Материалдар / Қанатты дәріхананың құпиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қанатты дәріхананың құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
418
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласының Әкімшілігі

«Тұран» университеті





«TURAN-JUNIOR – 2015»

ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ

ЖҰМЫСТАРДЫҢ КОНКУРСЫ



Секция: Биология, экология


Тақырыбы: "Қанатты дәріхананың құпиясы"



Жоба авторы: Жолақ Аяулым Айбарқызы



Мектеп: №26 жалпы білім беретін мектеп

Сынып: 6 «В»

Ғылыми жетекші: Бейвазы Кенжегүл







Алматы – 2015


МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе _______________________1-бет________________

  2. Негізгі ________________________2-14 бет_____________

  3. Қорытынды ___________________15-бет______________

  4. Пайдаланған әдебиет ______________16-бет___________






































Кіріспе

Адам денсаулығы... Қазіргі кездегі ең қажетті, ең маңызды нәрсе, себебі дені сау адамның өмірі ұзақ, қоғамға да пайдасын тигізе алады.

Ал адамның пайдасына дәлелі ретінде бал арасымен айналысқан адамдардың өмірі ұзақ, сергек болады екен.

Бал арасы адамға материалды жағдайын түзетуге ықпал жасайды және гүлдерді тозаңдатқыш ретінде де табиғатта өте пайдалы.

Кәдімгі балды тағам ретінде көптеген адамдар таниды, ал бірақ оның емдік қасиеттерін екінің бірі біле алмайды.

Ал араның уы ше? Қазіргі кезде араның уының емдік қасиеттіне сүйене отырып неше түрлі дәрі – дәрмектер жасалынып отыр.

Келесі адамның өнімі – прополис (ара желімі) қазіргі кезде халықтық медицинада көптеп пайдаланып жүр.

Бал араның түрлері: Бал арасы – жарық қанаттылар тобына жататын бұнақ дене. Ұзындығы 1 – 1,5 см. Бұл өте пайдалы, отбасы болып тіршілік ететін бұнақ дене. Отбасында бір ана – ара, бірнеше жүз еркек бал ара, жүз мыңға дейін жұмысшы бал ара болады. Бұлардың бәрі бір ұяда мекендейді. Ана – ара күн сайын мың, екі мың жұмыртқа салады. Жыл өткен сайын жұмыртқалауы кемиді. Ана – ара – бес – алты жыл өмір сүреді. Еркек бал аралары жұмыс істемейді. Тек ашық күндері ұшып орйнайды. Оның алдында шірне жинайтын «кәрзеңкесі» де болмайды. Ана – бал арасы сияқты еркек бал аралары да омарташының балымен қоректенеді. Олар үш айға жуық өмір сүреді. Олар ана – араны күтеді, дәрнейілдерді қоректендіреді, алысқа ұшып «барлаушылық» қызмет атқарады, гүл шірнесін жинайды, балауыз бөліп, ұя салады және ұяларды қорғайды.

Бал араның түрлері: Орталық орыс бал арасы, қажудың сұр тау бал арасы, савхоздың сары бал арасы, украиындық далалық бал ара және далалық бал ара, т.б.

1





Негізгі бөлімі

Бал араның тіршілігі:

Қазақстан Республикасында көп тараған далалық бал арасы. Олар Қазақстанның шығысында және оңтүстігінде көп кездеседі. Бала араның тіршілігі климатқа байланысты болып келеді. Біздің елеміз қоңыржай климатта орналасқандықтан, бір жыл төрт мезгілге бөлінеді. Осы төрт мезгілде бал араның тіршілігі әр түрлі болады. Бала араның тіршілігі екі негізгі кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезең – белсенді жарыс істеу кезеңі. Бұл кезде бал ара отбасы бал жинап тамақтарын қорытып кобею кезеңі жүреді.

Екінші кезең – бұған қарама – қарсы, күз бен қыс ұйқы кезеңі. Бұл кезде олар ұрықтанып көбеймейді, шірне жинамайды. Керісінше, белсенді жұмыстағы қорек қорымен қонектенеді. Олардың тіршілігі ерте көктемде басталады. Бұл кезде бал аралары гүлден – гүлге қонып дәнін жинап оны балға айналдырады. Қысқы ұйқыдан тұрған кезде бал аралары бірнеше күн әлсіз болады. Әл жинаған соң нәрездерін тазалап, дернәсілдерін тамақтандырып, шірнелерді жинап, оларды сілекейлерімен араластырып балға балға айналдырады. Он екі күндегінде, ара ауа – райы жақсы болып тұрса, олар ұяларынан шығып, қызу еңбектерін бастайды. Отбасыларының жасына және азды – көптігіне байланысты алынған балдарының салмағы әр түрлі болады.

Күз бен қыс кезінде олар қыстауға жиналады. Жұмысшы аралары қысқа арнап бал қорын дайындайды. Ұлдағы барлық саңылауларды балауызбен сылап бітейді. Қыстап шығудың бірнеше айында бал аралар күніне 20 – 25 г қорекпен қоректенеді немесе 600 – 700 г қорекпен 1 айда қоректенеді.

1 кг балдан 2720 кал жылу, 1448 г көмірсулар және 50 г су ыдырайды. Денелеріне көп май жинайды.

Ұяларын қыста да еркін жүріп тұруға арнап жасайды. Балы бар кәрездерге отырып. Бал қатпас үшін жылытып отырады. Ұяның температурасы 25 – 30 градусқа жылы болады. Бұл температура бал аралардың тыңбасі ішінде



2

жүргендіктен пайда болады.

Бал – бұл таза глюкоза мен мвулеза. Спортсмендермен атлетттер жарыс алдында жұмсалған күштерін жинау үшін бал жиді екен.

Ал дәрігерлер балды кәрі адамдармен балаларға жеуді ұсынады, себебі ол күш толтырады.

Балдың тағы бір қасиеттерінің бірі етті бұзылуға жібермейді.

Мысалы, ертеде Александр Македонскийдің сүйегін өлген кезде балды жағып ұзақ жол жүріп Македония астанасына жеткізген екен.

Италян доғуыры Анжело Дубини балдың құрамында құмырсқа қышқылы бар екенін дәлелдеп, оның кез келген затты шіруге жібімейтінін айтқан.

Хирург Я.М.Кушинский балықтың майымен балды біріктіріп сүйек ауруы – остемиелитті емдеген.

Ал соғыс кезінде С.А.Смирнов 75 оқтан жарақат алған жауынгерді емдеп өлім аузынан алып қалған.

Қазіргі кезде балды ішек – қарын ауруынан шалдыққандарға береді. Бауырға гмокогеннің жиналуына көмектеседі. Балдың бауырға көмегі көп. Тыныс алу жолы зақымданған, қабынған өкпе аурына ұшырап жүйке жүйесі, жүрек аурулары ауыр операциялардан тұрған адамдарға балдың көмегі үлкен.

Балдың емдік қасиеті.

Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:

1. Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.

2. Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.

3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатып, самасын тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.

4. Ыстық, суықтан тіс қақсағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып,

3

қақсаған тіске басады.

5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.

6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.

7. Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.

8. Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.

9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.

10. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққан-да, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.

11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотыр-ға жағады.

12. Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.

13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.

14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.

15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды


4

басады.

16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.

17. Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды.

Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.

18. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уа-қытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді.

Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады. Қан аздықтан болатын ұйқы-сыздыққа ыстық су құйған жы-лытқышты аяққа басу керек. Бір жағдайларға мазасыз-данғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады. Ал қан қысымы жоғары адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар.

19. Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына

қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Оңдайда адам жөтеле береді. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Немесе, бір литр суға ұнтақтал-ған 500 гр. пиязды, 400 грамм қантты және 50 грамм балды қосып, әлсіз отқа үш сағаттай қайнатып,

5

суыған соң шыны шөлмекке құйып, аузын мық-тап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне ас қасықпен төрт-алты рет ішуі керек. Онымен қызарып ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай – ақ, шәйнекте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.

20. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұрын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.

21. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен кү-ніне бес – алты рет ішуі керек.

22. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.

Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.


6

23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады.

Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.

24. Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәру-менді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.

Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондайақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.

25. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.

Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.

Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.

26. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құрамында майды ыдырататын элементтер болса, бал жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.

Балдың құрамы мен қуаты.

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

7

Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.


Бал арасының үш тобы.

Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.

Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі балауыз бөліп шығарады.

Ара патшасының денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз шығаратын балауыз безі болады.

Ара топтасып тіршілік етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады. Ара

8

патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады.

Еркек араның бірден – бір міндеті – ара патшасымен шағылысу. Араның бөліп шығаратын балауызы, улы сұйықтығы, балы дәрілікке жасалады.

Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті, дәмді, усыз болады.

Ара балының бөлінуі.

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері. Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

9

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондайақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Ара балы.

Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

Ара ұясы: балаңқұрттар сол жақта, ал жұмыртқалар оң жақта.

Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 –

10

17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы Аралар 7 – 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады. Аралардың 20 мың түрінің ішінен тек 1 мың ғана түрі ұйымшыл жәндіктер санатына жатады. Бал араларының басқа барлық аралардан ерекшеленетін себебі,оның тозаңды жинайтын және таситын арнайы икемі: олардың артқы аяқтарының кең жіліншіктерінде талшықпен жиектелген иілімді аумақ болады (ол қоржынша деп аталады). Шірені бал арасы тұмсығының жәрдемімен тартып алады және оны жемсауында балға айналдырады. Ара отбасысының басым бөлігін жұмысшы аралар (аналықтарды төлдетуге қабілетсіз) құрайды. Олар шіре мен тозаң жинайды, ұяшықтар тұрғызады, дернәсілдерді қоректендіреді, ұяшықты тазалайды және қорғайды. Ара мен сонаның бізгегі - бұл түрі өзгерген жұмыртқалаушы мүше. Бізгегі тегіс және көп мәрте пайдалану құралы болып табылатын сонадан ерекше арада ол кетік болып келеді. Дұшпанын шаншып алғаннан кейін бізгегі жараның ішінде қалғандықтан,олардың көпшілігі өлім құшады.

Ара,үй арасы, бал арасы (Apіs mellіfera) –жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше

11

жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады.

Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.

Ара особьтарының қызметі.

Еркек ара - отбасысындағы еркек дарақ. Еркек аралар омартада ешқандай жұмыс атқармайды, шіре мен тозаңды жинамайды. Олардың жалғыз ғана қызметі - аналықпен некелік ұшып келу кезінде шағылысу. Күзге қарай жұмысшы аралар еркек араларды өлтіріп тастайды немесе қыстық азық қорына масыл болмасы үшін омартадан қуып жібереді. Аналық - бұл отбасының отанасы, ол жұмысшы арадан екі еседей дерлік үлкен. Оның міндеті - ұрпақ жалғастығы. Омартадан неке уақытында ұшып кеткенде ол әуеде 9 – 10 еркек арамен бірге самғайды, содан кейін жұмыртқаларды ұяшықтарға тастайды. Бұл ұяшықтардың кейбірі өте үлкен және бұрыс пішінде - бұл болашақ анаға арналған ұяшықтар. Бал араларын адамдар 5 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Адамдар олардан бал, балауыз, прополис және көптеген аурулардың емдеуде қолданылатын ара уын алуды үйренді.








12

Дернәсілдері. Үлкен ұяшықтағы аналық пен дернәсілді жұмысшы аралар арнайы ара сүтімен қоректендіреді, ал еншісіне жұмысшы ара және еркек ара болу жазылған дернәсілдерді ара сүтімен тек дүниеге келген сәттен алғашқы үш күнде ғана азықтандырады. Содан кейін олардың негізгі тамағы балтозаңға (балмен дәмі келтірілген тозаң) айналады. Жаңа аналық шыққан кезде бұрынғы аналық бір топ жұмысшы аралармен бірге ұяны тастап шығады және жаңа орынға жайғасады.

Бал сақталатын және дернәсілдер бүр жаратын ара ұялары балауыздан құралады (ол жұмысшы аралардың ағзасында әзірленеді). Дұрыс алты бұрышты пішінінің арқасында ара ұялары таңғаларлықтай үнемді,мығым және сыйымды. Дайындалуына бар болғаны 40 г балауыз кеткен ұялар 2 кг-ға жуық балды сыйдыруға жарамды! Не ағаш саңылауы болсын, немесе олар үшін арнайы тұрғызылған омарта болсын, ара баспанасы өзінің мінсіздігімен таң қалдырады. Аралар онда қажетті микроклимат жасау үшін көп күш жұмсайды: суықта омартаның жүздеген тұрғындарының кеуде бұлшықеттері жылу шығарып, жайлап қысқарады, ал ыстықта олардың бір бөлігі омартаға су тасиды (буланған су температураны төмендетеді).

Жұмысшы балараның құрылысы.

Баларалардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі көзі, олардың аралығында үш жай көзшелері болады. Алдыңғы жағынан ұзын имек мұртшалары шығып тұрады. Балара тіршілігінде сезім мүшелері маңызды роль атқарады.

Қараңғы ұялардың ішінде негізінен мұртшаларына орналасқан сипап сезу мүшелерінің маңызы зор. Балараларға гүл іздеуі үшін иіс сезімі мен көру сезімі қажет. Баларалар сары және көк түстерді, адам көре алмайтын ультракүлгін сәулелерді ажыратады, бірақ қызыл түсті көрмейді.

Баларалар ұяшықтар жасағанда балауызды жақсы жетілген кеміргіш жоғарғы жақтарымен илеп өңдейді. Олар гүлдерге қонғанда аталықтардан тозаң алады. Төменгі жақтарымен және төменгі ұзын ерінімен балара шірінін жалап,

13

сорады, сондықтан баларалардың ауыз мүшлері кеміріп жалағыш мүшелер деп аталады.

Гүлден сорылып алған шірін көлемділеу келген жемсауға түседі, жемсау бездерінен бөлініп шыққан сұйықтықпен араласады. Осыдан соң ара шірінді кәрез ұяшықтарына орналастырады, ол сонда балға айналады.

Балараның көкірегін қалың түк басқан, оның арқасында екі жұп мөлдірлеу жарғақ қанаттары болады. Жұмысшы баларалардың аяқтары гүл тозаңын жинауға, кәрез ұяшықтарын жасауға бейімделген. Жұмысшы балараларда құрсағының ұшында шаншары болады. Оны жануарлардың немесе адамның денесіне шанышқанда у құйылып, қатты ауыртады. Ұсақ жәндіктер араның уына өліп кетеді.

Балара отбасының тіршілігі. Көктемде, күн жылына бастаған кезде, жұмысшы баларалар ұяларынан ұшып шығады. Олар алғашқы гүл ашыла бастағанда гүлден тозаң және шірін жинайды. Ана ара кәрездердің ұяшықтарына жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдерді аралар бал араластырылған гүлдің тозаңымен азықтандырады. Ана ара мен трутеньдердің личинкалары едәуір үлкен ұяшықтарда дамиды.





















14

Қорытынды

Мен зерттеу жұмысымды Алексей Ивановна бірге жүргіздім. Бұл кісі жылда біздің ауылымызға Тургень ауылынан судың жағасына көшіп келеді.

Не істедім?

Нені байқадым?

Қорытынды

Мен араның ұясына бардым

Аралардың отбасын көрдім. Отбасында аталық, аналық, жұмысшы аралары болып, тіршілік ететінімен таныстым.


Аналық, аталық, жұмысшы аралардың салмағымен ұзындығын зерттедім.

Аналық араның ұзындығы – 20 мм, ал салмағы – 190 мг. Аталық араның ұзындығы – 15 мм, ал салмағы – 190 мг. Жұмысшы араның ұзындығы – 13 мм, ал салмағы – 110 мг.

Аналық араның денесі үлкен болады екен, одан кейінгі аталық, ең кішкенесі жұмысшы бал арасбеты.

Прополисті алдында ауырған тісіме қойдым.

Тісімнің ауырғанының қойғанын байқадым.

Прополиспен тісті емдеуді достарыма айттым және оларда тістері ауырған кезде пайдаланып жүр.



Александр атайдың бұл кәсіпті меңгергені соншалықты емдік қоспаларды өте көп біледі. Мен бұл қоспалардың кейбірімен туыстарымды емдеп көрдім пайдасы көп екеніне көзім жетті.







15



Пайдаланған әдебиеттер

1. Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона:

2. Үй-тұрмыстық энцик.Бас. ред

3."Қазақстан" Ұлттық энцклопедиясы

4. Қайымов Қ биология және техника-Алматы. Қайнар. 1985ж

5.Қаратаев М. Қ Қазақ Совет энциклопедиясы 2-том Алматы. 1973ж

6.Сыбанбеков Қ. Биология ғажайыптары. Алматы. Қайнар

7.Жануарлар әлемінде Алматы 1992ж



























































16

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!