Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қандай көлік түрлерін білесің?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Үстірт орта мектебі» КММ

Күні: 12.01

Мұғалім: Косанова Даригул Бурхановна

Сабақтың тақырыбы

Қандай көлік түрлері бар?

Бағдарламаның бөліміне сілтеме

Менің туған өлкем

Жалпы мақсаты

2.1.4.3. Көліктің түрлерін ажырату және олардың қолданыстағы маңызын білу

2.1.4.4. Қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың ережелерін білу

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:

«Көлік» түсінігінің мағынасын түсіндіреді;

көлік құралдарын түріне қарай жіктеуді үйренеді;

оқулық мәтінінен, суреттерден және видеокөріністерден жаңа ақпаратты саралайды;

қарым-қатынас дағдыларын дамыта отырып, жұптасып және топ ішінде жұмыс істеуде бір-бірімен қарым-қатынас орнатуды үйренеді;

қоғамдық көлікте жүріс-тұрыс ережелерін біледі;

сабақта өздерінің сыныптастарының жетістіктерін біледі;

көліктің даму тарихына қызығушылықты дамытады.

Жетістік өлшемдері

Оқушы мақсатқа қол жеткізеді, егер де:

көрнекі құралдар, оқулықтың мәтіні және оқушы дәптердің негізінде көлік жайлы әңгімелесе;

бұрынғы және қазіргі кездегі көліктің түрлерін салыстыра алса және олардың айырмашылықтарын бөліп ажыратса;

сабақта жұптасып және фронталды жұмысқа белсенді қатысса және ой-пікірін білдірсе.

Оқушы оқытудың мақсатына жетуге тырысады, егер:

«көлік» ұғымын түсіндірсе және олардың түрлерін ажыратса;

көлік түрлерін сипаттаса;

сабақта жұптасып және топтасып жұмыс істесе.

Оқытудың әдістері мен тәсілдері

«Жорамал ағашы», «Иә-жоқ», «Бағдаршам» тәсілдері; жұптасып және топтасып жұмыс істеу, плакаттар сайысы, мәселені шешу

Көрнекі құралдар

Мұғалімге: интерактивті тақта, тақтада (немесе плакатта) ағаштың суреті, ватман, маркерлер.

Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері, түсті қарындаштар, жасыл, сары және қызыл түсті дөңгелек қағаздар.


Сабақтың барысы

Уақыт


Сабақтың

өту

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Айналайын болғандар,

Алға бағыт алғандар.

Сабағымыз басталды,

Кіруге қоңырау соғылды.

Алға қойып мақсатты,

Тілеймін сендерге сәттілік!

Оқушылар мұғалімді сәлемдесіп, қарсы алады.


3 мин

Сабақтың мақсатын қою кезеңі

Мұғалім:

Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ.

Май жейді,

Су ішеді.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көлік қандай болады?»

Бүгінгі сабағымызда біз не туралы білеміз, қалай ойлайсыңдар? («Жорамал ағаш» әдісі).

Тақтада – ағаштың суреті көрсетілген, оның діңінде сабақтың тақырыбы жазылған: «Көлік». Мұғалім ағаштың бұтақтарына сөздердің (дұрыс және дұрыс емес) нұсқаларын жазады және осы пікірлермен барлығының келісетіндіктері туралы сұрақ қояды. Жауаптар көлемі шексіз.

Оқушылардың жауабы:

Көлік.


Оқушылардың болжам-жауаптары:

көлік дегеніміз не?

көлік не үшін қажет?

көлік қандай болады?

көлікте өзін ұстау ережелері;

Жол үстінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек және т.б.

12 мин

Жаңа білімдерді меңгеру кезеңі


Оқулықты ашыңдар.

Мұғалім «Көліктің түрлері» сызбасын оқушылармен бірге талдайды және төмендегідей сұрақтар қояды:

Әуе көлігі қандай болады? Мысалдар келтіріңдер.

Жерүсті көлігі қандай болады? Мысалдар келтіріңдер.

Су көлігі дегеніміз қандай көлік түрі? Мысалдар келтіріңдер.

Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырманы орындаймыз: көлік атауының қасындағы дөңгелек шеңберлерді түрлі түстерге бояп, көлік түрлерін үш топқа бөл.

Оқулықтан өткен және қазіргі кездегі көлік туралы мәтінді оқимыз. Жұптасып жұмысты орындай отырып, мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңдер.

Сергіту жаттығулары: Сөйлеушіге «басалқының» рөлін атқаратын тиісті зат беріледі. Пүліш ойыншық немесе қуыршақ сияқты (әрине, оқушылардың жасына және қызығушылығына байланысты!) басы бар затты (аты осыдан шығады) алуға болады. Болмаса, қалпақты қолдануға болады, сөз кезегі келгенде оқушылар қалпақты киеді.

2. Оқушылар «көлік» бойынша пікірталас жүргізеді. Тек қолында басалқы бар адам ғана сөйлей алады.

3. Оқушыларға отырған ретімен кезекпен сөйлеуге рұқсат бермеуді ұсынамыз. Кей балалар өздерінің кезегі келгенше не айтатыны туралы көп ойланады, сөйтіп, басқалардың не айтып жатқанын тыңдамайды. Оқушылар күйгелектеніп, тіпті жасқаншақтаса, бұл тапсырмадан пайда болмайды. Затты ортаға қоюға болады, сөйлеуші өз сөзін аяқтағаннан кейін оны орнына қояды, осылайша, оны кез-келген басқа оқушы ала алады.

4. Оқушылар, керісінше, сөйлеушіні мұқият тыңдаулары керек, олар өз қалауы бойынша сындарлы түсініктеме бере алады, сөйтіп, өзінің белсенді тыңдау дағдыларын жақсартады.


Оқушылар оқулық мәтінін оқып, «Көлік түрлері» сызбасын қарастырады.

Әуеде қозғалатын ұшақ, тікұшақ және т.б. көлік түрлері.

Жер бетімен қозғалатын автобус, автокөлік, пойызды және т.б. айтамыз.

Суда қозғалатын көлік түрлерін айтамыз: кеме, қайық т.б.

Оқушылар жұмыс дәптеріндегі

1-тапсырманы орындайды.

Оқушылар өткен және қазіргі кезеңнің көлігін салыстырады және айырмашылықтарын ажыратады. Біздің заманымызда бұл көлік түрлерін пайдаланудың мысалдарын келтіреді.

Оқушылар келесідей әрекеттер жасайды:

  • парталарынан тұрып;

  • оң жаққа қарай қозғалып тұрады;

  • сол жаққа қарай қозғалып тұрады; артқа қозғалады;

алдыға бір қадам аттайды;

бастарын ары-бері қозғалтады.


10 мин








Жаңа тақырыпты түсінуді тексеру кезеңі

Мұғалім:

Қоғамдық көліктің кеңінен тараған түрлерінің бірі – автобус.

Автобуста жүріп-тұру ережелерін дайындаңдар.


Ескертпені қолданыңдар:

Автобусқа қалай кіру керек?

Автобуста өзіңді қалай ұстау керек?

Автобустан қалай шығу керек?

Оқушылар топта жұмысты орындай отырып, автобуста жүріп-тұру ережелерін құрайды.


Жұмысты орындауға берілген уақыт біткен соң топтар өздерінің құрастырған ережелерімен сыныпты таныстырады.

13 мин

Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Жұмыс дәптеріндегі 4-тапсырманы орындайық. Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы плакатты ойластырыңдар және оны суреттеңдер. Сынып ішінде плакаттар сайысын өткізіңдер.

Көрсетілім аяқталған соң мұғалім топтармен дайындалған плакаттарды көрсетеді және егер де плакат ұнап жатса, онда жасыл түсті дөңгелек шеңберді көтереді. Өте жақсы плакатты анықтауда оқушыларға ескертеміз:

жасыл дөңгелекті бір рет қана көтеруге болады;

өзіңнің тобың орындаған плакатқа дауыс беруге болмайды.

Оқушылар топ ішінде жұмыс істей отырып, қоғамдық көлікте қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы плакатты безендіреді (көркемдейді) және олардың көрсетілімін жүргізеді.

Оқушылар ең жақсы плакатты таңдайды.


3 мин

Рефлексия

(ой қорыту)

қорытынды шығару

«Жорамал ағашы» тәсіліне қайта ораламыз. Болжамдарының қайсысы айқындалды?

Мұғалім рефлексия нұсқаларының бірін таңдай алады.

1-нұсқа – мәселені шешу.

1) Егер де сен анаңмен автобусқа кіріп, досыңды көрсең, қандай әрекетке көшесің және не айтасың?

2) Сен автобуста отырсың. Аялдамадан жасы келген егде адам кірді. Сенің әрекетің?

3) Сен апаң екеуің троллейбусқа кірдіңдер. Бос орын тек біреу ғана. Сенің әрекетің?

4) Автобус ішінде досың екеуің қатты күліп, сөйлестіңдер. Жолаушылардың біреуі сендерге ескерту жасады. Сенің әрекетің?

5) Саған билет алуға ақшаңды беруің керек, жолаушыларға қалай жүгінесің?

2-нұсқа – «иә-жоқ» ойыны.

1. Жерүсті, су, жолаушылар көлігі болады.

2. Катер, қайық, кеме өзен көлігіне жатады.

3. Бір қаладан екінші қалаға тез жету үшін біз әуе көлігін пайдаланамыз.

4. Жылқы малы – өткеннің көлігі.

5. Көлікте мүгедек және егде адамдарға, кішкентай балаларға орын ұсыну керек.

3-нұсқа.

«Бағдаршам» тәсілі.

Жасыл түс – барлығы түсінікті, сабақ қызықты өтті.

Сары түс – білетінім көп әлі.

Қызыл түс – толық түсінбедім.

Оқушылар «Болжау ағашын» қарастырады және олардың нұсқаларының қайсысы «орындалғандығын» көре отырып, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың жауаптары:

Ақырын ғана досыммен сәлемдесемін;

орнымды егде адамға ұсынамын;

апамды бос орынға отырғызамын;

«өтінемін, кешіріңіздер» деп айтып, досыммен әңгімемді ақырын жалғастырамын.

«Өтінемін, ақшаны билет алуға беріп жіберіңізші», – деп айтамын.

Оқушылардың жауаптары:

1. Жоқ (жолаушылар болмайды, әуе көлігі болады).

2. Жоқ (су көлігіне жатады).

3. Иә .

4. Жоқ (қазіргінің де көлігі).

5. Иә.


Оқушылар жасыл, сары және қызыл түсті дөңгелектерді көтереді. Оқушылар мәтінді толтырады: сабақта ұнаған немесе ұнамаған жағдайлар, түсінбеген сұрақтары туралы жазады.

2 мин

Үй тапсырмасы

«Оқушының дәптеріндегі» 2–3-тапсырма.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
653
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12