Қаңтар айы Ересек тобы Технологиялық карталар жиынтығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаңтар айы Ересек тобы Технологиялық карталар жиынтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек тобына арналған оқу жоспарлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Қош келдің жаңа жыл.

Білім беру облысы: Таным

Бөлім : Жаратылыстану

Тақырыбы : Қыстап қалатын құстар немен қоректенеді?

Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: Қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру; заттарды салыстырғанда талдау қабілеттерін дамыту; Тірі нысандарға адамгершілік қарым-қатынас жасауға тəрбиелеу

Міндеттері: құстардың қыстағы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Қарапайым ғылыми түсініктерін дамыту;. Тірі нысандарға адамгершілік қарым-қатынас жасауға тəрбиелеу

Сөздік жұмысы: қыстап қалатын құстар, жемсауыт

Билингвальді компонент: жемсауыт – кормушка

Полилингвальді компонент: жемсауыт – кормушка – seed-dray

Құрал-жабдықтар: əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар, «Қыстап қалатын құстар» тақырыбына салынған суреттер, құсқа жем салатын жемсауыт, құстарға арналған жем.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Тәрбиеші тақпақтың көмегімен сабаққа қолайлы эмоционалдық жағдай қалыптастырады. Өлеңде қандай құстар туралы айтылған? Сендер қандай құстарды

Білесіңдер?


Балалар сұрақтарға жауап береді



Негізгі бөлім

Əліппе-дəптердегі табиғат күнтізбесіне ауа райын белгілеуге шақырады. Əліппе-дəптердегі тапсырманы пайдалана отырып, балалардың тану үдерісіне деген қызығушылықтарын арттырады: Суреттермен мұқият танысып, құстардың атауларын атауды ұсынады. Біз өлкемізде қыстап қалатын құстарды қалай атаймыз? Көктемде біздің өлкеге ұшып келетін құстарды қалай атайды? Қыстап қалатын құстар біздің өлкеде қалады, ал, жыл құстары неге қала алмайды? Балаларды əңгімеге тартады. Құстардың бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? Құстарға қауырсын не үшін қажет? Талқылауға Қуаныш пен Айсұлу да қатысады. Қыстардың қыстағы тіршілігі жайлы əңгімелесу. Қыста, көктемде құстарға қалай көмектесуге болады? Құстар үшін қыстың қай айы өте ауыр

Сергіту сəті «Жұлдызды жарылыс» техникасы. Бұл əдіс креативті ойлау қабілеттерін шыңдауға, балалардың бойын сергітуге көмектеседі. Ол тапсырмаларды шешуге арналған сұрақтар қалыптастыруға негізделген жəне балаларды жаңалықтар ашуға, өздері айтқан идеялар арасындағы байланыстарды көре білуге үйретеді. Қосымша мəлімет.



Ауа райын белгілейді


Құстарды атауға тырысады



Сұрақтарға жауап береді








Сергіту жаттығуын орындайды.



Қорытынды бөлім

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды, балаларды ынталандырады. «Ертегі ағаш» рефлексиясына қатысуға шақырады.

Мұқият тыңдайды. Алған əсерлерімен бөліседі. Сабақ соңында балалар ағашқа гүлдер, жапырақтар мен жемістер жапсырады: Жемістар – сабақ жақсы, пайдалы болды; Гүл – сабақ жаман емес; Жапырақтар – қызықсыз болды.



Күтілетін нәтижелер:

Жаңғыртады: өз өлкесінде қыстап қалатын құстарды атап бере алады.

Түсінеді: құстардың қыстағы тіршілігін түсінеді.

Қолданады: зерттеушілік дағдысын, топпен бірігіп жұмыс істеу, құстарға қамқорлық жасау қабілеттерін пайдаланады.




























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Таным

Бөлім : Жаратылыстану

Тақырыбы : Қыста егіс алқаптарында неліктен қар тоқтатады?

Мақсаты: Судың: қатты, сұйық жəне газ тəріздес үш түрлі күйі туралы түсінік қалыптастыру

Міндеттері: Су туралы түсініктерін арттыру; Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру; Зерттеушілік мінез-құлық мəдениетіне тәрбиелеу;

Міндеттері: судың: қатты, сұйық жəне газ тəріздес үш түрлі күйі туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың бойында қарапайым ғылыми білім қалыптастыру. Зерттеушілік мінез-құлық мəдениетіне тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: судың күйі,мұз, бу.

Билингвальді компонент: қар – снег

Полилингвальді компонент: қар – снег – snow

Құрал-жабдықтар: қар, мұз, тəжірибе жасауға қажетті құралдар, «Қыс» тақырыбындағы суреттер, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: Көптілділік: қар – снег – snow

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Тәрбиеші «БОЛАДЫ – БОЛМАЙДЫ» ойынының (доппен) көмегімен алдағы сабаққа қолайлы эмоционалдық жағдай жасайды. Мақсаты: Балалардың есте сақтау, ойлау, тез əрекет ету қабілеттерін шыңдау

Тәрбиеші бір сөз тіркесін айтып, допты лақтырады. Ал бала допты қағып алып: жазда қырау (болмайды); қыста қар (болады); жазда аяз (болмайды); жазда тамшы (болады) деген сияқты жауаптар беруі тиіс.



Негізгі бөлім

Дəптердегі табиғат күнтізбесіне ауа райын белгілеуді сұрайды. Жұмбақтардың жауабын табуға шақырады

1.Жылт-жылт етеді Жылғалардан өтеді. (СУ) Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады. (Мұз) Көзге көрінгенмен, Ұстасақ қолға тимейді. (Бу)

Əліппе-дəптердегі тапсырманы пайдалана отырып, балалардың тану үдерісіне деген қызығушылықтарын арттырады: ойланып көрші, неге біз қарды ақ көрпе деп атаймыз? Қалың қардың астында аяздан кімдер қорықпайды? Қардың көмегі тиетін жануарларды атап берші. Педагог мынадай мəселені шешуге шақырады: қар жануарларға керек пе əлде, ол керісінше, кедергі келтіре ме? Талқылауға Қуаныш пен Айсұлу да қатысады. Көптілділік: қар – снег – snow

Сергіту сəті

Орнымыздан тұрайық, Белімізді жазайық. Жоғары-төмен қарайық, Солға-солға түзу тұр. Оңға-оңға түзу тұр, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым Бойымызға күш жинап, Бір дем алайық.

Балаларды тəжірибеалдық жұмысқа тарту арқылы балалардың тану үдерісіне деген қызығушылықтарын арттырады: қар дегеніміз не? Балалардан судың қандай күйін білетінін сұрайды. Балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. «Жақсы-жаман» ойынын ойнауға болады.

«Мен қандай пайда əкелемін?» атты дидактикалық ойын ұйымдастырады: тәрбиеші балаларға нысанның суреті бейнеленген карточканы көрсетеді. Дұрыс жауап бергендерге фишка беріледі



Балалар ауа райын белгілейді


Жұмбақтардың жауабын шешеді





Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын білдіреді











Сөздерді қайталайды





Сергіту сәтін жасайды














Балалар дидактикалық ойынды қызыға ойнайды






Қорытынды бөлім

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды, балаларды ынталандырады. «Көңіл күй шыршасы» рефлексиясына қатысуға шақырады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Алған əсерлерімен бөліседі. Балаларға қағаздан кесілген шарлар (шырша ойыншығы) беріледі. Оған балалар өздерінің көңіл күйін бейнелеп, шыршаға іледі.



Күтілетін нәтижелер:

Жаңғыртады: қыстың белгілерін атап бере алады.

Түсінеді:судың: сұйық, қатты, газ тəріздес күйін түсінеді.

Қолданады:тəжірибе барысында зерттеушілік қабілеттерін көрсете алады












Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі.

Білім беру облысы: Шығармашылық

Бөлім : Сурет салу

Тақырыбы : Қыстағы жапырақсыз ағаш

Мақсаты: Ағаштарды түрлі техникамен бейнелеуге үйрету;

Міндеттері: Ағашты бейнелеу барысында өзіне тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету; Балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту; Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Міндеттері: Балаларды суреттерінде туған жердің қысқы табиғатын әсерлі етіп көрсете алуға, реңкті беруге үйрету; балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: қыстағы жапырақсыз ағаш

Полилингвальді компонент: Қыс-зима- winter, ағаш- дерево –tree

Құрал-жабдықтар: сурет салуға керекті құрал-жабдықтар. Қыстағы жапырақсыз ағаш бейнесі.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері: Қайта-қайта қар жауады, Қыс келгеннің белгісі. Дала кезіп зар қағады, Көбейген-ау жел күші.

Балалар шеңбер бойында тұрып, педагогтің іс-қимылын қайталап орындайды.



Негізгі бөлім

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Біз қандай белгілірге қарап қыстың келгенін байқаймыз?

  • Қыста ағаштардың күйі қандай болады?

  • Мына суретте не көріп турсыңдар?

  • Айнала неге оранған?

  • Балалар, қыстағы ағаштардың күйі осындай. Жапырақтары түсіп, бұтақтары ғана қалады. Қар жауғанда қардан тон киеді.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі.

-Баларалар, бой сергітіп алдық, енді қыстағы жапырақсыз ағашты қағаз бетіне түсіріп көрейік. ( салу жолдарытусіндіріледі. Тәрбиеші ағаштардың түрлері туралы сұрайды. Аққайың ағашының ерекшелігін атап өтеді).

Балалар сұрақтарға жауап береді



















Қимылмен көрсетеді



Сурет салады



-ағаштың діні ұзынша, төменгі бөлігі жуандау, жоғарыға қарай жіңішкере бастайды. Бұтақтары ағашқа көлденең және ұштары жоғарыдан төмен қарай иіліп тұрады.

Қолдарымен ауада сызып көрсетеді немесе үлгі суретті, демонстрациялық материалды талдау арқылы түсіндіріледі. Балалар сурет салуға кіріседі, олардың жұмысына педагог бақылау мен басшылық жасайды.





Жұмыстарын аяқтайды

Қорытынды бөлім

Балардың салған суреттерін тақтаға іліп, қорытындылайды. Балалардың жұмысын талдап, әңгімесін тыңдап, бағалайды.

Балалар өз жұмыстары туралы айтып береді.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:қыс мезгілінің ерекшелігін,жан-жануарлардың өзгерістерін

Түсінеді:жыл мезгілінің ерекшелігін анықтайды

Қолданады: талғаммен жұмыс жасау


































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Шығармашылық

Бөлім : Сурет салу

Тақырыбы : Ақшақардың достары ит пен мысық

Мақсаты: Ит пен мысықтың суретін сипаттық ерекшеліктерін сақтай отырып бейнелеу

Міндеттері: Акварель бояуды пайдаланып, ит пен мысықтың суретін салуға үйрету; өздері салған суретті қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту; ұқыпты, таза жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Міндеттері: Ақшақардың достары ит пен мысықты натураға қарап бейнелеуге үйрету; Бояудың түсін таңдай білуін, қиялын дамыту; талғампаздыққа тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: Ақшақар, ит, мысық

Полилингвальді компонент: ақшақар –снегурочка- snow maiden

Құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптері.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Тәрбиеші балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтайды.

Қардың қандай екенін сұрайды.

Қарды ұстап көреді. Еритінін, суға айналатынын, мұз болатынын анықтайды.

Ол қар. Ақ, мұз түстес болып келеді.



Негізгі бөлім

Жұмбақ жасыру

Аппақ-аппақ көбелек,

Жерге қонар көлбеңдеп.

Ақ жұлдызша себелеп,

Ұстатпайды, не керек?

Тәрбиеші балалардың көңілін жауып тұрған қарға аудартады.

Сергіту сәті

Әппақ, әппақ, жапалақтап,

Қар жауып тұр далада.

Әппақ дала, барлық бала,

Қуанып жүр далада.

-Қазір барлығымыз суретшіге айналып, қылқаламының ұшымен әлемі ақ қардың суретін бейнелейміз. Ең бірінші әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз. Ол үшін сызықтарды анық басып салуымыз керек. Қарды салғанда солдан оңға қарай сызық, оңнан солға қарай сызық салу қажет. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз.

Ит пен мысық



-Қар


Өлең жолдарына сай қимыл жасайды.


Әр бала сурет салу үшін бояуардың ішінен суық түстерді таңдап алады.


Қылқаламды әртүрлі күш сала қатты, ақырын басып, жуан, жіңішке із түсіреді.



Қорытынды бөлім

Тәрбиеші балалрдан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды.

- Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар, Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз.

Балалар өздері салған суреттер жайлы әңгімелейді.






Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Ақшақардың достарын қардың ерекшеліктері жайында қарапйым түсініктерді.

Түсінеді: геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуді.

Қолданады:қардың суретін салуды.


















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы : "Л", "р" дыбыстары. "Ақсақ құлан аңызы"

Мақсаты: Аңыз мазмұнымен таныстыру;

Міндеттері: Аңызды тыңдай отырып, мазмұнын түсінуге үйрету; әңгімеге араласып қызығушылығы мен зейінін дамыту; хайуанаттарға қастық жасамауға тәрбиелеу.

Міндеттері: «Ақсақ құлан» аңызының мазмұнын түсіндіру; «р», «л» дыбыстарымен таныстыру; балалардың тілдік қорларын байыту; аңшылық туралы ұғымдарын кеңейту; хайуанаттарға қастық жасамауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: құлан, әңгі.

Полилингвальді компонент: жабайы- дикий - wild ,аңшы –охотник - hunter.

Құрал-жабдықтар: жылқы тектес жануарлардың суреттері, қол айна, жұмыс дәптері.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Тәрбиеші жылқы тектес жануарлардың суреттерін ( жылқы, есек, алақұлан, пони, құлын) іледі. Әр суретке тоқталып түсінік береді. Құланда жылқы тектес жануар екнін кеңінен айтыр түсіндіріп береді


Үлгі суретке назар аударып қарап отырады.




Негізгі бөлім

балалар құлан жылқы тектес жануар.

-сендер жылқыны білесіңдерме?

-Құланныңда жылқы сияқты жалы бар, бірақ ол жабайы жануар. Ертеде құланды да аң сяқты аулап етін жеген.

Қазір мен сендерге «Ақсақ құлан » аңызын оқып берейін сендер тыңдап отырыңдар.

«айызды оқиды»

Сендерге ақсақ құлан аңызы ұнадыма?

-аңызда не туралы айтылған?

Балалардан аңыздың мазмұнын сұрап талдайды.


Полилингвальді компонент: жабайы- дикий - wild ,аңшы –охотник - hunter

Иа жылқыны білеміз, атты көлік ретінде мінеді, еті тамақ.


Қызығып тыңдауға әректтенеді.


Иә

Жараланған құлан жайында.


Балалар өздерінің түсінгедерін айтады.



Өлеңнің мазмұнымен қимылдар жасайды.






Тәрбиешіні тыңдап.




Сөздерді буынға бөліп айтқызады.





Әр жануардың төлдерін шақырады.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.



Сергіту сәті:

Мініп алып сабауға,

Асыр салып ,жүр інім.

Достары тұр маңайда,

Қызық көріп қылығын.

Жақын келген баланы,

Қағып –соғып кетеді,

Арықтардан алдағы,

Қарғып-қарғып өтеді.

Тәрбиеші баларды жаңа дыбыстармен тансытырады.

-Балалар «л», «р» дыбыстарының дұрыс айтылуын түсіндірді.

Бірге айтып қайталайық,

Ла-ла-ла-лақ,

Лә-лә-лә- Ләззат,

Да-да-да-дала,

До-до-до-Долана.

«Р» дыбысын буын ішінде кездестіру.

Ра-ра-ра-Рабиға,

Ар-ар-ар-Жанар,

Та-рақ,

Дом-бы-ра.

Shape1

Дидактикалық оыйн:

Төлді қалай шақырады. Әр жануарды шақыру дыбысын салады.

Дәптермен жұмыс.


Қорытынды бөлім

Балалар біз қандай аңызбен таныстық?


Қандай жаңа дыбыстармен таныстыңдар?


Сендер қандай үй жануарларының дыбысын салдыңдар?

-Ақсақ құлан аңызымен.

-«Р», «л» дыбыстарымен


-бұзау, қозы, лақ, бота, құлын.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Қойылған сұрақтарға жауап береді, төлдердің даусын салуға арналған тапсырмалады орындауға.

Түсінеді: аңыздың мазмұнын, құланның қандай екенін, оларға жаманжық жасауға болмайтынын.

Қолданады: Сөздерді буынға бөле білу дағдылары

























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы : "Түлкі мен қоян" орыс халық ертегісі

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру

Міндеттері: Ертегі айтып беруге үйрету; Зат есімдерді жекеше көпше түрде қолдана білу дағдыларын дамыту; балаларды батылдыққа , өжеттілікке тәрбиелеу;

Міндеттері: Балаларды ертегі мазмұнын айтуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету; Ауыз екі сөйлеуін дамыту; балаларды батылдыққа , өжеттілікке тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: Айлакер

Полилингвальді компонент: түлкі- лиса - fox, қоян-заяц - hare , қасқыр-волк - wolf .

Құрал-жабдықтар: үлгі срет, жұмыс дәптері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педогог жұмбақ жасырады:

Қырда жүрер ол жортып,

Іні де жоқ бармайтын.

Құйрығмен бұлаңдап,

Қандай аң ол алдайтын?


Көзі тосақ, өзі қорқақ.

-Дұрыс айтасыңдар түлкі айлакер аң, ал қоян қорқақ аң


Балалар жұмбақты тыңдап жауабын айтады.


-Түлкі


-Қоян




-Балалар түлкіні жыртқыш аң десек, ал қоян жыртқыш аң емес.

-Қоян өте қорқақ аң, қоянды үйде асырауға болады.

Қазір «қоямен түлкі » туалы орыс халқының ертегісі мен таныс боламыз.

Педогог мәнерлеп оқиды.

Педогог:

Ертегі сендерге ұнадыма?

-Ертегіде нелер туралы айтылған?

-Ерте заманда түлкінің құйрығы қандай болыпты?

Ертеіні талдайды, мазмұнын түсіндіреді.

Полилингвальді компонент: түлкі- лиса - fox, қоян-заяц - hare , қасқыр-волк - wolf .

Д/О: көпше түрде айтайық

Қоян -

Қасқыр -

Түлкі -

Балалар педогогқа назарларын аударады.


Ертегіні тыңдайдй.


иә.

Түлкі мен қоян жайында.

Кішкентай болыпты.

Сөздерді қайталайды.



Көпше т үрлерін айтады.




Негізгі бөлім





























































Сергіту сәті:

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлерден,

Ытқып , ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қйығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап.

Көжегі екен өзінің.

«Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Балаларды тақтаға шығарып дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратқызу.

Shape2

Буынды жалғастыр дидактикалық ойын.

Ойын шарты: педогог аң аттарының бірінші буынын ғана айтады, балалар соңғы буынын тауып толықтырып айтады.


Өлең мазмұны мен қймылдар жасайды.






Дыбыстық талдау жасайды.



Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.





Қорытынды бөлім





Балалар біз бүгін қандай ерт егімен таныстық?

Қандай сөзге дыбыстық талдау жасадыңдар?

Қандай дидактикалық ойын ойнадыңдар?



Түлкі мен қоя ертегісімен танысқанын.

Түлкі сөзіне дыбыстық талдау жасағанын.

Буынды жалғастырып ойын ойнағанын.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: сөзге дыбыстық талдау жасауға, буынды жалғастырып толықтырып айтуға.

Түсінеді: ертегң мазмұнын

Қолданады.: тулкінің құйрығын тауып үзік сызықтарды қоса білуді






















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Шығармашылық

Бөлім : Аппликация

Тақырыбы : Шыршаны әшекейлеу

Мақсаты: Сәндеу техникасы бойынша шыршаны әшекейлеу

Міндеттері: Балаларға сәндеу техникасы арқылы қиып жапсыруға үйрету; қайшыны дұрыс ұстауларын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: Алдымен шыршаны қағаз бетіне жапсырып, кейін шыршаны безендіріп ойыншықтарын жапсыруды үйрету. қайшыны дұрыс ұстау,затты ұқыпты қиюға жетілдіру,қағазды бүктеу,жазу арқылы саусақтарды әртүрлі ұсақ қимылдарын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: шырша.

Билингвальді компонент: шырша -елка

Полилингвальді компонент: шырша -елка - Christmas tree

Құрал-жабдықтар: қыс мезгілінің суреті, шыршаның суреттері, үлгі сурет

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім






Shape3

Негізгі бөлім














































Shape4

Қорытынды бөлім


Шаттық шеңбер жасау:

Мысалы: Армысың асыл күн !

Армысың асыл жыл ,

Армысың көк аспан !

Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос ,

Болайықшы жақсы дос .



Балаларға жұмбақ жасыру.

Мысалы: Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. /шырша/

Билингвальді компонент: шырша -елка

Полилингвальді компонент: шырша -елка - Christmas tree

Шырша туралы әңгімелеу.

-Оның түсі қандай болады?

-Үсті толған не?

-Шыршалар қайда өседі?

-Шыршаны адамдар қай кезде қояды?

-Немен оны безендіреді?

Балалардың жауаптары тыңдатылады.

Балаларға жаңа тақырыпты хабарлау.

-Бүгін жапсырма сабағында біз сендермен шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіріп,қағаз бетіне жапсыруды үйренеміз.

Көрсету:Шыршаның суреті мен үлгі суретін балаларға көрсету;

Түсіндіру:Шыршаны қалай қағаздан қию керек екенін және ойыншықтармен қалай безендіретін балаларға түсіндіру:

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Шыршадай шайқалып,

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз,

Бойымызды еркін ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Д\о: «Қыс мезгілінің еркешелігін айт!»

Ойынның мақсаты: қай бала көбірек қыз мезгілінің ерекшелігін көбірек айтса, сол бала жеңімпаз болады.


Сабақты қорытындылау.

  • Сонымен балалар біз бүгін нені жапсырдық?

  • Балалар шыршаны немен безендірдік?

  • Шырша неше бөліктерден тұрады?Балаларды бағалау.

Өлең шумағын қайталайды.








Жұмбақты шешеді.


Балалар сұрақтарға жауап береді.






















сергіту сәтін жасайды.






Қыс мезгілінің ерекшелігін айтады.



Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Шыршаның қайда өсетінін білуі;

Түсінеді: Шыршаны қағаздан қию тәсілін игерілуі;

Қолданады :Жаңа жыл шыршасына ойыншықтар іліп безендіруді меңгерілуі;























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Шығармашылық

Бөлім : Аппликация

Тақырыбы : Түлкі

Мақсаты: Үшбұрыштарды және сопақша пішіндерді қиюды үйрету

Міндеттері: Ү ш б ұ ры ш т а р д ы және сопақша пішіндерді қиюды үйрету; бұрыңғы оқу іс-әрекеттерінде қолданған әдіс- тәсілдерін өз еріктерімен үйлестіре білуге үйретуді жаластыру; қайшыны қолдану іскерліктерін бекіту; ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын дамыту; ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу

Сөздік жұмысы: айлакер

Полилингвальді компонент: түлкі - лиса - fox

Құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, аңдардың суреттері, орман көріністері, ойыншық түлкі, қайшы, желім, қолорамал.

Іс-әрекет

Кезең

дері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Оқу іс-әрекеті Бауырсақ ертегісінен

басталады.

Балалар, бұл қай ертегі

Тәрбиеші жабайы аңдардың суреттерін

(аю, түлкі, қоян, қасқыр т.б.) көрсетіп, балалармен олардың

тіршілігі, мекені, қорегі туралы

әңгімелейді.

Ойыншық түлкіні балаларға көрсетіп:

Қараңдаршы, мынау - түлкі. Ал түлкінің баласын «жәутік» деп атай- ды.

Оны естеріңде сақтаңдар.

түсі қандай?

Құйрығы ңандай?

Жақсы, балалар, ертегідегі түлкі мен бауырсақтың кездесуін еске түсірейік. Ешкімге алданбаған бауырсақ түлкіге қалай алданды?

Бүгін біз осы түлкінің бейнесін қиып жапсыруды үйренеміз.

Полилингвальді компонент: түлкі - лиса - fox




Балалар «жәутік» ден қайталайды.

Сары, жирен.

Ұзын, үлшлдек, әдемі.

Өйткені түдкі қу, айлакер.

Балалар түлкі- лиса, орман — лес сөздерін қайталайды. Балалар қайшының қолданудағы сақтық шараларын естеріне түсіреді



Негізгі бөлім

Шаршыны кесу сызығы арқылы екі бөлікке бөлеміз. Үлкен үшбүрыш - денесі. Кішкентай үшбүрыштардың біреуі - басы, жоғарыдағы екеуі - қүлағы.

Сопақша — қүйрығы.

Сергіту сәті. «Көлеңке» қимылды ойыны.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Түлкі қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

- Ал, балалар, біраз сергіп алдық, енді жүмысымызды жалғастырайық. Түлкінің қалған бөліктерін қиып алайық.

Қиып дайындаған бөліктерді 22-беттегі 8.1 үлгіге жапсыру тапсырылады.


Балалар мүқият тыңдайды.

23-беттегі 8.2-үлгімен жұмыс жасайды. Түлкінің дене бөліктерін қияды.

Бірі - түлкі, екіншісі көлеңке болып түлкінің жүріс-тұрысын қайталайды.

Түлкінің көзін, тұмсығын, тілін, тағы басқа да бөліктерін қиып алады.

Балалар түлкінің дене бөліктерін ретімен жапсырады.

Екі бала



Қорытынды бөлім

Тәрбиеші балалардың жұмысын мадақтап, оқу іс- әрекетін қорытындылай келе Е. Өтетілеуұлының “Түлкі” өлеңінің мәтінін таратып береді.

Балалар өлең жолдарын бір рет қайталайды.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады ұшбұрыштарды құрастырып түлкіні жапсыруды.

Түсінеді:түлкінің баласын»жәутік» деп айтатынын.

Қолданады:жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін



























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы: Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Таным

Бөлім : Құрастыру

Тақырыбы : Орманға саяхат.

Мақсаты: Әр түрлі бейнелерді құрастыра білуге үйрету;

Міндеттері: Білімділік: : сіріңке шырпыларынан алуан түрлі бейнелерді құрастыруға үйрету;

Дамытушылық : бейнелерді құрастыру арқылы балалардың ой қиялын дамыту

Тәрбиелік : бірлесіп еңбек ете білуге, өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Міндеттері: Білімділік: қалдық материалдарды мақсатты пайдалана білуін жетілдіру;

Дамытушылық : дербес әрекет етуге баулу, есте сақтау арқылы түрлі бейнелер жасай білуге дағдыландыру, саусақ, қол бұлшық еттерін дамыту

Тәрбиелік : бірлесіп еңбек ете білуге, өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: орман тұрғындары, аң патшасы.

Полилингвальді компонент: орман-лес- forest, аң патшасы- король зверей -king of beasts

Құрал-жабдықтар: суреттер, сіріңке шырпылары.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Ынталандыру

  • Балалар, қане кім бастайды?

  • Аңдардың ішіндегі ең үлкені қайсысы?

  • Аңдардың патшасы қандай аң?

  • Аюдың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Қоян, тиін қандай аңдар?

  • Жуас, момын, қорқақ аңды атаңдаршы.

Ол тауықты, балықты жақсы көреді. Өзі қу, айлакер.

Піл

Арыстан

Ақ, қара, қоңыр аюлар бар.

Тиін, қоян.

Түлкі.



Негізгі бөлім

Жақсы балалар бұлардың барлығы орман тұрғындары екен, кендер тағы қандай орман тұрғындарын білесіңдер? Орманда не өседі?

Балаларға орманға саяхатқа барғандарын еске түсіру, онда не көргенін әңгімелету.

Үлгіні көрсетіп, талдау жасау, өздері осындағы бейнелердің қайсысын жасағысы келетінін сұрау.

Сіріңке шырпылары арқылы алуан түрлі бейнелер жасау ұсынылады, педагог өзі бір үлгіні жасап көрсетеді.

әShape5 р баланың алдында көп шырпылар болады. Олар өздері қалаған денелерді құрастырады. Балалардың өздігінен ойланып басқа заттарды жасауына да мүмкіндік береді.

Д/о: Аңдар

М: Аңдарды ажыратып атай білуге үйрету

Балалардың жауабы. Балалар орман тұрғындарын әңгімелеп отырып, сіріңке шырпыларынан ақ қағаздың бетіне орман тұрғындарын құрастырады. Орманда көргендері жайлы айтып, саңырауқұлақ, шыршаларды құрастырады. Балалар өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасайды. Көбелектер, инелік, ағаштардың түрлерә бейнелер құрастырады.

Балалар ойынға араласады.



Қорытынды бөлім

Жасалынған жұмыстар мадақталып, сабақ қорытындылады, әр жасалынған затқа педагог бір жұлдызшадан береді.

Әр бала қанша зат құрастырғаны жайлы айтады, өз жұмыстары жайында әңгімелеп береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:сіріңке шырпыларынан алуан түрлі бейнелер жасай білудің жолдарын үйренеді.

Игереді:сіріңке шырпыларынан жасалған заттарды сиапттап айта білуді игереді.

Меңгереді:сіріңке шырпыларынан алуан түрлі бейнелер жасай білуге дағдыланады.






































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы: Ересек "Ә"

Білім беру облысы: Таным

Бөлім : Құрастыру

Тақырыбы : Аққу.

Мақсаты: табиғи материалдармен жұмыс жасай білуге үйрету;

Міндеттері: Білімділік: балаларды жаңа табиғи материал түрі, ұлу қауашақтарымен таныстыру

Дамытушылық : балалардың эстетикалық талғамын дамыту,

Тәрбиелік : Олардың, ұқыпты жұмыс жасай білуін және құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері: Білімділік: жаңа табиғи материал ерекшелігі мен пішіні, көлемі, түсімен және онымен жұмыс жасау әдістерімен таныстыру

Дамытушылық : балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік : Олардың, ұқыпты жұмыс жасай білуін және құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Полилингвальді компонент: аққу - лебедь -swan

Құрал-жабдықтар: ұлу қауашақтарының әр түрлері, әр көлемде, ермексаз, картон қағаздан немесе өажетсіз заттардан тұғыр жасау, көзін жасауға арналған дәндер, сүрткіш, Сөздік жұмыс:ұлу қауашақтары, Қызыл кітап.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Тәрбиеші балаларға Каспий теңізі туралы бейнетаспа немесе сурет көрсетіп әңгімелейді. Теңіздегі құстар туралы айтып, оның ішінде ең әдемі құс аққу туралы әңгімелеп береді. Аққу Қазақстанның Қызы кітабына енгендігін түсіндіреді. Қазақстанның әсем табиғатын, жан-жануарларын, құстары мен ағдарын қорғауға, қамқорлық жасауға көңіл бөлінетінін айтады. Біз бүгін Каспий теңізінде кездесетін ұлу қауашақтарымен, жаңа табиғи материалмен танысып, одан аққудың бейнесін жасайтынын хабарлайды.


Билингвальді компонент: аққу - лебедь

Полилингвальді компонент: аққу - лебедь -swan


Балалар әңгімеге қатысып, Каспий теңізі және ондағы құстар жайында өздері көргендерін айтып береді. Балалардың ұлу қауашақтарымен жұмыс эжасауға қызығушылықтары арта түседі.

Балалар қайталап естеріне сақтап алады.



Негізгі бөлім

Тәрбиеші балаларға әртүрлі көлемдегі пішіндегі ұлу қауашақтарын және одан жасалған әртүрлі заттарды көрсетеді. Енді осы ұлу қауашақтарынан әдемі аққу құсты қалай жасауға болатынын көрсетейін деп алдымен үлгіні талдау жасайды. Оны жасаудың ретін түсіндіріп, әр бөліктерін қалай жасауға болатынын технологиялық карта арқылы түсіндіріп, көрсетеді. Алдымен ермексаздан аққудың бейнесін иілгіштік әдіспен мүсіндеп аламыз, оған екі үлкен ұлу қауашақтарын денесі ретінде екі жағына жабыстырамыз. Орташа көлемдегі ұлу қауашағынан құйрығын жасап, басын, тұмсығын ермексаздан созып шығарамыз. Көздеріне ұсақ дәндерді пайдаланамыз. Ұсақ ұлу қауашақтарынан аяқтарын жасап, оны көгілдір түсті қағазға суда жүзіп келе жатқандай мазмұн бере орналастырамыз. Балаларға көмек қажет болған жағдайда жеке нұсқау, көмек беріледі. Құстар туралы бой сергіту жаттығуларын жасатады.

Олар ұлу қауашақтарын қолдарына алып, оның сыртқы бедерлі жағын және ішкі тегіс жағын саусақтарымен, алақанымен сипап көреді. Оның пішіні мен көлеміне назар аударады. Үлгіге, технологиялық картаға қарай отырып балалар аққуды жасайды. әрбір дене мүшелерін қандай ұлу қауашақтарынан жасайтыны алдын ала таңдап алады, дене бөліктерін анықтайды, және оны қалай жасайтынды ойланады, педагогтің түсіндіргені бойынша өздері жасайды. Жаттығу жасайды.



Қорытынды бөлім

Алалар жұмысына талдау жасалады, әр балаға ұсыныс бойынша көмек көрсетіледі, ең жақсы жасалған жұмыстар таңдалады, шығармашылықпен жасалған еңбектерді ерекше атап өтеді.

Балалар педагогпен бірселе отырып ең әдемі жасалған аққуды таңдайды, оның ерекшелігін атап өтеді.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:табиғатты аялау, қорғау, қамқорлық жасау жер бетіндегі адамзаттың бәрінің міндеті екенін түсіндіреді.

Түсінеді:технологиялық картамен жұмыс жасауға және жаңа табиғи материал ұлу қауашақтарымен жұмыс жасау қызығушылығын арттырады.

Қолданады:ұлу қауашақтырының пішіні, түр түсі, көлеміне қарай отырып, одан аққу жасай алуға дағдыланады.











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Сауат ашу негіздері

Тақырыбы : "М" дыбысы және әрпі

Мақсаты: "М" дыбысы және әрпімен таныстыру

Міндеттері: "М" дыбысы және әрпімен таныстыру. сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буындарды және қысқа сөздерді оқуды үйрету; балалардың ойларын дамыту; әдептілікке тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: көк әйнек

Полилингвальді компонент: мұз - лед -ice ; мысық - кошка -cat

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері көрнекі суреттер

Іс-әрекет

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті



Кіріспе бөлім







Негізгі бөлім





























Shape6



Қорытынды бөлім





Балалар шеңбер жасап тұрады да,өлең жолдарын әндетіп айтқызады.

Армысың,ардақты Аспан ата!

Армысың,мейірімді Жер –ана!

Армысың,шұғылалы алтын күн!

КShape7 үліп шықты күн бүгін


-Балалар ,біз бүгін мұхитқа саяхатқа шығамыз.

Глобусты көрсетіп,»мұхит» сөзіне түсінік береді.

1.Мұхиттағы кеме

Үнтаспадан мұхит жағалауының дыбысын тыңдатады.»Мұхит» сөзін қандай дыбыстан басталатынын, м дыбысының дауыссыз дыбыс екенін анықтатады.

2.Мұзтау

Мұзтауға соқтықпай өту үшін»мұз» сөзіне дыбыстық талдау жасайық-деп,сөзге дыбыстық талдау жасалады.

3.Медузалар

-Мұхиттарда мынандай әдемі медузалар болады.Медузалар туралы сөйлем құрасақ олар бізді тез өткізеді.Сөйлем құратады.

4.Маржандар

-Мұхит түбінде алуан түрлі,керемет маржандар өседі.Келіңдер,»маржан» сөзің буынға бөлейік.

5.Мұхиттағы кеме

-Міне,біз кемеге мініп қайтып келдік.Қемеден түсу үшін «кеме» сөзіндегі м дыбысының орнын анықтайық.

Сергіту сәті:

Батыл,епті баламыз

Мұхиттарға барамыз

Су түбінен маржанды

Теріп,теріп аламыз

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындатады.

Сұрақ –жауап арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

Сұрақтар:

-қайда саяхат жасадық?

-бүгін қандай әріппен таныстық?

-[м] дыбысы қандай дыбысқа жатады екен?

Балаларды ақылды екендерін айтып,мадақтай отырып ,сабақты аяқтайды

Бәрі бірге қайталайды.









Глобусты тамашалайды,мұхит туралы түсінік алады.

Сұрақтарға жауап береді:

Мұхит сөзі м дыбысынан басталады.

М дауыссыз дыбыс

Мұз сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

Мен медузалар көрдім.т.б сөйлемдер құрайды.

Маржан сөзін буынға бөледі.

Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.

Түзу отырып, жазу жұмыстарын орындайды.





Сұрақтарға жауап береді.




Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: сұрақтарға жауап береді

Түсінеді: :[м] дыбысының дауыссыз екенін

Қолданады: М әрпін танып,көрсете білуді































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 5

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ :

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Әлеумет

Бөлім : Экология негіздері

Тақырыбы : Орманда

Мақсаты: ормандағы аңдар туралы түсінік беру

Міндеттері: ормандағы аңдар туралы түсініктерін кеңейту; байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру;қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері: Балалардың аңдар туралы білімдерін толықтыру; Сұрақтарға толық жауап беруге үйрету; Дидактикалық ойын арқылы балалар аңдарды сипаттай білу қабілеттерін дамыту; қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

Сөздік жұмысы: жабайы,жыртқыш

Билингвальді компонент: аңдар - звери

Полилингвальді компонент: аңдар - звери - beasts

Құрал-жабдықтар: :жабайы аңдардың суреттері. түсіндіру,сұрақ-жауап, жұмбақ,әңгімелеу.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Кел,балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!


-Өлең жолдарын қайталайды.






Негізгі бөлім

Кіріспе:сұрақ-жауап

-Балалар,сендер жабайы сөзін қалай түсінесіңдер?

-Жабайы деп біздер нелерді айта аламыз?

-Неліктен оларды жабайы деп атайды?

-Жабайы аңдарды атаңдар.

-Жабайы аңдардың ең үлкені не?

-Жабайы аңдар немен қоректенеді?

-Етпен қоректенетін аңдарды жырқыштар дейді.

-Аңдардың суреттерін көрсетіп,сипаттауға ұсыны-лады.

-Балалар,жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

3.Жұмбақ шешу: аю,түлкі,қоян,қасқыр,піл,арыстан.

4.Сергіту сәті:

Түлкі болып бұраңдап,

Мың бұралып жүремін.

Қасқыр болып залаңып,

Орман ішін кеземін.

Қоян сияқты секіріп,

Анда-мында жүремін.

Аю болып домалап,

Қыста ұйықтай беремін.



Билингвальді компонент: аңдар - звери

Полилингвальді компонент: аңдар - звери - beasts

5.Дидактикалық ойын: «Қай жануар қайда мекендей-ді?»

Шарты:ойыншыға тасты беріп,жануарларды суреттеу арқылы қай жануар екенін дұрыс таба білу.


сұрақтарға жауап береді.

















-жұмбақтың шешуін айтады.



-өлең жолдарына қимыл жасайды.













Балалар қайталап естеріне сақтап алады









зейін қойып ойнайды



Қорытынды бөлім

-Бүгін нелер туралы әңгімелестік?

-Неліктен оларды жабайы деп айтады?

-Етпен қоректенетін аңдарды қандай аңдар деп атайды?

-Аңдарға қалайша қамқорлық жасай аламыз?


Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтижелер:

Жаңғыртады: жабайы аңдар туралы

Түсінеді: неліктен жабайы деп атайтыны туралы түсінік алу

Қолданады:  жаңа сөздерді меңгеріп алу




































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Сауат ашу негіздері

Тақырыбы : "М" дыбысы және әрпі қайталау

Мақсаты: "М" дыбысы және әрпімен таныстыруды жалғастыру

Міндеттері: "М" дыбысы және әрпін қайталау; дыбыстық талдау түрлерін үйрету; буындарды оқу арқылы тілдерін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: көк әйнек

Полилингвальді компонент: мұз - лед -ice ; мысық - кошка -cat

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері көрнекі суреттер

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

- балалар, өткен сабақта бізге қонаққа кім келді?

Алдаркөсенің сендер бір ғана тапсырмасын орындаңдар. Енді қалған тапсырманы орындаймыз.

Балалар сұрақтарға жауап береді



Негізгі бөлім

Педагог балаларға Алдаркөсенің тапсырмасы жұмбақ жасырады:

Көлдің беті көк әйнек

Сырғанауға тым әйбат.


Тонын киіп туған

Жалап бетін жуған


Полилингвальді компонент: мұз - лед -ice ; мысық - кошка -cat

Балалар мысық, мұз сөздері қай дыбыстан басталады?

М дыбысы қандай дыбыс?

М дыбысын ауада жазып көрсетіңдерші

Педагог М дыбысын өткен дыбыстарға қосып оқытады

Мысалы: ма, маса, марат, арман, мысық сөздерін хормен оқытады.

Дидактикалық ойын: "Аққала"

Ойын шарты: тақтаның бетіне қиылып жапсырылған аққала суретіне, жетіспейтін бөлігін тауып, көздерін жұмған күйде апарып жапсырады.

Сергіту жаттығуы:

Қанат жаям жалма - жан

Талпынғандай ұшуға,

Иіліп қол созамын,

Аяғымның ұшына

Дидактикалық ойын: "Ұшты-ұшты"

Ойын шарты: педагог балаларға ұшатын және ұшпайтын нәрселерді айтады

Саусақ жаттығуы:

Саусағымда сақина,

Санап көрші кәнекеи,

1,2,3 1,2,3

Демалайық жинап күш

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі №18 тапсырма орындалады

Жеке жұмыс жүргізіледі



Мұз




Мысық


Балалар қайталап айтады


М дыбысынан басталады




Балалар хормен оқиды




Балалар ойынға қатысады



Балалар қимылмен көрсетеді




Қолдарын көтеріп, ажыратады.



Балалар тапсырманы орындайды.



Қорытынды бөлім

- балалар жұмбақтың жауабы қай дыбыстан басталады?

М дыбысы қандай дыбыс?

Балалардың жауаптары



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: М дыбысын ажыратады

Түсінеді: ойын шартын

Қолданады: хормен сөздерді оқиды











































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным

Білім беру облысы: Таным

Бөлім : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Азайту. Жиын. Элемент. Топ

Мақсаты: Азайту амалын көрнекілік негізінде түсіндіру.

Міндеттері: Балаларды «азайту» таңбасымен таныстыру; балалардың зейінін дамыту; тәртіпке, реттілікке тәрбиелеу

Міндеттері: азайту амалының мәнін ашу; «азайту» таңбасын қолданысқа енгізу; азайту амалдарын құрастырып, жазуды үйрету; алғашқы бестіктегі сандардың нумерациясын пысықтау; балалардың зейінін, кеңістікте ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту;тәртіпке, реттілікке тәрбиеле

Сөздік жұмысы: Азайту, жиын, элемент, топ

Полилингвальді компонент: азайту-минус- minus

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері көрнекі суреттер

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Сырғанаққа саяхаттауды ұсынады. 14-кестені тағы бір рет пайдалануға болады. Бірден жұмыс дәптерін пайдаланса да болады.

«Қысқы серуен» ойынына қызыға кіріседі.



Негізгі бөлім

Аққалаларды әртүрлі тәртіп бойынша орналастырады. Балалардан оларды салыстыруын сұрайды. Олардың санын анықтап, тиісті санды табу қажет(5). Содан соң «Күн шықты (сары шеңберді іледі) және 2 аққала еріп кетті» дейді. 2 саны жазылған карточканы алып, тақтаға жапсырады. Екі аққаланы алып тастайды. Неше аққала қалғанын сұрайды.

  • Біз аққалаларды алып тастадық, азайттық.

Осы сөздерді бірге қайталайды. Бұл амалды (азайту) жазу үшін «-» таңбасын қолданатынын айтады. Оны балаларға көрсетеді. Карточкалардың арасынан азайту таңбасын табуды сұрайды. Тақтадағы сияқты азайтуға бір мысал құрастыруды тапсырады және жазудағы сандардың нені білдіретінін сұрайды.

Дәптердегі №-тапсырмаға нүктелер мен цифрлар жазылған карточканы жапсыруды тапсырады. Балаларға азайтуға мысал құрастыруға көмектеседі. Жазудағы әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін сипаттап береді.

Shape8 Shape9 Shape10 - =


Аққалаларды санайды. Цифр жазылған карточканы көрсетеді. Педагогтің «алып тастадық, азайттық» деген сөздерін қайталайды.

«Азайту – аққаланы алып тастағанымызды (еріп кеткенін) көрсететін таңба» деген түсінікті айтады.

«Азайту» таңбасын табады, мысал құрайдыү

1-тапсырмаға тиісті цифрды сан үлгісі – нүктелерді жапсырады.

Мысалдарды әртүрлі етіп оқиды немесе педагогтің соңынан қайталайды.



Қорытынды бөлім

2 тапсырманы балалардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін береді: жазба мен оған сәйкес суретті сызық арқылы қосу.

5 – 1 = 4, 3 – 1 = 2, 4 – 1 = 3

Педагог балалардан жазу мен ондағы әр таңбаның нені білдіретінін сұрайды.

Содан соң сабақты қорытындылайды.

Балалардан қандай таңбамен танысқандарын сұрайды: «Ол не үшін қажет? Оны қалай оқиды? (Азайту, алу, алып тастау)».

Бұрынғы өткенді қайталау үшін сабақта №3 тапсырманы орындауды тапсырады. Балалар әр бөлімге тағы бір элемент жапсырады.

Сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларға алғыс білдіреді.

Балалар суретте не жазылғанын және оның цифрлар мен таңбаның көмегімен жазылғанын дауыстап айтады. Сабақты қорытуға атсалысады.




Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: азайту белсінің мәні және оның таңбасы (« - »);

Түсінеді: цифрлар мен таңбалар арқылы азайту амалын жазуды;

Қолданады: азайту амалын « - » таңбасымен белгілеуді, азайту амалдарын түрліше оқуды.






























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып:

Білім беру облысы: Таным

Бөлім : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 6 саны және цифры. 6 санының жасалуы.

Мақсаты: 6 саны жәнецифры. 6 санының жасалуы туралы түсінік беру.

Міндеттері: 6 саны мен цифрын енгізу; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; 1-ді қосу арқылы сан шығарып алу туралы түсінікті қалыптастыру; сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; 6 саны мен цифрын тану және жазуды үйрету;балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту. ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Міндеттері:Балаларды 6 саны және цифрымен таныстыру; балалардың ойлау қабілеттерін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: сан, цифр

Полилингвальді компонент: сан- цифр - numbers'

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері көрнекі суреттер

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Сабаққа ертегі кейіпкерлерін шақырады. Ертегідегі 5 кейіпкерді қойып санайды. Біздің сабағымызға тағы бір кейіпкер жүгіріп келді. Енді олар нешеу болды? Қалайша алтау болды? (6 дегеніміз – 5 және 1). Бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады?

Ертегі кейіпкерлеріне қызығушылық танытады. Кейіпкерлерді санайды. Сабақтың тақырыбын табады.



Негізгі бөлім

Дәптерді ашып, ондағы заттарды санаймыз. Санды 6 цифрымен белгілейді. 6 цифрын табамыз. Педагог 6 саны және цифры туралы тақпақ оқиды.

Есікке салар іліп,

Мынау деген құлып.

Аузы ашылған қалпы

Айнымаған «6».

Оны ауаға, содан соң аяқтың ұшымен еденге жазамыз.

Енді қарындашты алып, дәптердегі 6 санын бастырып саламыз: дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен қарай, содан соң солдан оңға қарай жоғары сызамыз. Сергіту минутын (6 рет секіру, оң аяқпен 6 рет, сол аяқпен 6 рет жерді тебу, 6 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 6 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды: цифр, сан мен санның нүкте түріндегі үлгісін сәйкестендіру. Бұл сабақта үлгі текшемен жұмыс істеуді әрі қарай жалғастыруға болады (1-ден 6-ға дейінгі сандарды нүкте арқылы сызып көрсетіңдер деген сияқты тапсырма. Суреттегі заттың санын табыңдар).





Заттарды санайды. 6 цифрын табады және талдайды. Тақпақты тыңдайды. Цифрды ауаға, содан соң аяқтың ұшымен еденге жазады. Содан соң қарындашты алып, дәптердегі 6 санын бастырып сызады. Математикалық сергіту минутын жасайды. Тиісті нүктелер мен тиісті цифрды көрсетіп, текшемен жұмыс істейді.




Қорытынды бөлім

Тәрбиеші 1-6 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды. Санау материалын үлестіріп, кері тапсырма орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару.

Содан соң №2 тапсырманы орындайды. Балалар алдыңғы сабақтарда осыған ұқсас тапсырмаларды орындаған болатын.

Цифрды іздейміз және бояймыз. 1-ден 6-ға дейін, 6-дан 1-ге дейін тура және кері санау. Топтың деңгейіне қарай нәтижесі 6 болатын мысалдар құрастыруды ұсынуға болады.







Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:6 саны және цифрын;

Түсінеді: 6 цифрының жазылуы туралы түсінікті; 1-ді қосу арқылы сан жасау туралы түсінікті;

Қолданады: алты заттан тұратын топты табуды, 6 цифрын тануды.






























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 19

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі.

Білім беру облысы: Таным

Бөлім : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Биік - аласа, жұқа - қалың, кең-тар. 0- ден 6-ға дейінгі сандар.

Мақсаты: Заттардың биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға жаттығу

Міндеттері: заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінік қалыптастыру және оларды салыстыруды үйрету; «биік – аласа, жуан – жіңішке, тар – кең» деген сөздерді пайдалана отырып салыстыру; заттарды көзбен салыстыру, бір-бірінің үстіне қою, бастыру арқылы салыстыруды үйрету;заттардың кеңістіктегі орнын сипаттау қабілетін шыңдау; балалардың зейіні, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту; эстетикалық тәрбие беру

Міндеттері:Заттардың биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға жаттығу; «биік – аласа, жуан – жіңішке, тар – кең» ұғымдарын пайдалана білуқабілеттерін дамыту; эстетикалық тәрбие беру.

Сөздік жұмысы: Биік - аласа, жұқа - қалың, кең-тар

Полилингвальді компонент: Биік – аласа- высокий-низкии- high-low, жұқа – қалың- тонкии - толстый thin-thick

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері көрнекі суреттер

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Сабаққа құртақандарды «шақырады». «Олар бірдей ме?» деп сұрайды. Біз оларды шамасына (үлкен және кіші) және киімінің түсіне қарай салыстырған болатынбыз. Ал енді оларды бойының биіктігі мен жуан-жіңішкелігіне қарай салыстырамыз.




Негізгі бөлім

Құртақандарды бойы ұзынынан бастап қойып шығуды ұсынады. Бірінші ең ұзыны, сосын одан аласалауы және т.б. «Мұны қалай істеу керек?» деген сұрақты қоя отырып, балалардан мынадай жауаптар алуға тырысады:

«Алдымен көзбен өлшеп аламыз. Сосын бір-бірімен қатарластырып қойып, қайсысының биік, қайсысының аласа екенін тексереміз».

  • Кәне, балалар, оларға кофта мен шалбар таңдайық. Шалбарлар мен кофталарды қалың – жұқа демей, кең – тарлығына қарай анықтаймыз. Менімен бірге қайталаңдар.

1-кестенің 2-бетінде құртақандарға арналған кофталар мен шалбарлар бейнеленген. Шалбарларды еніне қарай қалай орналастырамыз?


Балаларды алдымен көзбен шамалап, кейін заттарды бір-біріне қойып салыстыруға жетелейді.

Содан соң педагог 5 баланы бой-бойымен қатарға тұруға шақырады және қатарға бой-бойымен қалай тез тұруға болатынын түсіндіреді. Кейін қолдағы ұсақ бұлшық еттерді дамытуға арналған сергіту жаттығуын орындайды.

Дәптердегі №1, 2 тапсырмалар әр баланың «биік – аласа, жуан – жіңішке, тар – кең» деген сөздерді дұрыс қолдануы үшін берілген.

2 тапсырма цифрларды дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Дәптердегі №3 тапсырманы орындайды (цифрлар мен нүктелерді тиісті заттың санымен қосады).

Балалар биіктігііне (бойына) қарай салыстыру әдістерін түсіндіреді:

«Алдымен көзбен шамалап аламыз. Содан соң бір-бірінің қасына қойып салыстырамыз».

Балалар құртақандарға киім таңдайды: «Кең шалбарды табу үшін оларды бір-бірінің үстіне қоямыз. Құртақандар бой-бойымен тұрады».

Дәптердегі 1, 2-тапсырманы орындайды.

Заттардың ең биігін аласасымен, ең қысқасын ең ұзынымен қосады.



Қорытынды бөлім

Тәрбиеші сабақты қорытындылайды.биіктігі мен еніне (қалыңдығына) қарай салыстыру үшін қандай сөздерді пайдаланғанын сұрайды.

Қандай әдіспен салыстырдыңдар?

Содан соң балаларға алқыс айтады және үстел үстін реттеуге шақырады.

Сұраққа жауап береді: «Биіктігіне қарай салыстыру үшін «биік - аласа», еніне және қалыңдығына қарай салыстыру үшін «қалың – жұқа (тар - кең)» деген сөздер қолданылады. Заттарды көзбен, бір-біріне қою арқылы салыстыруға болады»



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: заттарды биіктігі мен қалыңдығына (еніне) қарай салыстыру үшін «қалың – жұқа (тар - кең)» сөздерін дұрыс пайдалануды;

Түсінеді: заттардың биіктігі мен қалыңдығы туралы түсінікті және оларды салыстыруды;

Қолданады:заттарды көзбен, бір-біріне қою арқылы салыстыруды
















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 9

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Көркем әдебиет

Тақырыбы : Қыс. А.Асылбеков

Мақсаты: Өлеңді жаттау

Міндеттері: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту; Өлеңді жаттату арқлылы балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру; Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу

Міндеттері: Қыс мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Қалтырайды,тістеген,шебер болған,үскірік

Полилингвальді компонент:қыс-зима-winter

Құрал-жабдықтар: Қыс мезгілі туралы суреттер

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Аппақ көше,бар дала
Аппақ ой мен қыраттар
Ақ шатырлы қар қала,
Ақ жамылып тұр бақтар
-Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
-Қыс мезгілі несімен қызықты?
-Адамдар қалай киінген?
-Қыста біз не істейміз?
-Бүгін сонымен қай мезгіл туралы өтеді екенбіз? (Қыс)


Балалар сұрақтарға жауап береді



Негізгі бөлім

Ойын: «Қар жинау»
Шарты:Балаларға жасанды қарды шашып жіберіп,белгілі бір белгіден соң тез арада жинату.Шапшаңдығы мен ептілігін дамыту.
Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан
                     Боран соғар сол жақтан
                     Қар лақтырып ойнасақ,
                     Су өтер қолғаптан 
А.Асылбековтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру



Балалар ойынға қызығушылық танытады


Сергіту жаттығуын орындайды


Өлеңді мұқият тыңдап, түсініп, жаттап алуға тырысады.



Қыста табиғат қандай өзгеріске ұшырайды?
-Балалар, «Аяз бетті шымшиды», «құлақшыңды кимесең,құлағыңды  тістеген» дегенді қалай түсінесің? Аяздың қолы бар ма?



Балалар өз ойларын білдіреді. сұрақтарға жауап береді.



Қорытынды бөлім

Оқылған өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
-Қыс қандай болады екен?
-Қыста қандай мерекелер болады?
-Қыс туралы қандай жұмбақ білесің?


Балалар ойларымен бөліседі



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: қыс мезгілінің ерекшеліңктерін атап бере алады

Түсінеді:  өлең мазмұнын түсінеді

Қолданады: өлеңді жаттап алады















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 10

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Көркем әдебиет

Тақырыбы : Көкек

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру

Міндеттері: Балаларды ертегінің мазмұны мен ертегі кейіпкерлерінің жағымды –жағымсыз қасиеттерін көруге, жан құбылысын сезінуге сұрақтарға жауап беруге үйрету; Байланыстырып сөйлей білу қабілеттерін дамыту;

адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.

Міндеттері: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету. білімдерін кеңейту, ертегі кейіпкерлерінің мәнеріне келтіріп ойнау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу

Сөздік жұмысы: дана адам, болжай алмайсың

Құрал-жабдықтар: ертегі кейіпкерлерің сүреттері, дидактикалық ойын.

Полингвалды компонент: көкек- кукушка -cuckoo

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Сәлеметсіңдер ме балалар!- Балалар міне тағы бір күн туды, бүгінгі күнді жақсы көніл күймен қарсы алып, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!
«Алақанды ашайық, 
Күннің нұрын салайық, 
Таза ауаны жұтайық, 
Жүректің жылуын, 
Апайларға сыйлайық.»
- жарайсыңдар балалар.

Балалар шаттық шеңберін құрады



Негізгі бөлім

Ғажайып сәт: Ертегілер әуенімен топқа ертегі әжей келеді
Тәрбиеші: - Балалар, бізге ертегі әжей қонаққа келді.
Ертегі әжеймен амандасайық.
-Сәлеметсіз бе? – Ертегі әжей қош келдіңіз.
Ертегі әжей:
- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен ертегілер елінен келдім, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Қандай ертегі білесіңдер?- Жарайсыңдар сендер көптеген ертегілер біледі екенсіндер, мен сендерге құр қол келгенім жоқ, 
Сендерге сиқырлы қорап әкелдім. Бұл сыйлығымды бермес бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешімін тапсаңдар сыйлығымды беремін.
Қайталап атымды, 
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа саламын. ( Көкек)
Полингвалды компонент: көкек- кукушка -cuckoo
- Балалар, сендер дұрыс таптыңдар, бұл сиқырлы қорапты тәрбиеші апайларыңа берейін
Тәрбиеші:- ой балалар мына ғажайып қорапта не бар екен, ой қандай керемет.
- Ертегі әжей бізге жаңадан ертегі әкеліпті.Бұл ертегі «Көкек» деп аталады екен. Балалар олай болса осы Ертегі әжей әкелген ертегі мазмұнымен танысайық.Ертегі әжей сізге көп рахмет, сізде бізбен бірге ертегіні тамашалаңыз.
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма? Ертегі не туралы екен?
1- Көкек қайда ұшып келеді?
2.Балалар көкекті ұстау үшін не істеді?
3.Көкекке кім кездесті?
4.Көкек не деп күлді?
5.Дана адам Көкекке не деп жауап берді?
6.Көкек не істеді?
7.Дана адам балаларға не дейді?
Билингвальді компонент:
Сергіту сәті:

Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты»
- Балалар, кәні орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық, сергіту сәтін жасайық.










Балалар қызығушылық танытады









Жұмбақты шешеді




Қайталайды










Балалар ертегіні тыңдайды.







Сұрақтарға жауап береді






Балалар сергіту ойынын жасайды



Үстел – үсті орталығы: Орман және үй құстарын топтастыру, және қиынды сүреттерді құрастыру.
Мақсаты:
Орман және үй құстарын аттарын атап, ажыратып топтастыруға және қиынды сүреттерді үйлесімділікпен құрастыра білуге үйретіп, саусақ маторикасын дамыту.




Балалар ойынға белсенділік танытады



Қорытынды бөлім

Ертегі әжей: - рақмет, сендерге .Ендігі келер кезде мұнан да қызықты ертегі алып келемін. «Қол ұстасып тұрайық
Жарты шеңбер құрайық, 
Көріскенше күн жақсы, 
Сау саламат болайық!


Балалар қоштасады



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: сұрақтарға жауап береді

Түсінеді:  ертегі мазмұнын түсінеді

Қолданады: ойынға белсенділік танытады



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып:

Білім беру облысы: Шығармашылық

Бөлім : Мүсіндеу

Тақырыбы : Кесені әшекейлеу

Мақсаты: Кесені әшекейлей білуге үйрету

Міндеттері: Ыдыстарды мүсіндеуге үйрету; Кесені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауын дамыту, эстетикалық талғамдарын арттыру, ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: кесе, әшекей

Полингвалды компонент: кесе- чашка- cup

Құрал-жабдықтар: ыдыстардың суреттері, дайын үлгі

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері.

Балдыраған баламыз,

Досты көп табамыз

Қашан да қайда да

Достар бір біріне

Сенімді боламыз

Екі деген екі дос

Бірін бірі қимайтын

Артық кемді етпей сөз

Бірірін бірі сыйлайтын

Балалар шеңберді айнала қимыл қозғалыстар жасап.өлең жолдарын қайталайды.




Негізгі бөлім

Есіктен Балдырған жылап кіреді. Ой балалар қараңдар қандай әдемі кеселер осының ішінен ең әдемісін таңдап алып сол кесені мүсіндейік. Тәрбиеші жұмысты бастамас бұрын ермексазды қолдану ережелерімен таныстырады. Ермексазды үстелге емес арнайы тақтайшаларға қою керек. Жұмысты кейін қолды ыстық сумен сабындап жуған дұрыс. Тақтайша мен таяқшаны жұмыстан кейін міндетті түрде тазалығын немесе жуған жөн. Кесе жасау үшін көк түсті ермексаздың ортасынан бөлеміз. Енді оны алақанымызға салып домалақтаймыз.Оның ортасын қарындашпен оямыз.Енді саусақтың ұшымен шетін кеңейтеміз және екі саусақпен шымшу арқылы түбін шығарамыз.

Балдырған сен жылама деп балалар Балдырғанның басынан сипайды.



Қорытынды бөлім

Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті түстегі ыдыстарды көрсетеді.

Балалар әр шәйнектің жанына кеселерді түстеріне қарай топтастырады.Педагог балаларды шеңберге жинап бәрі бірге төмендегі өлеңді қайталайды.

Ыдыстарды жинаймын

Үлкендерді сыйлаймын

Кесе қасық бәрін де

Өз орнына қоямын.


Ойын ойнайды.




Өлеңді жаттайды.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады : кесенің күнделікті қажет бұйым екенін,түрлерін біледі;

Түсінеді: кесені мүсіндеуді;

Қолданады: өрнектің түрін ермексаздан жасауды








































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Шығармашылық

Бөлім : Мүсіндеу

Тақырыбы : Қоян мен сәбіз

Мақсаты: Қоянның мүсінін жасай білуге,дене бөліктерін дұрыс келтіре білуге үйрету

Міндеттері: Балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін пайдаланып, сюжеттік мүсін құрастыруға үйрету; кескішті дұрыс пайдалана білу қабілеттерін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Міндеттері: Сюжеттік мүсіндеу барысында беуненің ерекше қасеитін анық көрсетуге, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыруға үйрету; мазмұнға сәйкес беунелерді жасай білу қабілеттерін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сөздік жұмысы: Қоян , сәбіз

Полингвалды компонент: қоян-заяц- hare, сәбіз-морковь - carrot

Құрал жабдықтар:ермексаз,тақтайша,сүлгі,таяқша,үлгі суреттер

Іс-әрекет

Тәрбиеші әрекеті

Бала қызметі



Кіріспе бөлім



















Shape11



2.Негізгі бөлім































Shape12











3.Қорытынды бөлім

1.Жылулық шеңбер

-балалар бір-біріне тілектер айту

Кел, балалар ,күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік

2.Жұмбақ жасыру

Дыбыстан қашқан

Безек қаққан

Қорқақ, жасық

Ол не?

3.Суреттерін көрсетіп, әңгімелесу,сурет арқылы жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі жөнінде айтып кету.

-қоян баласы қалай аталады?

-қоян қыста неге түсін өзгертеді?

-ол нені жақсы көреді?

-ол қайда тіршілік етеді?

4.Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін түсіндіріледі.

1.денесі, 2.мойыны 3.басы 4.құйрығы

Балалар жұмысқа кіріседі.Балаларға алақанмен дұрыс жұмыс жасауларын көрсетіп отыру.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып секірді

Д/о «Дауысынан ажырат»



Сабақты қорытындылау.

-бүгін сабақта не мүсіндедік?

Сабақта не білдіңдер?

-балалардың жұмысын бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:жануарлар туралы

Игеру керек:қошақанды мүсіндеуді

Меңгеру керек:мүсіндеу әдістерін

Балалар өлең жолдарын айтады,тілектерін білдіреді.









Жұмбақтың жауабы

Қоян









Көжек

Жауларынан қорғану үшін

Сәбізді

орманда









Балалар жұмысқа кіріседі







Қимыл-қозғалыспен жасайды.





Ойынды шарты бойынша ойнау керек.







Сұраққа жауап береді



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады : сұраққа жауап береді

Түсінеді: ойын шартын

Қолданады: мүсіндеудің әдіс тәсілдерін













































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 17

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы: Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Әлеумет

Бөлім : Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Менің үйдегі достарым

Мақсаты: "Қамқорлық" ұғымының маңызын түсіндіру

Міндеттері: үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту. үй жануарларына қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту. Қамқорлыққа тәрбиелеу

Сөзік жұмыс: күшік, ит, шөже, бұзау

Полилингвальді компонент: күшік-щенок - puppy

Құрал - жабдықтар: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім






Негізгі бөлім





























Қорытынды бөлім

1.Шаттық шеңбері: ойыншық күшікке өз сүйіс-пеншіліктерін білдіреді.

-Сен қандай сүйкімдісің.

-Сен қандай әдемәсің.

-Сен менің досымсың.

2.Әңгімелесу

-Балалар,сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер?

-Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?

3.Әңгімелеу: «Жеті қазынаның бірі» аңыз.

-Ит неліктен достыққа адамды таңдады?

- «Ит –адамның досы» деп неліктен айтады?

4.Өлең жолдарын оқу: «Ақ лақ», «Қозы», «Күші-гім», «Шөжелерім», «Ақ бұзау».

5.Дәйексөз: «Ит-жеті қазынан бірі» нақыл сөз.

6.Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

7.Дәптермен жұмыс:кішкентай достарының суретін салыңдар.

8.Тыныштық сәті.

9.Ғажайып сөздер: Ит-адамның досы,көмекшісі.

10.Қортындылау

-Біздер кішкетай достарымыз деп нелерді айта аламыз?

-Неліктен итті жеті қазынаның бірі дейді?

-Жылы лебіздерін білдіру.

11.Жүректен жүрекке

Қолдарын жүректеріне қойып, «Мен кішкентай достарымды жақсы көремін,өйткені ...» деп өз ойларын айтады.

-жылы сөздер айтады.





Shape13



-сұрақ-жауап.



-аңызды тыңдап,сұрақтарға жауап береді.






-қимыл жасайды.







-өзі жақсы көретін жануар-дың суретін салады.


-сөздерді қайталайды.


-сұрақтарға жауап береді.





-өз ойларын айтады.


Күтілетін нәтиже

Жаңғыртады: кішкентай достар туралы

Түсінеді:жануарларға әрқашан қамқор болу керек екенің түсіну.

Қолданады: дәйексөзді меңгеріп алу.









































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 18

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы: Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып:Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Әлеумет

Бөлім : Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Достық әлемі

Мақсаты: "Достық" ұғымын, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері: Достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Сөзік жұмыс: дос, достық

Полилингвальді компонент: достық-дружба - friendship

Құрал - жабдықтар: дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім


Shape14

Негізгі бөлім




























Қортынды бөлім

1.Шаттық шеңбері: «Дос болайық бәріміз»


2.Әңгімелесу

-Достар,достық туралы әңгімелесу.

-«Досты қалай табу туралы ертегі» оқу

-Сұрақ-жауап арқылы талдау.

3.Ойын «Менің досым»

Шарты:лақтырған допты қағып алып, тәрбие-шінің қойған сұрағына жауап беру керек.

4.Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне,біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

5.Дәйексөз: «Дос-бәрінен де қымбат»

6.Дәптермен жұмыс: досыңа сыйлайтын сый-лығыңның суретін сал және сол туралы әңгіме-леп бер.



7.Қортындылау

-Балалар,бүгін біз не түралы білдік?

-«Дос» деген кім?, «Достық» деген не?

-Сендердің ең жақын достарың бар ма?

-Балаларджың жауаптарын бағалау.

8.Жүректен жүрекке: «Дос болайық біріміз» тыңдау.

-Бірге айтады.



-зейін қойып тыңдайды.





-қимыл жасайды.








-дәптердегі тапсырма-ны орындайды.


-Сұрақтарға жауап беру.


Shape15

Күтілетін нәтиже:

жаңғыртады: «Дос», «Достық» туралы түсінік алу.

Түсінеді: достың қандай болуы керектігін түсіну.

Қолданады:жаңа сөздерді меңгеріп алу.
















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы №19

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы: Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Әлеумет

Бөлім : Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Сәлемдесе білемін».

Мақсаты: Балаларға сәлемдесу, амандасу маңызын түсіндіру.

Міндеттері: Балаларға сәлемдесу,амандасу туралы түсінік беру. Балаларды сәлемдесе білуге үйрету. Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: салем - привет

Полилингвальді компонент: салем - привет - helloy

Сөздік жұмыс: сәлемдесу, амандасу, сыпайылық

Құрал - жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер,карта.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Балалар біз бүгін сендермен сәлемдесу, амандасу туралы әңгімелесеміз.

-сендер қалай ойлайсындар адамдар неліктен бір-бірімен амандасады?

Билингвальді компонент: салем - привет

Полилингвальді компонент: салем - привет - helloy

Балалар шеңберге тұрады.

Балалар қайталап айтады.




Балалар сұрақтарға жауап береді.




Балалар қайталап, естеріне сақтап алады.



Негізгі бөлім

О.Ақыпбековтің Сәлем берем үлкенге өлеңін әңгімелеу

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем іздетпен,

«Ассалаумағалейкум!»-деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе,әжей?»-деп.

Кім кездессе көшеде,

Таныс емес демеймін,

«Аға,тәте,көкеге,

Сәлеметсіз бе?»-деймін


Балалар үлкен атаны көргенде қалай амандасады?


Әжені көргенде қандай жылы сөз айтамыз?

Дәйексөз «Сәлем сөздің анасы»

Ойын: «Қалай амандасу керек?»

Балалар мұқият тыңдайды.






Балалардың жауаптары








Балалар бір бірімен әр адам болып амандасады.

Сәлеметсіз бе әже,қалыңыз қалай?

Дәйек сөзді мағынасын түсіндіреді.

Ойынды ойнайды.

Сурет бойынша әңгіме құрастырып, суреттерді бояйды.



Қорытынды бөлім

Ғажайып сөздер

Балалар сабақта үйренген

өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Балалар әдептілік сөзден білінеді,сондықтан ең бірінші кім амандасу керек?

Сәлеметсіз бе?

Қош келдіңіз!

Амансыз ба?

Жоғары төрлетіңіз!

Қош бол Сау бол.






Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:Кіммен қалай амандасу керектігін.

Түсінеді: Балаларға сәлемдесу,амандасу туралы түсінік

Қолданады:Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту


































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 9

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Денсаулық

Бөлім : Қауіпсіз мінез - құлық негіздері

Тақырыбы : Саңырауқұлақтар.

Мақсаты: Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар туралы түсінік беру.

Міндеттері: Саңырауқұлақ түрлерімен таныстыру; Саңырауқұлақтардың айырмашылығын білуге үйрету. табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру; табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Полилингвальді компонент: саңырауқұлақ - грибы - mushrooms

Сөздік жұмысы: қозықұйрық, түлкішек, шыбын жұт

Құрал-жабдықтар: Саңырауқұлақтар мен жидектер суреттері, слайд.


Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Саусақ ойыны:«Саңырауқұлақтар»

Шынашығым орманға бар!

Шылдыр шүмек, саңырауқұлақты тап!

Ортан терек, тазалап ал!

Балаң үйрек, қуыра сал!

Бес бармағым, барлығын жеп!Өсіп қапсың толып



Саусақтарын көрсету арқылы саусақ ойынын ойнайды.




Слайд бойынша әңгіме:

Саңырауқұлақтар жазық далада, ағаштардың түбінде өседі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардан әр түрлі тамақ жасауға болады. Сонымен бірге саңырауқұлақтар мен жидектердің арасында жеуге жарамсыздары да болады, яғни олардан сақтануымыз керек. Біздің танысатын саңырауқұлақтар мен жидектер Маңғыстау даласында өседі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар- қозықұйрық, түлкішек. Оларды тағам жасағанда қолданалады, себебі дәрументерге өте бай. Сонымен қоса олардан әр түрлі емдік дәрілер жасайды. Маңғыстауда кездеседі. Ал, жеуге жарамсыз-шыбын жұт. Ол өте улы. Бойында шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндіктерді өлтіретін қасиеті бар. Байқаңдар балалар ол улы және жеуге жарамсыз. Жеуге жарамды жидектер-итмұрын, тұт. Біздің қалада да бұл жидектер өседі.



Слайдқа назар аударып, тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.








Негізгі бөлім





























































Дидактикалық ойын: 

«Саңырауқұлақтар мен жидектер»

Шарты: Саңырауқұлақтар мен жидектерді ажырату, топтастыру.

Сергіту сәті:

Әне, аюдың апаны,

Жатыр онда дәу аю.

Жайлап басып барайық,

Саңырауқұлақ, жидекті,

Білдіртпей біз алайық.

Ұйықтап жатқан аюды,

Оятып біз алмайық.

Қозықұйрық

Өседі жота, жазықта,

Бойында көп дәрумен.

Ел құмар жеуге ас, азық та,

Жасайды одан дәрі де.

Түлкішек

Қолданады емге де,

Ауырса бауыр егер де,

Түлкішекке құрт түспес,

Дәмді ас ол жегенде.

Итмұрын

Жабайы раушан дейді екен,

Итмұрынды ел кейде.

Піседі екен жемісі,

Қараша айы келгенде.






Саңырауқұлақтар мен жидектерді топтастырады.



Сергіту сәтін орындайды.





Саңырауқұлартар туралы өлең жолдарын тыңдайды.










Қорытынды бөлім




Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Саңырауқұлақ атауларын білді.

Түсінеді: саңырауқұлақтардың қайда өсетінін.

Қолданады: Саусақ ойынын ойнауды игереді.



















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 10

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек Ә тобы.

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Денсаулық

Бөлім : Қауіпсіз мінез - құлық негіздері

Тақырыбы : Сезім мүшелері

Мақсаты: Сезім мүшелері,олардың қызметі туралы түсінік беру.

Міндеттері: Балаларды сезім мүшелері, олардың қызметі, адам үшін маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;Сезім мүшелерінің әрекетін сипаттай алуға үйрету; Есте сақтау қабілеттерін дамыту; Тазалыққа тәрбиелеу;

Полилингвальді компонент: сезім – чувства - feelings

Сөздік жұмысы: иіс сезу, сезіну, көру, сезім мүшелері, естімей қалу.

Құрал-жабдықтар:. сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.


Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Ойын-жаттығу: «Күлкі».

-Балалар, біз бүгін Сезім еліне саяхатқа барамыз.

Тақтаға адамның бет-әлпетінің жалпы нұсқасы салынған плакатты іліп қояды (ал сезім мүшелері конвертте болады)

-Қараңдаршы, бұл не?

-Адамның бет әлпетіне не жетіспейді?

-Ендеше менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдер.




Балалар сұрақтарға жауап береді.




Тәрбиеші сезім мүшелеріне байланысты сұрақтар қояды.

Өлең оқиды.

Сезіміміз нешеу?

Олар тура бесеу:

Көру, сипау, есту,

Иіс пен дәм сезу.


сезім – чувства - feelings


Жұмбақ жасыру:


Қараңғыда жабылады,

Күн шыққанда ашылады. (Көз)

Адамның бетіне көзді жапсыру.

-Көз бізге не үшін қажет?


«Тиін» жаттығуын орындау.

Дәрігер Салауаттың кеңестері:

1.Көзді лас қолмен сүртпе.

2.Көзге үшкір, өткір нәрселерді тақамау керек.

3.Теледидарға жақын отырып қарауға болмайды.

4.Компьютер ойынын ұзақ ойнауға болмайды.







Өлең жолдарын қайталап, естеріне сақтап алады.



Жұмбақ жауабыен шешеді.







Негізгі бөлім





























































Жұмбақ жасыру:(Мұрын)

Адамның бетіне мұрынды жапсыру.

Тәжірибе жасау: «Иіс арқылы анықта».

- Мұрын бізге не үшін қажет?

Сергіту сәті: «Даусынан таны»

-Дауыстары арқылы танып білуге қай мүшеміз көмектесті?

Суретке құлақтарды жапсыру.

-Құлақ бізге не үшін қажет?

Құлақты күтуге арналған ережелер.

Д/о: «Дәмі бойынша біріктір»

Шарты: алдарындағы суреттерді дәмі бойынша біріктірулерін айту.

Суретке тіл мен ауызды жапсыру.

-Тіл мен ауыз не үшін керек?


Тыңдап, емтеріне сақтап алады.




Жұмбақ жауабыен шешеді.


Ойынға белсене араласады.



Қорытынды бөлім




Балалар, біздің Сезім еліне жасаған саяхатымыз аяқталды. Бұл ел қалай аталып еді? Адамда қанша сезім мүшесі бар?

Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар өз ойларын білдіреді.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Адамның дене құрылысын, сезім мүшелерін атайды.

Түсінеді: Адамның дене құрылысы туралы білімдерін қолданады; көру, есту, дәм сезуді

сақтау туралы тәсілдерді біледі.

Қолданады: Көру, есту, дәм сезуді сақтаудың ережесін түсіндіреді.


































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 10

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Драма

Тақырыбы : Қарлығаш пен дəуіт (сахналау)

Мақсаты: Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау

Міндеттері: Сахнада еркін қимылдап, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету; балаларды байланыстырып сөйлей білуін дамыту; жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тəрбиелеу.

Міндеттері: Театрлық іс-əрекетте ертегілерді пайдалана отырып балалардың анық, дұрыс сөйлеу мəдениетін қалыптастыру, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану; жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тəрбиелеу.

Сөздік жұмысы: азық, арашалап, ұя

Құрал-жабдықтар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), атрибуттар, суреттер (қарлығаш, қарға), əліппе-дəптер

Билингвальді компонент: қарлығаш - ласточка, қарға - ворона.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп


+

-

Кіріспе бөлім

Педагог балаларды «Сəлем беру» ойынына шақырады. Бүгін сөздің көмегінсіз амандасып көрейік. Мысалы, көздің, қолдың, бастың көмегімен, ым-ишара арқылы

Балалар жарты шеңбер болып отырады. Ойын бастаушы қасындағы балаға күлімсіреп, басын иіп амандасады. Балалар бір- бірімен түрліше амандасады



Негізгі бөлім

- Балалар, бізге Ерден атай əдемі қорапша алып келді. Бұл сиқырлы қорапша екен. Оның ішінде не бар екен, ашып көрейік. Педагог қорапшаның ішінен бірнеше суреттер алып көрсетеді. - Суретте нені көріп тұрсыңдар? Ойын: «Кімнің дауысы?» Педагог үнтаспадан əртүрлі құстардың дауыстарын тыңдатқызады.

- Балалар, бұл ненің дауысы? - Балалар, естеріңе түсіріңдерші, қарлығаш пен қарға қай ертегінің кейіпкері? «Қарлығаш пен дəуіт» ертегісін естеріне түсіреді. - Ертегіде қарлығашқа кім көмекке келді? Айарудың тапсырмалары. Əліппе-дəптермен жұмыс: 1-тапсырма. Суретке қара. Ертегі кейіпкерлерінің қимыл- əрекеттерін келтір. Жылан қалай дыбыстайды? Дыбысын сал. 2-тапсырма. Ертегіні мына мақалмен байланыстыр. Жақсы дос жанға серік, Жаман дос малға серік. «Маған көмектесе гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» деген сөзді əртүрлі дауыспен айту. Сөздік жұмыс: азық, араша, ұя. Билингвальді компонент: қарлығаш - ласточка қарға - ворона Əліппе-дəптермен жұмыс: 3-тапсырма. Үлгіге қарап, қарлығашты жаса. Педагог «Қарлығаш пен дəуіт» ертегісін сахналайтындарын

айтады. Театрда өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсіруді сұрайды. Педагог қоржынынан театр баскиімдерін шығарады








Балалар сұраққа жауап береді







Тапсырманы орындайды










Қайталап айтады





Тапсырманы орындайды



Қорытынды бөлім

Педагог қорытынды жасайды. - Театрдан алған əсерлерің қандай? - Қандай тапсырманы орындаған оңай болды? - Қандай тапсырма қиындық тудырды? Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады. 1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды. 2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.


Әсерлерімен бөліседі



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: ойынның басқа қатысушыларымен қарым-қатынас жасайды;

түсінеді: қойылым кезінде серіктесінің ойын;

қолданады: кейіпкердің дауыс ырғағы арқылы кейіпкердің мінез-құлқын береді.
















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 11

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Драма

Тақырыбы : «Ұр, тоқпақ!» ертегісі (сахналау)

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру

Міндеттері: Жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету; Балалардың сөздік қорларын дамыту; адамгершілікке тəрбиелеу

Міндеттері: Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мəдениетін, ойлау қабілетін дамыту, сахналау барысында жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру, түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстауды қалыптастыру, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану; адамгершілікке тəрбиелеу

Сөздік жұмысы: тоқпақ, тұзақ

Тілдік дағдылар (грам.құрылым,):

Құрал-жабдықтар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), шал, кемпір, қаз, есек атрибуттары, қазан, тоқпақ, тұзақ, слайд, əліппе-дəптер

Билингвальді компонент: қаз - гусь, есек - ослик, тоқпақ - дубинка, қазан - казан.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп


+

-

Кіріспе бөлім

Психологиялық дайындық. Армысың, аяулы жер! Армысың, көк аспан! Армысың, алтын Күн! Армысың, достарым!


Балалар қайталап айтады



Негізгі бөлім

Ойын жаттығу: «Сиқырлы текше». Əртүрлі көңіл күй бейнеленген 6 қырлы текшені ортаға тастайды. «Айнал, дөңгелен, бір қырыңмен жат», – деп айтады. Үстіңгі қырында қай көңіл күй бейнеленген болса, сол көңіл күйді бере отырып, өлең жолдарын айту керек (өздері білетін өлеңді айтуға болады). Қалған балалар сол көңіл күйді қайталап көрсетеді. Ортаға шыққан бала текшені ортаға қайта лақтырады, ойын əрі қарай жалғасады. Айарудың тапсырмалары. Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Кейіпкерлердің көңіл күйін бейнеле. Көңілсіз кейіпкерді көк түспен қорша, көңілді кейіпкерді – сарымен, ашулы кейіпкерді – қара түспен, ал ақкөңіл кейіпкерді жасыл түспен қорша.

Билингвальді компонент: қаз - гусь, есек - ослик, тоқпақ - дубинка, қазан – казан Əліппе-дəптермен жұмыс. 2-тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуы: Зан-зан-зан, Ет асатын қазан. Та-та-та, Ақ сақалды ата. Же-же-же, Ақ жаулықты əже. Сергіту сəті: Біз қандаймыз, қандаймыз, Жаңа жауған қардаймыз. Ақпыз, сары, қарамыз, Біз бақытты баламыз! Балаларға «Ұр, тоқпақ!» ертегісін суреттерді көрсете отырып немесе слайд арқылы көрсетіп, естеріне түсіреді. - Шал мен кемпірдің жағдайы қандай болған? - Шалдың тұзағына не түседі? - Қазбайдың жақсы үш нəрсесін атап бер. - Ертегідегі балалардың əрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Əліппе-дəптермен жұмыс. 3-тапсырма. Сурет бойынша ертегіні досыңмен бірге сахнала. Қаздың тұзаққа түсуі. Шалдың қазды іздеп шығуы. Қазанды алып келуі. Есекті алып келуі. Тоқпақты алып келуі.

Педагог қоржыннан театр баскиімдерін шығарады.

Ойынға қызығушылық танытады











Тапсырмаларды орындайды






Қайталап айтады



Қайталайды










Сұрақтарға жауап береді



Қорытынды бөлім

Педагог қорытынды жасайды. - Бүгін қандай ертегі қойылымын тамашаладыңдар? Балаларды мадақтау. Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады. 1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды. 2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.


Балалар өздерін бағалайды



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: сюжет бойынша ертегі қойылымдарынан үзінді көрсетеді;

түсінеді: үлкенді сыйлау, өтірік айтпау, адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалауды;

қолданады: жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын ажырата біледі.





















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті картасы № 9

Күні:

Тәрбиешінің ТАӘ:

Тобы : Ересек "Ә"

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Білім беру облысы: Коммуникация

Бөлім : Драма

Тақырыбы : «Шұбар тауық» (театрлан- дырылған ойын)

Мақсаты: Театрландырылған қ ойылым арқылы дыбыстарды анық айтуға үйрету

Міндеттері: Ертегіні рөлдерге бөліп түсініп ойнауға үйрету; балалардың сөздік қорларын дамыту; адамгершілікке, қайырымды болуға тəрбиелеу.

Міндеттері: Театрландырылған қойылым арқылы балалар тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс- əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу, ертегі барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету, адамгершілікке, қайырымды болуға тəрбиелеу

Сөздік жұмысы: шұбар.

Тілдік дағдылар (грам.құрылым,):

Құрал-жабдықтар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), атрибуттар, костюмдер, суреттер, əліппе-дəптер.

Билингвальді компонент: тауық - курица, жұмыртқа - яйцо

Полингвалды компонент: тауық – курица-chicken, жұмыртқа – яйцо-egg

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар қызметі

Есеп


+

-

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері. Тәрбиеші Балалар, Айару бізді «Келіңдер, танысайық!» ойынына шақырады. Бір-біріңе қараңдар. Əдемі күліп, əркім өзінің атын айтып, амандасыңдар.

Балалардың

жауаптары



Негізгі бөлім

Тәрбиеші: Балалар, бүгін көңіл күйлерің қандай? Ойын: «Менің айнам». Екі-екіден жұптасып тұрады. Біріншісі айна болады. Екінші бала айнаға қарап, мына сөздерді айтады - Айнам менің, шындықты айтшы, менің көңіл күйім қандай? Айна көңіл күйді білдіретін

əртүрлі бейне көрсету керек. Айнаның көрсеткен бейнесін бала қайталайды. - Балалар, біз бүгін өзімізді басқаша сезінейік. Өзгеше құбылысқа енейік. Мысалы, ертегідегі ханзада мен ханшайымдай, ғажайып əлемдегі сиқыршыдай, сөйлейтін құстар мен аңдар сияқты. Алдымен даусымызды жаттықтырайық. Əліппе-дəптермен жұмыс: 1-тапсырма. Дыбыстарды əртүрлі екпінде айт. Жел тұрды – с-с-с-с-с Жапырақтар ұшты – ш-ш-ш-ш-ш Ара ұшты – ж-ж-ж-ж-ж Маса шықты – з-з-з-з-з Ойын: «Мен өзгешемін». - Мен ертегі ханшайымы боламын. Аяқты көтеріп, денені тік ұстап, сымбатты жүру. - Енді мен ханзада боламын. Аттың үстінде денені тік ұстап отыру. - Мен саяхатшымын. Алысқа дүрбімен қарау. Жарайсыңдар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Олардың тілінде сөйлеу үшін даусымызды жаттықтырайық. - Балалар, біз шынымен ертегі əлемінде жүргендей болдық. Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, жүрісін көрсете білдік. Ал бүгін «Шұбар тауық» ертегісін еске алайық. Сөздік жұмыс: шұбар. Билингвальді компонент:

тауық – курица жұмыртқа – яйцо Əліппе-дəптермен жұмыс: 2-тапсырма. Ым-ишара арқылы көрсет. - Ата мен əже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңғалды? - Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді? - Кəдімгі жұмыртқаны көргенде не істеді? 3-тапсырма. Ата-анаңмен бірге тауық бетпердесін жаса. Тәрбиеші «Шұбар тауық» ертегісін сахналайтындарын айтады. Алдын ала безендірілген сахна алаңына шақырады. Қоржынынан театр костюмдерін шығарады.

Балалар ойынға белсенділік танытады




Сұрақтарға жауап береді











Тапсырмаларды орындайды














Ертегіні еске түсіреді



Қайталап айтады





Сұрақтарға жауап береді



Қорытынды бөлім

Тәрбиеші қорытынды жасайды. - Қойылым барысында қиындықтар туындады ма? - Саған қай кейіпкерді сомдаған ұнайды? Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады. 1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды. 2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.

Қоржынды таңдайды



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: ертегідегі кейіпкерлердің сөз мəнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтіреді;

түсінеді: қамқорлық жасау, құрметтеу жəне мейірімді, кішіпейіл болуды;

қолданады: серігімен əңгімелесу кезінде түрлі дауыс күшін қолданады.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
902
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі