Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Қандай жол белгілерін білесің

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қандай жол белгілерін білесің









































Тәрбиеші: Байшағарова Н.М.









Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы мағлұматтар алу. Көше қиылысы, бағдаршам,жол белгілері туралы білімдерін бекіту, баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар: бағдаршам, жол белгілерінің макеттері

Әдіс тәсілдер: көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын ұйымдастыру.

Қостілділік компонент:Бағдаршам – светафор.Жол белгісі – дорожный знак

Құрметті қонақтар!  Бүгінгі біздің «Жол белгілерін білейік»атты жарысымызда «Болашақ» тобының балаларының арасынан құрылған    «Бағдаршам» және «Жүргізуші» деген топтар қатысқалы отыр. Балаларымызға сәттілік тілеп, жарысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Бүгінгі жарысымыз 5 турдан тұрады:

  1. Топты таныстыру,ұранымен таныстыру.

  2. Сұрақ жауап

  3. Бағдаршам ойыны

  4. Жұмбақтар шешу

  5. Қай топ жылдам ойыны

Бүгінгі жарысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап алайық

1.___________________________________________________

2.___________________________________________________

3.___________________________________________________

Шуақты өміріміз күндей күліп.

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес.

Жол  жүру ережесін білмей тұрып.

Жалғайтын достастырып бар елменен.

Жолдардан  тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Жарысымыз  басталсын сәлемменен.

Жарысымыздың 1 – ші туры таныстыру.

  1. Бағдаршам

Топтың ұраны : Тоқта. Сақтан.Жол ашық.

Жүрме жолға таласып.

 

  1. Жүргізуші

Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік

Аман – есен жүрейік!

Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым,

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы бәріміз сұрақтарға жауап берейік.

 

2 – тур. Сұрақтар.

  1. Бағдаршам дегеніміз не?

  2. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?

  3. Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда кімдерге өтуге рұхсат етіледі?

  4. Жаяу жүргіншілер қандай жолмен жүру керек?

  5. Жүрісті реттеп тұратын адам кім?

  6. Жолдың қай жағымен жүру керек?

Әділқазылар әділ бағамызды берейік!

3 – тур. 

Шуақты өміріміз күндей күліп.

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес.

Жол  жүру ережесін білмей тұрып. –  «Бағдаршам»  ойынын бастаймыз

Алдын ала дайындалған үш түсті көрсетіп, балалардың қаншалықты жинақы екендігін байқап көрелік.

Ойын шарты:

  1. Бағдаршамның жасыл көзін көсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

  2. Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

  3. Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Жарысымыздың келесі 4 – ші туры «Жұмбақтар» шешу.

Екі топқа да жол ережесіне қатысты жұмбақтар беріледі.

  1. Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.                      Бағдаршам.

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.               Жол сақшасы

  1. Арқаным тым ұзын,

Ала – алмайсың біз үзім.               Жол

  1. Сөйлегенді білмейді,

Бірақ «Тоқта, Жүр» дейді             Бағдаршам

  1. Екі аяқты бір ізді,

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді.

Велосипед

  1. Төрт аяғы дөңгелек

Адамсыз ол жүрмейді.            Машина

Көрген дәу қырағы

Көшемізде тұрады.

Ол берген команда

Бағынамыз әрқашан деп «Қай топ жылдам» ойынын ойнайық.

Бұл ойынның шарты  белгілердің  ішінен аталған жол белгісін тауып көрсету.

Әділқазылар өз бағасын береді.

Қай көше қай қалаға барсаңыз да

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен кіші баршамызға

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,сау саламат жүреміз.

Қатысқан балаларға жақсы баға беріп, мақтап мадақтау


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2021
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12