400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қанықпаған көмірсутектер. Полимеризация реакциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қанықпаған көмірсутектер тақырыбына ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК

(білім беру ұйымының атауы)

Оқу сабағының жоспары

Сабақ тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектер. Полимеризация реакциясы.

Полиэтилен өндірісі

Модуль /пән атауы: Химия

Дайындаған педагог:

1. Жалпы мәліметтер:

    Курс: 1 Топ(тар):

Сабақ типі: аралас

2. Мақсаты: Қанықпаған көмірсутектерді білу

Міндеттері:

Алкендердің гомологтік қатарын, құрылысын, физикалық және химиялық қасиеттерін, олардың алу жолдарын қарастыру.

3. Оқыту нәтижелері:

1) Қанықпаған көмірсутектердің гомологтық қатарын құрайды;

2) Қанықпаған көмірсутектердің құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіреді;

3) Оларды алу әдістерін ашады;

4) Алкендердің құрылымдық формулаларын құрастырады

4. Қажетті ресурстар: Оқулық, плакаттар, презентация, бейнематериал


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Білім

алушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Сабақ-

тың басы

8 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу

Миға шабуыл (Үй тапсырмасын еске түсіру):

1. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын кім жасады?

2. гибридтену дегеніміз не?

3. Алкандардың жалпы формуласын атаңыз?

4. Гомологтар дегеніміз не, алкандардың гомологтық қатарын атап беріңіз?

5. Пентанның молекулалық формуласын атаңыз?

6. Алкандардағы көміртек- көміртек арасындағы байланыс ұзындығы қанша?

7. Алкандар химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

8. Алкандар қолдану салаларын атаңыз

Сәлемдеседі

Зейінін сабаққа аударады



Сұрақтарға жауап береді










10 б


Сабақтың ортасы

75 мин



Тапсырма 1. Топтық жұмыс

1) Алкендер дегеніміз не? Жалпы формуласы қандай?

2) Төмендегі қосылыстар арасынан алкендерді теріп жазып, атаңыздар: С2Н4; С5Н12; С4Н8; С10Н20; СН4; С4Н6; С6Н12; С7Н14

Алкендер анықтамасын біледі, жалпы формуласын атайды

Қосылыстар формулалары арасынан алкендер формуласын табады және атайды






20 б

Оқулық



Тапсырма 2. Жеке жұмыс

1) Мына заттардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар: 2 метил пентен-2; 2,3 диметил гексен-1; 3 метил, 5 этил гептен-2;

2) Алкендер алу әдістерін жазыңдар

3) 9,2 г этил спиртін дегидраттау нәтижесінде түзілетін этиленнің (қ.ж) көлемін анықтаңыздар

Берілген заттардың атаулары бойынша құрылымдық формуласын жазады

Алкендер алу әдістерінің реакция теңдеулерін жазады

Этиленнің көлемін анықтайды

20 б


Плакат

тар


Тапсырма 3. Жұптық жұмыс

1) Кестедегі бос орындарды толтырыңдар

Алкендер CnH2n

Молекулалық формуласы

Атауы

С2Н4



пропен (пропилен)

С4Н8



пентен (амилен)

С6Н12


С7Н14



октен (октилен)

С9Н18



децен (децилен)

2) Егер 0,4 г көмірсутек 2,286 г бромды қосып алатын болса, осы этилен көмірсутегінің молекулалық формуласын табыңдар.

Бос орындарға алкендер формулалары мен атауларын жазып кестені толтырады

Заттың массасын есептеп, оның формуласын анықтайды







Жауабы:

0,4 г – 2,286 г Br2

x г – 160 г Br2 x = 28 г С2Н4







30 б

кесте


есеп


Тапсырма 4. Топтық жұмыс

1) Алкендер химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырыңдар

2) Этилен полимерлену реакциясын құрастырыңдар

3) Алкендер қолданылуын кластер арқылы түсіндіріңдер

Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады

Полимерлену реакциясын құрастырады

Алкендер қолдануын кластер бойынша түсіндіреді






20 б


Сабақтың соңы

Рефлексия

5-мин

Picture 3

сабақты бекітеді

кері байланыс орнатады

рефлексия жүргізеді



Үй тапсырмасы туралы ақпараттан

дыру

2-мин


«Пластик және полиэтилен қоршаған ортаға әсері» презентация дайындау


Қосымша-1

Алкендер –молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы   CnH2n   болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкендердің ең қарапайым өкілі- құрамында екі көміртек атомы бар –этилен С2Н4  

(СН2 = СН2). Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады.

Этилен молекуласындағы көміртек атомының әрқайсысы екі сутек атомымен байланысқан және олар өзара қос байланыс арқылы жалғасқан. Этиленнің молекула құрылысын мынадай формулалар бейнелейді:

 Shape2 Shape1       Н             Н

С = C  

 Shape3 Shape4       

 Н            Н


Алкендерде көміртек атомдары sp2- гибридтенген күйде болады. Этилен молекуласындағы әр көміртек атомының бір s- және екі p-электрон орбитальдары гибридтенуге қатысады. Яғни, әр көміртек атомында үш гибридтенген электрон бұлты жіне бір гибридтенбеген p-электрондық орбиталь болады. Үш гибридтенген орбитальдың е

кеуі сутек атомдарының s-электрон бұлттарымен екі σ- байланыс, ал үшінші гибридтенген орбиталь екінші көміртек атомының осындай орбиталымен қаптасып, тағы бір σ-байланыс, этилен молекуласында барлығы бес σ-байланыс түзеді.

Алкендер мен алкадиендердің жоғары химиялық белсенділігінің себептері

Алкендердегі С қос байланысы функционалдық топтың рөлін атқарады және қосылыстар класындағы типтік реакциялар үшін жауап береді. Қосылу барлық алкендерге тән реакция.

Алкендердің реакциялық белсенділігі, п-байланысының реагенттердің әсерінен тез үзілуіне байланысты.

Қосылу нәтижесінде көміртек атомының sp2 – ден sp3– гибридттік күйге өтеді. Реакция нәтижесінде қаныққан өнімдер түзіледі.

Электрофильді қосылу

Галогенсутектер алкендерге қосылып, галогеналкандар түзеді. Алкендерге қосылу реакцияларында галогенсутектің химиялық белсенділігі фтордан йодқа дейін артады. Электрофильді реагенттердің (фторсутектер, хлорсутектер және т.б.) қос байланыспен байланысқан көмірсутектермен әрекеттесуі электрофильді қосылу деп аталады. Электрофильдер – сыртқы электрон қабатында орбитальға ие бөлшектер (катиондар мен молекулалар), электрон жұптарының акцепторлары (-H+CH3+Br+Cl+NO2+AlCl3 және т.б.).

Қос көміртек-көміртек π-байланыс электрондар доноры болып саналады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.02.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі