Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қақпақшалы жапсырма қалтаны өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге , жас мамандарға,студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні : 06.03.2019

Ашық сабақтың тақырыбы Қақпақшалы жапсырма қалтаны өңдеу


Сабактың мақсаты:

 

Білімділік: Студенттерге қақпақшалы қалтаны өңдеу әдісінің технологиялық шарттарын сақтай отырып,өңдеуді үйрету Нұсқау картасымен өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің білімін тереңдету.

Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,

оны қайта жаңғыртуға машықтандыру.


Тәрбиелік: Студенттерге өз бетімен жұмыс жасауға, әсемдікке,ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың міндеттері: Кәсіптік икемдерін, талаптарын жетілдіру, тігінші мамандығы бойынша қызығушылығын тудыра отырып, шығармашылық қабілетін, білім қажеттілігі мен іскерліктерін дамыту,.


Сабақтың құрал-жабдығы: Сызба нұсқа, нұсқау карталар, қақпақшалы қалта плакаты, интерактивтік тақта, тігін құрал-жабдықтары, қайшы ,сызғыш


Сабақта пайдаланған әдістер: Ауызша баяндау- әңгімелеу, түсіндіру.

Демонстрациялық- үлгілер мен слайд көрсету.

Репродуктивті- еңбек тәсілдерін көрсету, бейнеролик, Топшамалармен жұмыс

Пәнаралық байланыс: Тігін бұйымдарына арналған материалдар, киімдерді құрастыру, тігін өндірісінің жабдықтары.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі: Т. Сүлейменова Бұйымның түйіндік өңделуі.

Қосымша: Б. Сатыбалдинова, М. Сәлімбаева Тігін өндірісінің технологиясы.







САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ


I. Ұйымдастыру кезеңі (5мин):

  1. Сәлемдесу;

  2. ҚР әнұранын орындау;

  3. Студенттердің сырт көрінісін тексеру;

  4. Студенттерді түгелдеу;

  5. Студенттердің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруын бақылау;

II. Ұйымдастыру Формасы 3-мин

1Студенттер қорапшадан шоколадтар тандайды

2. Берлілген шоколад турлеріне қарай 4 топка бөлінеді.


IІI.Үй тапсырмасын тексеру: (7- мин)

Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақты қайталай, жаңа сабақпен

байланыстыру:

  • Қалта қандай киімдерге көбірек қажет?

Ж: Үй киімдеріне және жұмыс киімдеріне қажет. Көйлек, белдемше шалбар, күртеше,пальто т.б сырт киімдерде.

  • Қалталардың өңделуіне карай қанша түрі бар?

Ж: Үш түрі бар-жапсырма, тілме, тігістегі

Кол жұмыстары мен аспаптарын атаңыз?

  • Белдікті бұйымдарды калай өңдейміз


Оқушыларға жауаптары үшін тиісті бағасын қою, ол бағалар сабақ соңында қорытынды бағасына өз әсерін тигізеді.

IV. «Кім жүйрік» сайысы.

Екі топқа да ортақ сұрақтар қойылады. Қай топ көбірек жауап берсе, сол топқа да ұпай саны беріледі.

Сұрақтар:

1.Кол тігістің мынадай түрлері бар.Олар.............

2.Машина тігістерінің ең көп тараған түрі...........

3.Инемен шаншып, жіппен тіккен арақашықтықты ....... атайды

4.Біріккен тігістерге......... тігісі жатады

5. Желімделетін материалды қыздырғанда......желім балқиды

6. Матаны пішпес бұрын ..........үтіктейді

7.Қалта .........киімдерге қажет.

8. Киімнің негізгі бөлшектеріне .........бөліктері кіреді.

9. Қол тігін жұмыстарымен жұмыс жасаған кезде............ережелерін сақтау керек






V.Жаңа сабақ : (15 мин):

  1. Сабақтың тақырыбын хабарлау;

Жаңа сабаққа қысқаша шолу

Қақпақшалы жапсырма калтаны өңдеу.

Матаның түріне қарай жапсырма қалтаны жалаң қабатты немесе қос қабатты етіп жасайды. Жапсырма қалтаны көп жағдайда өңірлегі қалта келетін тігістің бойына немесе қалта аузын сырып, өңірдің астына әсемден, сәндел тігеді, қалтаға сәндік матадан жасалған жиек, шілтер, түрлі таспа баулар пайдаланылады. Қалтаның размерін киім-нің сән үлгісіне сәйкестендіріп жасайды. Осы мақсатпен таңдап алған размер мен формаға сәйкес* қалт аның үлгісін қағаздан пішіп алу керек. Өлшеген кезде үлгіні түйреуішпен киімге түйрел қойып, қалталық орны размерін белгілейді. Шетінен тігіс түскен жапсырма қалта : егер киім мақта матадан тігілсе, дайындау үшін жоғары жағынан 3,5—4 cм қалдырылған жерді қалта аузына таяу сызықтан сыртқа қарай бүгін, қиылған шетін ішке 0,7—1 см шамасында бүккен соң көктеп, сол жерге жақындатып машинамен жүргізу керек. Тігістің еніне жіберілген 0,7 — 1 см-ді қалтаның теріс жағына айналдырыл. көктеп, үтіктейді . Дайын болған қалтаны киімнің негізгі деталіне белгіленген сызықтар бойынша салып, көктеп ең шетінен машинамен жүргізу қажет.

Шетінен біршама қашықтықта салынған әр түрлі сәндік үшін тігіс түскен жапсырма қалта. Мақта-матадан тігілген үлкен қалталарды әдетте шетінен әдіптел тігеді, кішкентай, сондай-ақ жүн, жібек немесе синтетикалық маталардан жасалатын қалталарды қос қабаттап жасаған жөн. Ішкі шеті ирек тігіспен көктелген шеттік, әдібін оң жағы мен қалтаның оң жағына, әдіптің көлденең қиығымен қалтаның жоғарғы қиығы сәйкес келетіндей етіп салып, қиылған жерлерді көктеп, ені 0,7 см тігіс жүргізеді. Содан кейін қалтаның жоғарғы шетін үтіктеп, дәл бүктелер жерден тігіс түсіру керек . Әдіп пен қалтаның қалта аузының белгіленген сызығы бойынша оң жағын ішіне қаратып бүгіп, екі детальдың да шеттерін тегістел, әдібі жағынан көктеп алады. Осылайша дайын болған қалтаны негізгі детальдағы белгіленген орнына тігін салады . Тік төрт бұрышты жапсырма қалтаны тігіс түсетін артық жер қалдыра отырып пішеді .

  Видеоролик көрсету

  1. Нұсқау картасын тарату

Калтаның сызбасын сызу

Нұсқау картамен жұмыс істеу.15мин


Жұмысқа кіресер алдында техника қауіпсіздік ережелерін қайталайық:

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қол инесімен жұмыс:
1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Инені киімге қыстыруға болмайды.
3. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.
5. Инені тістеп отыруға болмайды.
6. Инемен ойнап отыруға болмайды
7. Инені пердеге көйлекке қыстырып кетуге болмайды.
Қайшымен жұмыс:
1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды
5. Қайшының ұшын жоғары көтерме
6. Қайшылар өткір болуы керек және жабық сақталғаны жөн.

VI.Қақпақшалы жапсырма қалтаны өңдеу.

1- ші : Қақпақша бөлшектері,қақпақша мен қақпақша астарын пішіп дайындау.

2- ші а: Қақпақшаға желім қатырма жапыстыру.

3- ші : Қақпақша мен қақпақша астарын теңестіріп отырып біріктіріп тігу.

4- ші: Қақпақша бұрышын тігіске 2-3 мм қалдырып қырқу.

5- ші : Қақпақша оң бетіне аударып, айналдыра көктеу.

6шы Қалта орнын белгілейміз.

7ші Калтаны бұйымға біріктеріміз


VII Қорытынды нұсқау.

1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын айтып көрсету.
2. Қателерді сипаттап, олардың орын алу себебіне тоқталып өту.
3. Бағаларын жариялау.
4. Шеберхананы жинастыру.



VIII Үй тапсырмасын беру

Қалта түрлеріне слай жасау











































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2019
2642
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12