жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қанатты достар»
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қанатты достар»
(естияр тобы)
Білім салалары: Қатынас, таным, денсаулық, әлеуметтік орта, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттері: Математика, тіл дамыту, көркем әдебиет, экология, дене шынықтыру, жапсыру, музыка.
Сабақтың тақырыбы: Қанатты достар.
Сабақтың мақсаты: Балаларға құстар туралы түсінік беру. Құстарға қамқорлықпен қарауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Тілдерін дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: Ағаштар, жіп, целофан қалталар, үнтаспа, құстардың суреті, атрибуттар, балшықтан жасалған құстың ұясы, қамыр, мақта, плакат, түрлі түсті қағаздар, желім, қылқаламдар.
Сабақтың барысы:
-Қайырлы күн, балалар! Бүгін жүздеріңіз балбұл жанып, қуанып тұрғандайсыңдар. Барлығың жарқыраған күнге ұқсайсыңдар. Мен сендерді жақсы көремін, ал сендер ше?
- Біз де жақсы көреміз.
- Ендеше, балалар, бір-бірімізді құшақтап қалай жақсы көретінімізді білдірейік.
- Балалар, бізге қонақтар келіп қалыпты. Қонақтармен амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме?
-Ал енді, біз бүгін саябаққа саяхат жасаймыз.(қоян секіріп шығады)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Сәлеметсің бе, қоянжан!
-Балалар, саябаққа қош келдіңдер! Мен сендерге жол бастап берейін. Мұнда қыстан қалған қарлар еріп жатыр. Аяқтарыңды сулап алмай,
Екі-екіден менің соңымнан жүріңдер (1.жұптасып жүру). Мына жерде бір аяқ жол жатыр екен, қане, біріміздің соңымыздан біріміз жүрейік (2.жіп бойымен тізбектеліп жүру). Ал, мұнда арық бар екен. Арықтарға қардың сулары жиналып қалыпты. Арықтан қос аяқтап секірейік (3.қос аяқпен секіру). Қыстағы қардың қардың қалыңдығынан ағаштардың бұталары майысып қалыпты, барлығымыз бұталардан еңкейіп өтейік (4.кедергіден өту). Міне, саябақтың ортасына да келдік. Ал енді, балалар, ренжімесеңдер мен көжектеріме барайын. Сау болыңдар!
-Сау бол, қоянжан!
-Балалар, саябақтың ауасы қандай таза! Сол ауамен тыныс алайықшы. Енді жұтқан ауамызды қалталарға толтырайық. Ауа көзге көрінбейді, қолға ұсталмайды. Біз болсақ, сол ауаны қалтамызға толтырып алдық. Ал, қалтамыз ауыр ма, жеңіл ме?
-Жеңіл.
-Ауа жеңіл, салмағы жоқ. (үнтаспадан құстардың үні естіледі)
-Қараңдаршы, мұнда құстар ұшып жүр екен. Бұл қандай құстар, атаңдаршы?
-Қарға, торғай, тоқылдақ, көгершін, ұзақ, сауысқан.
-Ағашта неше тоқылдақ бар? Торғай нешеу? Ұзақ нешеу? Көгершін нешеу? Сауысқан ше?
-Екі тоқылдақ. Бес торғай. Үш ұзақ. Төрт көгершін. Бір сауысқан.
-Жерде неше қарға жүр?
-Үш қарға.
-Мына жердегі көлшікке аққулар, үйректер келіп қоныпты. Айтыңдаршы, аққудың түсі қандай? Үйректің ше? -Аққу ақ. Үйрек қоңыр. -Үйректің мойны қандай? Аққудың ше?
-Үйректің мойны қысқа. Аққудың мойны ұзын.
Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»
Мақсаты: Ұшатындар мен ұшпайтындарды айыра білу.
-Жарайсыңдар! Бізде қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
-Далада ауа-райы қандай?
-Қар еріп жатыр. Күн жылынды. Адамдар жеңіл киінді. Құстар ұшып келіп жатыр.
-Ендеше, маған кім көктем туралы, құстар туралы тақпақтар айтып береді?
Қар еріді, су ақты, Келіп көктем құстары, Күндер туды шуақты. Бау-бақшада ән салды. Байтақ дала келбеті, Оларды жас достары, Түкті кілем сияқты. Ұя жасап қарсы алды.
Қар су болып жөнелді, Шыр-шыр еткен торғайды,
Қалды дала жалаңаш. Қорғамаса болмайды.
Күн нұрына кенелді, Кіп-кішкене торғайлар,
Бүршік атып бар ағаш. Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
-Жарайсыңдар! Біз көктемде Наурыз мейрамын тойладық. Наурыз туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Қарды ерітіп жылғасы, Бата беріп атамыз,
Наурыз келді-жыл басы. Бата беріп апамыз.
Шуақ төкті жарық күн, Тәтті болып жасалған,
Мейрамында халықтың. Наурыз дәмін татамыз.
-Құстар туралы тыйым сөздер айтыңдаршы. -Құстарды атуға болмайды.
-Ұясын бұзуға болмайды.
-Жұмыртқасын жаруға болмайды.
Дидактикалық ойын: «Үй құстары және дала құстары»
Мақсаты:Құстарды ажырата білу. Есте сақтау қабілеттерін байқау.
-Балалар, құстар секілді қанаттарымызды жайып «Құстар биін» билейікші.
-Жарайсыңдар! Біз өткен сабағымызда екі топқа бөлініп, біріміз көктем көрнісін, екінші топ құс ұясын балшықтан жасағанбыз. Бүгін құс ұясын жасаған топ көктем көрнісін жапсыруды аяқтайды. Ал жапсырумен айналысқан топ құс ұясына жұмыртқа жасап салады.
Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп, Торғайларға тастаңдар.
-Енді тілімізді сындырып жаңылтпаш жаттайық.
Бес құс келді,
Үш құс кетті.
Бес құс кетті,
Үш құс келді. ( 3рет)
-Қимылды ойын: «Мысық пен торғайлар»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа баулу.
-Балалар, бүгін біз саябаққа саяхат жасап, ондағы құстармен таныстық. Ойындар ойнап, би биледік. Көктем көрнісін жапсыруды аяқтап, құстың ұясына жұмыртқа салдық. Енді, табиғат туралы, құстар туралы, өзіміз туралы ақ тілектерімізді айтайық.
-Аспанымыз ашық болсын!
-Ауамыз таза болсын!
-Құстар шарықтап ұша берсін!
-Көңіліміз көктемдей жайнасын!
-Деніміз сау болсын!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген