – М.Әуезов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі





Рецензенттер:

Сарсенгалиева Дидара Наурзбаевна – І санатты «М.Әуезов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші.


Жексембаева Нурия Амановна - М.Әуезов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы




















Бұл дидактикалық құрал қамшы жасаудың дәстүрлі және заманауи әдістерін біріктіріп, оны мектептің технология пәнінің мұғалімдеріне қолдануға арналған. Оқушылар ұлттық мұраны меңгеріп, шығармашылық және кәсіпкерлік қабілеттерін дамытады. Қамшы өру – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі қолөнерінің бірі. Ол тек күнделікті тұрмыстық құрал ғана емес, биліктің, рухани күштің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың символы болып саналған. Қамшы жасау өнерін оқушыларға үйрету арқылы олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметі артып, қолөнерге деген қызығушылығын дамытады.












Мазмұны

Түсінік хат


1. Теориялық бөлім

1.1 Қамшының маңызы мен тарихы

1.2 Қамшының түрлері

1.3 Қамшы жасауға қажетті материалдар

1.4 Қамшы өрімінің түрлері


2. Практикалық бөлім

2.1 Қамшы жасау кезеңдері

2.2 Практикалық тапсырмалар

























Түсінік хат

Мақсаты:

Бұл дидактикалық көмекші құрал оқушыларға қамшы жасау өнерін үйретуге, ұлттық қолөнерге қызығушылығын арттыруға, еңбекке баулуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған. Қамшы – қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алатын бұйым. Ол тек тұрмыстық құрал ғана емес, биліктің, дәстүрдің және рухани күштің символы болып табылады.

Бұл құрал қамшы жасаудың тарихи маңызын, жасалу технологиясын, өрім әдістерін және оны оқыту тәсілдерін қамтиды. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіпкерлікке баулуға және ұлттық мәдениетті тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Қолдану аясы:

  • Жалпы білім беретін мектептердің "Технология" пәнінде

  • Қолөнер бағытындағы үйірмелер мен шеберлік сабақтарында

  • Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде

  • Ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында музейлер мен этнографиялық орталықтарда

Міндеттері:

  1. Оқушыларға қамшы жасаудың тарихи және мәдени маңызын түсіндіру.

  2. Қамшы жасауға қажетті материалдар мен құралдарды дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыру.

  3. Қамшы өрімінің түрлі әдістерін меңгерту.

  4. Шығармашылық ойлау мен эстетикалық талғамды дамыту.

  5. Оқушыларды еңбекке, төзімділікке және ұлттық мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.

  6. Кәсіпкерлікке баулу, қамшы жасауды кәсіп көзіне айналдыру мүмкіндіктерін қарастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылар қамшы жасаудың дәстүрлі әдістерін меңгереді.

  • Шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды.

  • Ұлттық мәдениет пен құндылықтарға құрмет қалыптасады.

  • Қолөнерге қызығушылық артып, кәсіпкерлікке бейімделеді.













ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ


    1. Қамшының маңызы мен тарихы

Қамшының тарихы ата дәстүрде жатыр. Қазақ халқы көшпенді ел бола тұра салт-дәстүрлерді берік ұстаған. Болашақ ұрпақтың мықты болуын көздеп, қан тазалығы үшін жеті атаға дейін қыз алыспаған. Ол тек тұрмыстық құрал емес, сонымен қатар, ұлттық болмыстың, ерліктің, әдептің, өнердің және рухани құндылықтардың көрінісі ретінде ерекшеленеді. Қамшы ұғымы арқылы қазақ халқының даналығы, өмірге деген көз қарасы мен табиғатпен үйлесімді қарым- қатынасы айқындалады. Қазақтың өмір сүру қалпы малмен байланысты. Атқа мініп, көкпар тартқанда ата бабамыз қолынан қамшысын тастаман. Қамшы қазақтың тұрмысы мен мәдениетінде үлкен орын алады. Сондықтан қызы ұнап,құдасымен сөз байласқан келушілер қолындағы қамшысын үйдің оң жағындағы керегесіне іліп кетеді. Салт бойынша қыз жақ жауабын беру тиіс. Егер қыз әкесі келісімін берсе, қамшы сол орнында ілулі тұрады. Ал келіспесе қамшы иесіне қайтарылады. Жаугершілік заманда қамшы қару ретінде де пайдаланылған. Әсіресе, дойыр қамшы қарсыласты есінен тандыратындай соққы бере алатын қару ретінде де саналған. Халқымыз үшін қамшы тек тұрмыстық құрал емес, оның әлеуметтік, діни және наным-сенімдік мәні де зор. Қазақ халқы қамшыны бәле-жаладан сақтайтын қасиетті бұйым деп білген. Оны үйдің кіреберісіне іліп қою арқылы жын-шайтаннан қорғануға тырысқан. Жаңа туған баланың бесігіне қамшы іліп қою – жын-періден сақтау үшін жасалған ырым.

Қамшы – қазақ халқының тұрмыстық, әскери, билік және рухани символы. Оның сақ, ғұн дәуірінен келе жатқан дәстүрлі қолөнер түрі екендігі тарихи деректерден белгілі. Қазақ мәдениетінде қамшы билік пен әділеттіліктің белгісі, сондай-ақ тұрмыстық құрал ретінде де маңызды рөл атқарған.


    1. Қамшының түрлері

Қамшыны жасалу жолы, көлемі, әшекейлеп безендірілуне қарай сара ала қамшы, әшекейлі ақ қамшы, алтынды қамшы, шашақты қамшы, ал, ең бастысы, тұтынысына қарай негізінен; қайыс қамшы; дырау қамшы деп бөлінеді.

  • Сарыала қамшы – жез бен мыс араластырып дайындалған қамшы түрі. Қамшының бұл түрін көбіне ер адамдар ұстайды. сылдырмақ пен қоңырау, жез салпыншақ, тіптен үкі, айна да тағылғанын киелі деп санаған. "Сарыала қамшыға сайтан жоламайды" деп, бақсылар ойын салғанда қолданған. Оны төрге іліп қойса үйге пәле-жала жоламайды деп сенген. Сондықтан сайтан қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы сияқты атаулар ұшырасады.

  • Ертеде ер адамдар ғана ұстаған сары ала қамшының сарыбас қамшы, жез қамшы деген атаулары әшекейлеген бөлігіне байланысты аталған. Мысалы, жезбен алқымы мен сабының түбi оралғанын жезмойнақ қамшы, бауырдағын әшекейлегенін жез бауырлақ қамшы деп бөліп айтады.

  • Әшекейлі ақ қамшы – сабы ақ күмістен сәнделіп жасалған қамшының түрі. Оны көбіне әйелдер ұстаған. Қамшының мұндай түрлерін алтын-күміс пластинкамен бунақтау, сәндеу, асыл тастан көз орнату құйма, күміс шеге, шытыралар шауып сәндеу, сылдырмақ, шашақ қадау, өрмесіне шашақ, түйін салу сияқты жолдармен әшекейлейді. Оның "босмойынақ қамшы" деген түрі болады.

  • Атбас алтын қамшы - сабы да өрімі де алтынмен апталып, күміспен күптеліп жасалған, сабына березе тәрізді асыл тас орнатылған, атбасын бейнеленген қамшының ерекше түрі. Алтынды қамшының бұл тәрізді түрлерін әлеуметтік мәртебесі аса жоғары ел сұраған хан, сұлтан; ел құраған билер мен бектер, сондай-ақ ел ішіндегі аса қадірлі тұлғалар ұстаған деуге болады.

  • Шашақты қамшы – қосымша әшекей ретінде әр бөлігінде тарамыстан жасалған айдаршалары бар қамшы. Бұлар негізінен үш түрлі болып келеді: сайтан айдар шашақ – өрімнің жоғарғы тұсынан шығарылғаны; мал айдар шашақ – саптың алдыңғы тұсындағысы; қолдың шашағы – саптың терімен оралған тұтамының астыңғы тұсынан шығарылғаны.

  • Қайыс қамшылар – өрімі мен сабы ұзындау жасалған қамшының түрі; шаруашылық қарекетіне қолдануға ыңғайлы, иленіп, май сіңірген қайыстан жасалалы. Қолданысына қарай қайыс қамшы, бәйге қамшы, ат қамшы, түйе қамшы, арба қамшы, соқа қамшы қамшы, шыбыртқы т.б. түрлерге бөлінеді. Олардың жасалуындағы кейбір айырмашылықты ескермегенде пошымы мен дайындалу жолы бір-біріне жақындау. Тұтыну мақсатына қарай сабы, алақаны, өріміндегі айырмасына қарай қысқа өрімді, жеңіл сапты түрі салт қамшы, ұзындау өрімдісі атсоғар, шыбыртқы деп аталады. Қамшының ел арасында айтылатын ат қамшы, күдері қамшы, жортуыл қамшы, білеу қамшы, борбас қамшы, орама сапты қамшы, өзекті қамшы, шашақты қамшы, жалғыз таспа қамшы т.б. түрлері бар.

Қайыс қамшылардың: кішкене шағындау түрін тай қамшы, сабы екі-үш тұтам, өрiмi жiңiшкесін бәйге қамшы, өрімі мен сабының қамшыдан әлдеқайда ұзын түрін шыбыртқы, өрімі сабынан үш еседей ұзын, ұшына шикі таспадан шырмауық жалғанғанын бишік, ал өрімі бірнеше бөлік етіп өрілгенін соп қамшы, қысқалау сапқа шығыршық арқылы бекітілгенін торсылдақ қамшы, сабы шолақтауын бишік қамшы, ұшына қыл бекіткенін балақпан деп атаған. Ұрғанда тарсылдайтын ұзын қол бишік балақпанмен тары піскен кезде егінге түскен құсты үркітеді. Қамшы түрінің балақпан аталуы себебі қайыстың ұшына аттың бірер қылын жіңішке етіп өріп байлап қояды. Осы байланған балақ жіп қамшыны оса тартқанда тарс еткен ащы дыбыс шығарып, тары атаулының қас жауы шымшық, торғайларды үркітеді.

  • Дырау/ дойырқамшы – суық қару ретінде қолданылатын қамшының түрі. Оның дойыр, дырау, босмойын деген түрлері бар. Өрімі жуан, жұмыр, кейде төрт қырлы болып келген дойыр қамшыны өрімнің арасына қайыстан, қорғасыннан жұмырлай ширатылған өзек салып, сыртын таспамен тоқи өреді, түйініне тас, қорғасын бекітеді.Таспа саны өрімшінің шеберлігіне қарай 24-тен асып кетеді.


  • Қол қамшы – жеңіл, тұрмыстық мақсатта қолданылатын қамшы.

  • Дамыл қамшы – салт атты кісілерге арналған қамшы.

  • Байрақты қамшы – сәндік мақсатта немесе сыйлық ретінде жасалатын әсем қамшы.

  • Серппе қамшы – жауынгерлік мақсатта қолданылған қару.


1.3 Қамшы жасауға қажетті материалдар

  • Былғары – сиыр, түйе, жылқы терісі (илеп, жұмсартып өңдеу әдістері).

  • Ағаш сап – қайың, тобылғы, емен (беріктік пен сәндік үшін өңдеу тәсілдері).

  • Металл қаптама – күміс, жез, мыс (ою-өрнек, көркемдік элементтер).


1.4 Қамшы өрімінің түрлері

  • 4 таспа өрім – қарапайым өрім түрі.

  • 6 таспа өрім – орташа күрделіліктегі өрім.

  • 8-12 таспа өрім – шеберлікті қажет ететін күрделі өрім.











4 таспа өрім 6 таспа өрім 8-12 таспа өрім






2. Практикалық бөлім

2.1 Қамшы жасау кезеңдері

1. Материалдарды дайындау

Тері таңдау: Қамшы жасау үшін сиыр, жылқы, түйе немесе бұзау терісі қолданылады.
Теріні өңдеу: Теріні төртке бөліп, сүтке, айранға салып ашытып, тұз салып, ағаш бөшкеге батырып қояды. Теріні жасалынатын бұйымның көлеміне қарай бөліп салған дұрыс. Малдың терісінің мойны қалың болады, арт жағына, шабына, бауырына қарай жұқарады. Кейбіреулер теріні плас­тик, темір бөшкелерге салу қажет. Себебі темірге салын­ған тері көкаязданып, қатыңқы болып шығады. Уақытымен, күннің райына қарай қарап тұрады. Күн ыстық болса, тері тез ашиды. Бір терінің толықтай иленіп болуы үшін 15-20 күн кетеді екен. Тері ашыған соң, оны алады, одан кейін тері жери бастайды екен. Жерігенде көп тұр­ғызбаған жақсы екен, әйтпесе құрт түсіп, бетіндегі жұқа қабатын жеп тастайды. Түктері түсе бастайды, сол кезде бетін қырып, түгін пышақ­пен, күрекпен түгел алу керек. Бір қызығы, терінің иле­нуі адамның кө­ңіл күйіне тікелей байланысты көрінеді. Жақсы көңіл күймен иленген тері де сапалы шығады.












Тері сыланып, түгі алынады, содан кейін иленіп, жұмсартылып, керіліп кептіріледі.
Қайысты кесу: Өрімге қажетті қайыс таспалар (1-ден 12 таспаға дейін) дайындалады.

2. Қамшы сабын жасау



Материал таңдау: Қамшы сабы мықты ағаштан (қайың, тобылғы, емен) жасалады.
Өңдеу: Сабын тегістеп, қажетті пішінге келтіреді.
Сәндеу: Сабына күміс, мүйіз немесе сүйек қапталады.

3. Қамшы өрімі

Өрімнің түрін таңдау:Қарапайым (3-4 таспа)

  • Күрделі (6-8 таспа)

  • Кәсіби (12-16 таспаға дейін)

  • Өру процесі: Таспалар бір-бірімен айқастырылып, тығыз өріледі.

  • Буындарын тегістеу: Өрілген қамшының үстінен арнайы тегістеу әдістері жасалады.

4. Қамшыны бекіту және сәндеу

- Өрімді сабына мықтап бекіту
- Түйіндерін қатайтып, артық қайыстарды кесу
- Қамшының ұшын (божы) дайындау
- Сәндік элементтер қосу (ою, күміс, асыл тастар, бояу)

5. Қорытынды өңдеу

Қамшыны жұмсарту үшін майлайды, өрімді сулап, кептіру арқылы нығайтып, дайын қамшының беріктігі тексерледі.




Қорытынды


Қамшы жасау – шыдамдылық пен шеберлікті талап ететін өнер. Дұрыс жасалған қамшы мықты, икемді және әдемі болуы тиіс.

Қамшының күнделікті тұрмыстағы, спорттағы (ат спорты) және рухани-мәдени символ ретіндегі маңызы зор.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2025
166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі