400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қара өлең "Алаш алыптары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушының көркем сөзбен Алаш зиялылары жайында шығарған туындысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаш алыптары

Қазақтың зиялылары мәңгілік ел есінде,

Сен болсаң олар жайлы білесің бе?

Қазақ үшін күресте жанын қиған

Алаштың алыптары түседі еске.


Ахмет бар,Міржақып бар,Сәкенің бар,

Қазақ үшін мың өліп, мың тірілер.

Отан үшін отқа түсіп күйесің бе?

Оңай жұмыс емес соны сен сезесің бе?


Жаламен жазаланды,қудаланды,

"Қазақ",-деп айдауда да бір тынбады.

"Ел намысын қорғаймыз",-деп қарсы тұрып

Қазірде сол мақсаты орындалды.


Мағжаным қазақ үшін көп қиналды,

Өлеңменен анасына хат арнады.

Ахмет те аз қиындық көргені жоқ

Абақтыға мың рет түсіп,қудаланды.


Міржақыбым халықтың көзін ашты,

"Оян қазақ",-деп қазақты жырға қосты.

Білімді дамытуға күш салғанмен

Қаралар жала жауып, көп қанады.


Алаштың алыптары тырысты көп,

Газетке жарияланды мақала дөп.

Жазадан қашқандықтан амалы жоқ

Аралады қаланы амалсыз көп.


Алаштың алыптары,

Солар ғой қазағымның данышпаны.

Бостандықтың көк туын көкке көтеріп,

Өзінің ұрпағына табыстады.


Бұл арыстардай бола алмайды қазір ешкім

Қазақ үшін күресті үш жүз алпыс бес күн.

Сіздерді халық сыйлап,құрметтейді,

Жылына еске алмай бір кетпейді.


Олар қосты үлесін қазақ үшін

Мен де қосам үлесті білім үшін

Ей,қазағым сен де күш сал әрқашанда,

Қорқа соқпа ұлтын үшін ешқашанда.


Олар сияқты зиялы болмасам да,

Ұқсап бағам болуға дара тұлға.

Алаштың алыптары ұмытылмас

Сақталады есімдері ой-санада.


Қ.Мұхамеджанов атындағы №1мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушысы Рақымжан Нұрсезім

Жетекшісі: Ахметова Алтынай Жанабаевна

























Түйіндеме

Аты-жөні:Рахымжан Нұрсезім

Туылған күні:18.06.2003

Туылған жері:Қызылорда қаласы

Азаматтылығы:қазақ

Мектебі: Қ.Мұхамеджанов атындағы №1мектеп-гимназиясы

Сыныбы: 9 «Ә»

Жетекшісі: Ахметова Алтынай

Тел: 8 775 717 25 85



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.02.2018
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі