Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қанның құрамы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қанның құрамын және қызметін біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:08.11.2018ж

Сынып: 8

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Ақбұзауова Н.Қ


Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроцит, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі:транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау


Сабақтың мақсаты

Қан құрамы мен қызметі және қанның формалы элеметтерінің құрылысының ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау

критерийлері


Қанның құрамын талдау

Плазма мен қан жасушаларының құрылысы мен қызметін айқындау

Қан жасушаларын салыстыру, ерекшеліктерін айқындау

Плазма мен қанның қызметтерін жүйелеу

Ағза үшін қанның маңызына баға беру


Тілдік мақсаттар


Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер)


Негізгі сөздер мен тіркестер:

плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, гемоглобин, оксигемоглобин, карбоксигемоглобин , фибриноген. Альбумин, глобулин, тромб, гемофилия

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

1)      1 мм3 қанда олардың 6 – 8 мыңы бар;

2)      1 мм3 қанда олар 4,5 – 5 млн болады;

3) 1 мм3 қанда олардың 180 – 400 мыңы бар;


4)      Сүйек кемігінде түзіледі;

5)      Қызметі – қанды ұйыту;




Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Егер қанға таза суды құятын болсақ, қан жасушалары жарылып кетеді, егер қан жасушаларын концентратты тұз ерітіндісіне салсақ, олар бүрісіп қалады. Неге адам көп су ішкенде немесе көп тұзды тамақ жегенде осындай құбылыстар байқалмайды? Талдап, жауаптарыңды негіздеңдер.

/Адам көп су ішкенде немесе тұзды тамақты жегенде қан жасушалары зардап шекпейді, себебі адамда ішкі ортаның тұрақтылығы сақталады, артық су мен тұз тері мен бүйрек арқылы сыртқа шығарылады/


Құндылықтарды дарыту


Зайырлы қоғам және жоғары руханият.


Пәнаралық байланыс

химия

АКТ қолдану дағдылары

Бейнетаспа

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

Стикер арқылы 3 топқа бөлемін

І эритроцит

ІІ тромбоцит

ІІІ лейкоцит

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою

Үй тапсырмасын тексеру 
1.Организмнің ішкі ортасы неден түзілген?

2.Ұлпа сұйықтығы дегеніміз не?Оның маңызы неде?

3.Қан қандай ұлпаға жатады?

4. 1 тәулікте қанша литр лимфа түзіледі?




Шаттық шебері








Сабақтың ортасы




Мәтінмен жұмыс

І эритроцит Қанның қызметін қандай?

ІІ тромбоцит Қанның құрамы

ІІІ лейкоцит Қан плазмасының құрамында қандай заттар бар?

Топтық жұмыс:

1 тапсырма:«Мағынаны тану» әдісі (постер жасау, видео роликтер қанның жасушаларының қызметі)

1 топ «Эритроциттер, құрылысы, қызметі»

2 топ «Лейкоциттер, құрылысы, қызметі»

3 топ «Тромбоциттер, құрылысы, қызметі»

2 тапсырма: «Функционалдық сауаттылыққа байланысты есептер»

І- топ.Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 5 литр қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 2 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?(1 сағ 300л, 24х2х300)

ІІ – топ. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді, сонда 2 тәулікте қанша рет өтеді?(1 сағ 120рет, 24х2х120)

ІІІ- топ Проблемалық сұрақ
Тұрмыстық газ бен пештегі отын толық жанбаған кезде түзілген иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда, адам неліктен өліп кетеді?

3 тапсырма Сәйкестендіру тестісі

1.Қан

А.Оттекті тасымалдайды

2.Эритроциттер

В.Қан ұйымайтын ауру

3.Гематолог

С.Қанның қызыл түсті жасушалары

4.Гемофилия

Д.Организмнің айнасы

5.Гемоглобин

Е.Қан ауруын емдейтін дәрігер

6.Глобулин

Ж.Плазмадағы белок


І топ Дұрыс жауапты таңда
□ плазма – қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы;
□ плазма құрамында 58 – 70 % су бар;
□ плазма құрамында 90 – 92 cу бар;
□ плазма құрамында 0, 2 – 1, 8 % cу бар;
□ фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
□ плазма құрамында 7 – 8% нәруыз бар;
□ плазма барлық қанның 55% - ын құрайды;
□ плазма барлық қанның 65% ын құрайды;

ІІ топ. Эритроциттерге тән қасиеттерді таңда.
1) Қызыл қан жасушалары;
2) 1 мм3 қанда олардың 6 – 8 мыңы бар;
3) 1 мм3 қанда олар 4, 5 – 5 млн болады;
4) Сүйек кемігінде түзіледі;
6) Қызметі – қанды ұйыту;
7) Тіршілік ұзақтығы – 120 тәулік;
8) Ядролық жасушалар;

ІІІ топ. Мәтіндегі бес қатені тап, олардың астын сызып, дұрыс жауаптарын жаз.

Эритроциттер – қызыл қан жасушалары. Олар өте кішкентай. 1мм3 қанда олардың 10 млн болады. Бұл – өз беттерінше қозғала алмайтын, шар пішіндес жасушалар. Жасушалардың ішінде нәруыз бен мыстың қосындысы - гемоглобин бар. Эритроциттер көкбауырда түзіліп, сүйек кемігінде бұзылады. Олардың негізгі қызметі - нәрлі заттарды тасымалдау.

5 тапсырма: «Сандар сыры»

1. 4,5-5 л – қанның жалпы қалыпты мөлшері.

2. 45 % - қандағы формалы элементтер.

3. 90 % - қан құрамындағы су.

4. 7-8 % - нәруыздар.

5. 0.9% - плазмада минералды тұздар.

6. 120 күн – эритроциттердің тіршілік ұзақтығы.

7. 2-4 күн– лейкоциттердің тіршілік ұзақтығы

8. 6-8мың – 1 м³ қандағы лейкоциттер саны.

9. 55% - қан флазмасының көлемі.

10. 0,12%-плазмада еріген глюкоза

11. 8-11 күн- тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы




4-тапсырма: «Қан аруларын білесіз бе?»

  1. Гемофилия ауруы-

  2. Қан аздық ауруы –

  3. Ақ қан ауруы -




Қосымша ақпарат

Эритроцит – қанның қызыл түйіршіктері. Диаметрі 7 – 10 мкм – ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді. Жетілгендерінде ядро болмайды. 1 мм ³ қанда 4, 5 – 5 млн эритроцит болады. Эритроцитте қанға қызыл түс беретін гемоглабин болады. Гемоглабиннің негізгі қызметі оттекпен көмірқышқыл газын тасымалдау. Эритроциттің тіршілік ұзақтығы 120 күн. Гемоглабин оттегімен қосылып оксигемоглабин түзеді.
Гемоглобин оттектен басқа иіс газымен қосылып, карбоксигемоглабин түзеді.
Адамның эритроциттерінің диаметрі 7, 5 мкм, қалыңдығы 1 - 2 мкм. Қанның 1 мм3 - де шамамен 4, 5 – 5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қанында 6 - 7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді..
- орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
- қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды.
Дені сау адамда қанша қан жасушалары болады?

(25 триллон эритроцит, 80 миллиард лейкоцит,2 триллион тромбоцит)




.






Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Аяқталуы



«Жұбын тап» әдісі

Әр топқа жауабы немесе сұрағы бар қағаздар таратылады. Оқушылар топ ішінде сәйкес сұрақ пен жауапты іздейді.

Таратылатын қағаздар:

1-топ:

қанның формалық элементтері дегеніміз /қан жасушалары/

гемоглобин өкпеден мүшелерге /оттекті тасиды/

гемоглобин дегеніміз /қанның қызыл түсті пигменті/

фагоцитоз дегеніміз /ағзаның қорғану реакциясы/

2-топ:

қанның ұюына қатысады /тромбоциттер/

қанның құрамы /плазма және қан жасушалары/

қаназдық /анемия/

қан жасушаларының ішіндегі ең ірісі /эритроциттер/

3-топ:

қаназдықты емдеуде қолданылатын дәрумен /В12/

амеба тәрізді қозғалады /лейкоциттер/

лейкоциттер 1 мм3 қанда /6-8 мың/

плазманың нәруыздары /альбумин, фибриноген, глобулин/

Дескрипторлар:

Қан жасушаларының қызметін біледі.

Қан құрамын бір-бірімен салыстыра алады.

Жаңа сабақты бекіту.

Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді
















Сабақтың соңы


.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы оқушылардың психологиялық жағдайын, тақырыпты меңгеру барысындағы өзін-өзі бағалауын анықтау.


Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген есептер мен тапсырмаларды орындай алавды


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Математикаі сабағында

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
2292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12