Материалдар / Қан және оның компоненттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қан және оның компоненттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қан плазмасы – құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+, Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-). Қан құрамындағы органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар, аминоқышқылдар, несепнәр, креатинин, аммиак, пуриндік және пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ (глюкоза, майлы қышқылдар, пируват, лактат, тер, триацилглицеролы, холестерин) болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар (оттегі, көмір қышқылды газ) және биологиялық белсенді заттар (гармондар, дәрумендер, ферменттер, медиаторлар) бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қан – ағзаның сұйық байланыс тіні арқылы қалыптасқан ішкі ортасы.

Плазма мен жасушалардан тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер). Ол жүрек соғуы әсерімен тамырлар жүйесі бойынша айналады және дененің өзге тіндермен ұйқаспайды. Орташа есеппен, адамның жалпы салмағына шаққанда қанның жалпы үлесі 6,5-7 % құрайды.

Қан плазмасы – құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+, Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-). Қан құрамындағы органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар, аминоқышқылдар, несепнәр, креатинин, аммиак, пуриндік және пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ (глюкоза, майлы қышқылдар, пируват, лактат, тер, триацилглицеролы, холестерин) болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар (оттегі, көмір қышқылды газ) және биологиялық белсенді заттар (гармондар, дәрумендер, ферменттер, медиаторлар) бар.

Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) – формалық элементтердің ең көп тараған түрі. Жетілген эритроциттерде ядро жоқ және олардың формасы екі жағынан бүгілген диск тәрізді. Оның тіршілік ұзақтығы 120 күн, бұдан кейін байыр мен көкбаурда бұзылады. Эритроциттерде құрамында темір бар ақуыз бар – гемоглобин. Ол эритроциттердің басты функциясы – газдарды, алдымен оттегі тасымалдауды қамтамасыз етеді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді. Өкпеде гемоглобин ақшыл қызыл түсті оксигемоглобинге айналып, оттегіні байланыстырады. Тіндерде оксигемоглобин оттегі шығарып, гемоглобинді қайта қалыптастырады және де қанның түсі қоңырлай бстайды. Гемоглобин тіндерден өкпеге оттегіден басқа карбогемоглобин түріндегі көмір қышқыл газды тасымалдайды.

Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген сүйек кемігіндегі ірі жасушалар (мегакариоциттер) цитоплазмасының фрагменттері болып табылады. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге (мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ол ағзаны қан кетуден сақтайды.

Лейкоциттер (ақ түсті қан жасушалары) ағзадағы иммундық жүйенің бір бөлігі. Олар қан жүйесінен тыс тіндерге шығуы мүмкін. Лейкоциттердің басты функциясы – бөтен денелер мен қоспалардан сақтау. Олар вирустар мен түрлі зиянды заттарды анықтайтын Т-жасушаларды; осы заттарды жоятын антиденелер мен макрофагаларды бөлетін В-жасушаларын қалыптастыра отырып, иммундық реакцияларға қатысады. Қандағы лейкоциттердің саны басқа формалық элементтердеге қарағанда төмен.
Қан қалпына тез келетін тіндер қатарына жатады. Қанның формалық элементтерінің физиологиялық регенерациясы қан жасаушы ағзалары арқылы бұрынғы жасушаларды жою және жаңасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Сүйек кемігі адам мен өзге сүтқөректілердегі негізгі бөлік болып табыады. Адамда қызыл немесе қан жасаушы сүйе кемігі негізінен жамбас сүйектерде және ұзын түтікше сүйектерде орналасқан.

ҚАННЫҢ АҒЗАДАҒЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Қан қан тамырларының тұйық жүйесі бойынша үздіксіз айналалып, ағзадағы түрлі функцияларды атқарады:

  • Тасымалдаушы — қанды айналдыру; оның бірнеше кіші функциялары бар:

    • Демалу – оттегіні тіндерден және көмір қышқылды газды тіндерден өкпеге тасымалдау;

    • Қоректендіру — қоректендіру заттарды тіндер жасушаларына жеткізеді;

    • Экскреторлық — зат алмасудың қажетсіз заттарын ағзадан шығару үшін өкпе мен бүйрекке тасымалдау;

    • Термореттегіш — дене температурасын реттейді;

    • Реттеуші — оларда пайда болатын заттарды (гармондар) тасымалдай отырып, түрлі ағзалар мен жүйелерді өзара байланыстырады.

  • Қорғаныс — бөтен антигендерден жасушалық және гуморалдық қорғанысты қамтамасыз ету;

  • Гомеостатикалық — гемеостазды (ағзадағы ішкі ортаның тұрақтығы) – қышқылды-негізгі тепе-теңдікті, су-электролиттік балансты және тағы басқаны сүйемелдеу;

  • Механикалық — ағзаларға қан келу арқылы тургорлық кернеуді беру.

ҚАН ТОПТАРЫ

Эритроциттердегі кейбір антигендік қасиеттердің жалпылығы бойынша барлық адамдар белгілі қан тобына тиістілік бойынша бөлінеді. Әр адамның қан тобы ерекше. Белгілі қан тобына тиістілік адамның тууынан бойына бітіп, өмір бойы өзгермейді. Қан «AB0» жүйесі бойынша төрт топқа «резус фактор» жүйесі бойынша екі топқа бөлінеді.

Осы топтар бойынша қан үйлесімділігін сақтау қанды қауіпсіз құю үшін ерекше маңыздылығы бар. Қанның маңыздылығы жоғары емес те қан топтары бар. Әке-шешесінің қан тобын біле тұра, баланың да қан тобын болжамдауға болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!