жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қаңқаның негізгі бөлімдері
Сабақ №24 Пәні: Биология Сыныбы:8 а Мерзімі: 28.11.2017жыл |
||||
Тақырыбы |
Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері. |
|||
Сілтемелер |
Биология оқулығы. 8-сынып Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбекова, А.Соловьева
|
|||
Мақсаты: |
Білімділік: Тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін арттыру. Дамытушылық: оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, коммуникативтік құзіреттілігін дамыту, қызығушылығын арттыруға, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, өздігінен жұмыс жасай білу қабілетін арттыру Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, жүйелі білім алуға, ұжымшылдыққа, рухани адамгершілікке, бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу |
|||
Міндеттері: |
Қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білу және есте сақтау. Оқушылардың есте сақтау және ойлау, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту. Топ болып жұмыс жасауға және ұйымшылдыққа үйрену. |
|||
Күтілетін нәтиже: |
Сыни –тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушының белсенділігі артады,қызығушылығы оянады,алға қойған мәселені бірлесе отырып шешеді |
|||
Бағалау критерийі: |
Топ басшысының бағалау парағы Өзін-өзі бағалау парағы |
|||
Оқыту әдістері: |
Жаңа әдістер ,СТО стратегиялары, АКТ |
Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс. |
||
Негізгі идея: |
Сыни-тұрғыдан ойлау мәселесі топта талқылап барып шешуге,ойлана отырып жауап беруге жетелейді. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. |
|||
Құрал- жабдықтар |
Интерактивті тақта, таратпа материалдары, 10 тұз қышқылында 2-3 күн сақталған тауық сүйектері, спирті шам |
|||
Кезеңдері |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушы әрекеті:
|
||
Психоло- гиялық ахуалды қалыптас-тыру
|
Сынып оқушыларымен сәлемдесу.Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Сынып оқушылары 1,2,3 сандары арқылы топтарға бөлінеді. Сынып оқушыларына бағалау парақтарын таратып беріп,бағалау жолын түсіндіреді. Оқушыларды
3 қушыларды
4 ы ++++++++++++++++++++
1 топ «Бас қанқасы» 2 топ «Кеуде қуысы» 3 топ «Аяқ-қол сүйектері» |
Оқушылар сандарға байланысты 3 топқа бөлінеді.
|
||
|
||||
Қызығушылықты ояту |
«Сен маған, мен саған» Әрбір топ қарсылас топтарға 3 сұрақтан үй тапсырмасына байланысты қойып ұпай жинақтайды. 2.Сызықтық
диктант ( 5 минут)
Бағалау критерийі. Жауабы: +,-,+,+,-,-,+,+,+,-. 9-10 – «5» 7-8 – «4» 4-6 –«3» 0-3 –«2» Тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір- бірімен буын және шеміршекпен байланысу арқылы сүйектер қанқа түзеді. Сонымен қанқа дененің тірегі.
Кеңістікте қозғала алу қабілетті тірі органиізмнің маңызды қасиетті. Бұл қызметті адам да қанқа және белсенді бөліктерден тұратын тірек қимыл жүйесі атқарады. Қанқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып дене пішінің сақтайды,қорғаныштық және қан түзілу,зат алмасу қызметін атқрадады. Тұлға аяқ қол сүйектері иін тірек болып табылады.Ол арқылы дененің кеңістіктегі қимыл қозғалысы жүзеге асырылады. Бейнефильм «Қаңқа бөлімдері». |
|
||
|
||||
Мағынаны тану
|
Топтық жұмыс. «Тең-теңге» оқыту әдісі І топ. Сілтеме табушылар. 1. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұғымдарды табыңыздар? ІІ топ. Баяндаушы топ 1.Мәтінді оқи отырып, сызба нұсқа, кесте құрастырып және оны баяндап беріңіздер.
ІІІ топ. Ізденуші топ. 1. Оқулықтағы суреттерге талдау жасаңыздар.
ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ. 1. Мәтінді оқи отырып, мәтіннің мағынасын ашатын сұрақтар құрастырыңыз.
1-сурет
2-сурет
|
І топ. Сілтеме табушылар. Сүйекқап. Иілгіштік. Серпімділік. Оссейн заты. Минералды заттар.
ІІ топ. Баяндаушы топ
Органикалық зат
Бейорганикалық
зат О
Ішкі құлақ
Сыртқы
құлақ Оссемукойд Нәруыз Тұздар Колаген І Суреттерге талдау жасайды.(1,2) ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ. |
||
Ой қозғау |
№7 зертханалық жұмыс. Кальцийсіздендірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу
|
Мұғалім: Тауық сүйегін 2 күн бұрын 10% тұз қышқылына салып қойдық. Тек тауық сүйегін, өйткені , ол көлемі жағынан кішірек. Қышқылдар тек бейорганикалық заттарға ғана әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар органикалық заттарға да әсер етеді, сондықтан біз тұз қышқылын алдық. Тұз қышқылы сүйек ұлпасындағы органикалық заттарға минималды әсер ете алады. Ыдыс ішідегі с 10% тұз қышқылындағы сүйекті аламыз. Сүйек бетіндегі тұз қышқылының қалдықтарын фильтрлі қағазбен сүртіп тастаймыз. Сонымен оның қасиеттерін қарастырайық. Сүйек барлық жаққа иіле алады. Бұл эксперименттен нені ұға аламыз? Оқушылар: Органикалық заттар сүйекке иілгіштік және серпімділік қасиет бере алады. Мұғалім: Ал ендігі кезекте сүйек құрамындағы органикалық заттардан арылып көрелік. Оқушылар: Ол үшін сүйекті жағу керек Мұғалім: Ия, өйткені органикалық заттар өте жақсы жанады. Ол үшін сүйекті отта біраз уақыт ұстап, органикалық заттардың жанып кетуін күтуіміз керек. Оқушылар: Сүйектің жанғандығын ,оның жағымсыз иісінен білуге болады. Сүйек толық жанғанда қатқыл затқа айналады, яғни сүйек құрамындағы органикалық заттар толығымен жанып кетті. Мұғалім: Ал енді жанған сүйекті зерттейік. Оқушылар: Ол қатты, дегенмен өте жұқа. Күш түскенде ол уатылып кетеді. Бұл зерттеу арқылы сүйектің құрамындағы органикалық заттар сүйекке иілгіштік қасиет беретіндігін анықтадық. Иілгіштік және қаттылық сүйекке мықтылық қасиет береді.
|
||
|
||||
Бағалау
|
Жеке критериалды бағалау парағындағы бағалауына сипаттама беруді ұсынады. Топ басшыларының бағалауына сөз береді. Соңында мұғалім тарапынан формативті бағалау жүргізіледі.
|
Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы мен мұғалімнің бағалауының қорытындысын күнделікке баға ретінде қойдыру
|
||
|
||||
Рефлексия
|
|
|
||
|
||||
Үйге тапсырма
|
Өз бетінше сүйек аурулары туралы хабарлама дайындап келу |
Үй тапсырмасын оқушылар күнделіктеріне жазып алады,күнделіктеріне баға қойғызады. |
||
3.Семантикалық карта (5 минут)
Сүйектер |
Орналасуына қарай |
Құрылысына қарай |
Байланысуы |
||||||
Бас |
Тұлға |
Қол Аяқ |
Ұзын |
Қысқа |
Жалпақ |
Қозғалмайтын |
Қозғалмалы |
Жартылай қозғалатын |
|
Маңдай |
+ |
|
|
|
|
+ |
+ |
|
|
Омыртқа |
|
+ |
|
|
+ |
|
|
|
+ |
Жамбас |
|
|
+ |
|
|
+ |
+ |
|
|
Тоқпан жілік |
|
|
+ |
+ |
|
|
|
+ |
|
Қабырға |
|
+ |
|
|
|
+ |
|
|
+ |
Ортан жілік |
|
|
+ |
+ |
|
|
|
+ |
|
Баға: 16-18 – “5” 13-15 –”4” 9-12 – “3”
4.Физминутка (1-2 минут)
5.Сандар нені білдіреді? (4-5 минут)
1 топ: 33-34, 50%, 230,18-20.
2 топ: 7, 12,5%, 200, 20-25.
3 топ: 4-5, 21,8%, 25, 15,7%.
Жауаптар:
1 топ: 33-34 адамда болатын омыртқалардың саны, 50% - сүйектің құрамындағы су мөлшері, 230- адам денесінде болатын буындар саны,18-20 - иілімдер толық қалыптасатын адамның жасы.
2 топ: 7 –мойын омыртқалар саны , 12,5%- сүйектің құрамында нәруыз тектес органикалық заттың мөлшері, 200- қаңқада болатын сүйектер саны, 20-25 - қаңқаның толық сүйектенуінің жасы.
3 топ: 4-5 – құйымшақ омыртқалар саны, 21,8% -сүйектің құрамындағы минералды заттардың мөлшері, адам 25 жасқа дейін өседі, 15,7% – сүйектің құрамындағы майдың мөлшері.
6.Адам қаңқасын құрастыру ( 5минут)
ІІІ.Рефлексия (2-3 минут)
- Айтыңдаршы , сабақта сендерге не қызық болды,не ұнады?
Не қиын болды?
Талқылау жүргізіледі.
Әсерлерін жазады.
ІV.Бағалау (2-3 минут)
V.Үй жұмысы §22-25 оқу, мазмұндау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген