Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Қара қазан –ұлттық құндылық
Мазмұны:
І. Кіріспе............................................................................................................ 1
ІІ Негізгі бөлім
1. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қасиетті қазан................................................3
2. Қазақ пен қазан – егіз ұғым...........................................................................4
3. Қазанға байланысты салт-жоралғылар........................................................10
.4. Қазанға байланысты ырымдар мен тыйымдар..........................................12
ІІІ. Қорытынды..................................................................................................14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ........................................................................15
Кіріспе
Зерттеу тақырыбы: Қара қазан –ұлттық құндылық
Жұмыстың мақсаты: Қандай ел, қандай халықтың болмасын ата бабасынан келе жатқан ерекше жәдігерлері, таптырмайтын құнды мұра болып табылатыны сөзсіз. Сондай құнды мұралардың біріде, бірегейі дәстүрлі қазақ қоғамында қасиетті қазан екенін, бүгінгі таңда өзіміз қатарлы балаларға, жалпы көпшіліке жан-жақты таныстыру.
Міндеттеріміз:
-
Қара қазанның құдіреттілігін ашып көрсету;
-
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қазанның қасиеттілін көрсету
-
«Қазақ пен қазан – егіз ұғым» деген тұжырымды ойыма дәлелдер келтіру
-
«Қара қазан –ұлттық құндылық» екенін дәлелдеу
-
Гипотеза: Қара қазан - нағыз қазақылықтың нышаны, қазақ дәстүрінің бірі бола ала ма?
Ғылыми жаңалығы: Иә, «қазан шайқалса, ырыс шамданады» дейді халқымыз. Бұл ырыс пен бақ ынтымағы ұйыған, бірлігі жарасқан елге қонады дегенді аңғарту болса керек. Қазақ ежелден қазанын қастерлеген. Аталарымыз көшіп-қонғанда қазан-ошағын тастамаған деседі. Өйткені, қазақ үшін қазан – ырыс пен ынтымақтың символы. Осындай қасиетті де қастерлі, қазанның құндылығы, туралы өзім теңдес жастарға түсіндіру, ары қарайда осы баға жетпес мұрамыз туралы зеріктеп ел игілігіне жарату жұмысымның ғылыми жаңалығы болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақта “шаңырақтан қара қазан кетсе, үйден ырыс кетедi” деген нақыл сөз бар. Сондықтан да қазақ қазанды сыйға бермеген. Қара қазан – қазақтың жетi қазынасының бiрi.
Әлкей Марғұлан қазанға байланысты “Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан – шаңырақ сияқты, бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды”, – деп жазады. Күнделікті тәжірибеде киелі саналатын қазанға қатысты наным-сенім,ырым, жоралғылар қазақ арасында баршылық.
Осындай құнды дүниеміз жайында мағлұматтар жинастырып, дәріптеу және «қара қазанның» ұлттық құндылықтың бірі болатындығын дәлелдеу өзектілігі болып табылады.
Осы тақырыптың өзекті екенін анықтау барысында өзімібен сыныптас оқушылардан сауалнама алдық. Сауалнама барысында төменгі көрсеткіштер анықталды.
1.Қазан дегеніміз не?
А) Тамақ пісіретін ыдыс
Ә) Жеті қазынаның бірі
Б) Ай аты
2. «Қара қазан» деп неге айтқан?
А) Түсі қара болғандықтан
Ә) Атадан қалған мұра болғандықтан
Б) «Қара» сөзі «халық» деген ұғымнан алынғандықтан
3.Үйде тағамды қандай ыдысты дайындайды?
А) Толқынды пеште
Ә) Арнайы кострюлде
Б) Табада
В) Қазанда
4. «Қазан» ұлттық құндылыққа жата ма?
А) Иә
Ә) Жоқ
Б) Білмеймін
5. Ұлттық құндылық болып қалу үшін не әстеу керек?
А) Қасиеттін түсініу керек
Ә) Тамақ пісіру керек
Б) Келер ұрпаққа аманат етіп сақтап қою керек
6.Ізденіс жұмысты тыңдағаннан кейін «Қара қазанның» қасиетін тани алдың ба?
А) Иә
Ә) Жоқ
7. «Қара қазан» - ұлттық құндылық бала ала ма?
А) Иә
Ә) Жоқ
Б) Мүмкін
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қасиетті қазан
Қазан — тамақ пісіруге арналған шойыннан немесе басқа металдан құйылып жасалған ыдыс. Қоладан, мыстан, шойыннан құйылады. Мыс пен қоладан қалыпқа құйылып, түрлі өрнекпен, аңдар бейнесімен әшекейленген қазандар алғаш рет сақ дәуірі ескерткіштерінен қазып алынған. Бұл кезеңде құрбан шалуға арналған қола қазандар кең тараған. Кейінірек қазан шойыннан құйылатын болған. Қазанды көтеруге ыңғайлы болуы үшін ернеу тұсына сырт жағынан 2–4 құлақ жасалады. Ертеректе қазақтар көші-қон кезінде қазанды қазанқапқа салып, арбаның артқы жағына немесе түйенің ашамайына іліп алып жүрген.
Қазанның сыйымдылығы әр түрлі. Он екі қарыс тай қазаннан бастап, екі литр ғана су сиятын кішкене Қазан болады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Қазан қасиетті саналады. Қазан культі көшпелі халықтардың бірқатарында сақталған.
Қазақта “шаңырақтан қара қазан кетсе, үйден ырыс ке¬тедi” деген нақыл сөз бар. Сондықтан да қазақ қазанды сыйға бермеген. Қара қазан – қазақтың жетi қазынасының бiрi. Қазақтың дауылпаз ақыны Махамбет батыр да “Қара қазан, сары баланың қамы үшiн!” деп атқа мiнген жоқ па едi?! Аталарымыз қазанды тiршiлiктiң қайнар көзi,үйдiң ырысы деп санаған. Қандай қиын-қыстау күнде де, қазақ қара қазанын ескi жұртқа тастамаған, тiптi алып жүру мүмкiн болмаған жағдайда қазанды өзiнiң ырымын жасап көмiп кетiп отырған. Ондағы мақсаты үйден қазан кетсе, “ырыс-несiбемiз, құтымыз кетедi” деп санаған. Қызбала тұрмыс¬қа шыққанда, ата-анасы барлық дүние-мүлiктi берсе де, қара қазанды бермеген. Қазақ ешқашан да қазанды сыйға тартпаған. Көршi-көлем той-садақа жасағанда қазанды уа¬қытша пайдалануға бередi, бiрақ қазанды пайдаланып болғасын қазанның түбiне дәм салып жiбередi. Қара қазан өте қасиеттi дейтiнiмiз: балалар тiл-көз тиiп ауырып қалғанда, қазанның құлағынан қара күйе алып ұшықтағанда жазылып кететiнi. Теңiзге батып табылмаған адамды қара қазанмен табатын. Ол үшiн адамның теңiзге кеткен тұсына қазанды тастайтын. Қазан су бетiнде ұзақ қалқып жүрiп адам жат¬қан жерге келгенде өз-өзiнен батып кетедi. Қазан су астындағы мәйiттiң үстiне, не қасына түседi. Бұл ырымды теңiзшi¬лер әлi қолданып жүр. Қазанның бұдан да басқа қасиетi көп…
Қазақ пен қазан – егіз ұғым
Әуелден «ырыстың басы – қара қазан» дейтін қазағымның дүнияуи өмірінде «ошақ», «отбасы», «қазан» киелі болып саналған. Ас дайындау құралы бола тұра, оны берекенің, ауызбіршіліктің, отбасының символы деп есептеген. Махамбет жырындағы «қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік» деуінің де осындай астары бар. Көшпелі өмірдің ажырамас бұйымына айналған бұл ыдыстың мамыражай тірлікте де, жорық жолдарында да кез келген уақытта ас дайындауға қолайлылығы, үлкенді-кішілі көлеміне қарай оңтайлылығы бөлек әңгіме.
« Ақта не ақ?
Қар – ақ, ұстасаң қолыңды тоңдырады. Қарада не қара? Қазан – қара,
ас ішсең қарныңды тойдырады» деген халық тағлымы да қазанның қазақ
үшін маңызының тереңде екенін сездірсе
керек.
Ас құралы болған қара қазан қазақтың қорғаны, панасы да болған. Аштықтан аман сақтаған осынау үй ыдысының жар астынан жау шапқанда сәбиін қара қазанның астына тығып, аман алып қалғандар туралы көп кітап тәптіштейді.
Қазекең астарлап жеткізетін кейбір ұғымдардың қазанға қатыстысы да жетерлік. Күні бүгінге дейін кей ауылдардағы зираттардан қабірдің үстіне немесе сол моланың ішінде төңкерулі қазанды кездестіруге болады. Бұл халық түсінігінде «әулеттің оты өшті, ешкімі қалмады» дегенді білдіреді. Яғни, мұрагері жоқ, балалары қалмаған әулетті осылай білдіріп отырған. Ертеректе үлкендер «қазанды төңкерме» деп ұрысып жатушы еді, оның артында осындай астары бар.
Қазақ «ырысым өзге үйге кетіп қалады» деп қызға қазан бермеген. Сол сияқты қайтыс болған адамның тұқымы тоқтаусыз өле берсе, зиратына құран оқытып, қазан төңкерген. Қазақтың суға кеткен адамды, сол үйдің қазанын суға төңкеріп әлгі адамды іздейтін де ырымы бар. Көп жағдайда қазан суға кеткен жанның тұсына қалқып барып, дөңгеленіп тұрып алады екен. Таңғаларлық жайт, бірақ бұл халық тәжірибесінде бар нәрсе.
Еліміздің ертеден жеткен ерекше мұрасының бірі және бірегейі – Түркістандағы Тайқазан. Әмір-Темір бабамыз соқтырған деп саналатын осынау құнды жәдігердің жеті түрлі асыл металдан жасалғаны баяндалады бір жазбаларда. Бір қызығы, осы үлкен ыдыстың кішкентай ғана май шам секілді оттықпен қайнағаны да айтылады.
Қазақы ұғымда қазаннан айрылу құт-берекеден айрылумен тең саналған, кектескен, жауласқан жұрттың жауының мысын басу, рухани жер ету үшін қазанын тартып әкететін де жағдайлары болған. Бұл үлкен масқара саналған.
«Қазаның толы болсын», «Қазаның оттан түспесін» дегені қазақтың өзімен бірге жасасып келе жатқан алғысы, батасы. «Қазаның қайнамасын» деген қарғысты да қалдырған қазақ.
Келін толғатқанда жарыстыра қазан асып, толғақты жеңілдеткен де, бұл жоралғысына «Жарысқазан» деп ат қойған да осы атам қазақ. Сыйлас, құралыптас адамдардың «қазан шегелей келдік» деп астарлап бір-біріне қыдырыстайтыны да осы ас иесі – қара қазанға қатысты.
Замана ағымымен ел жаңарып жатыр, табиғаттың өз отыны – газ келді қолданысқа. Ауладағы ошақ, қазанның мәні төмендей бастады. Рухани тамырың, тағлымың – қара қазанды бүгінгі ұрпаққа ұмыттырмау, бұл да бүгінгі көп міндеттің бірі болып отыр.
Қазан-ошақ төңкеру демекші, аталмыш дүниені төңкеріп қою ежелден жаман ырымға баланыпты. Мәселен, шаңырақта адам қалмай, бәрі о дүниелік болса, үйдің қазаны төңкеріліп қойылған. Бұл салттың әуелгі мәнісі – «шаңырақта енді түтін түтететін адам жоқ» дегенді білдірген.
Бүгінгі жаһандану жан алқымнан алып өзімен-өзі жанталасқан қоғамда қазаннан қақпақ қана емес, қадірдің де кете бастағаны рас.
оооооооо
Қара қазанның символикалық белгісі туралы этнограф ғалым Сейіт Кенжеахметұлының былай деп жазғаны бар:
«Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да, ең алдымен, қазаннан өтеді. Халық жай ғана «қазан» демей, оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде «қара» сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді ».
Қара түс түркі дүниесіне, соның ішінде қазаққа да жат емес. Қазақтың сөздік қорындағы «қара тұту», «қара жүрек», «қара жамылу», «қаралы көш», «қара қазан», «қара шаңырақ», «қара ниет» сияқты ұғымдар соның айғағы.
Қазақтың ер ақыны Махамбет Өтемісұлының:
«...Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік...» деп келетін өлеңінде халқымыздың киелі символы - қазанның төңкерілмеуі жолындағы ерлік күресті айтады. Ал мына бір толғауында:
«Астана жұртын айналған,
Астына тұрман болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен;
Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен» деп, халқы топтасқан астананы ұран етіп Махамбет ақын сары далада жойқын күш болған батыр бабаларымызды еске түсіреді.
«Қара қазан» тіркесі ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат Бабатайұлының:
Сен туған жерді тастадың,
Теріске елді бастадың...
Қара қазан, сары бала,
Кемпір-шалдың қамы үшін...
-деген жыр жолдарында да ұшырасады. Бұндағы «Қара қазан, сары баланың қамы үшін», «Қара қазан сары бала, жылап жатыр көп бала» дегеніміз – халық, бұқара халық дегеннің баламасы.
Әлемге есімі белгілі мәшһүр Ақсақ Темір өзі жасатқан Тайқазанды өзі тұрған Самарқантқа емес, Түркістанға әкеліп қоюы-түркілердің қара шаңырағы Түркістан, Мағжан ақын айтқандай «Ер Түріктің бесігі» екенін білген.
Бұл жөнінде академик Ә.Марғұлан: «Құламерген» жырында теңіз астынан қазан іздеу тайпалар одағының бірлігін сипаттайды. Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан – шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды», - деп жазады.
Осы жыр, аңыз-әңгімелердегі айтылған ойдың тобықтай түйіні тіліміздегі «қара қазан, сары баланың қамы үшін» деген сөзде сақталған
Қазанға байланысты салт-жоралғылар
Қазақ не айтса да, қалт айтпаған екен. Бүкіл ырым-тыйымдардың астарына мұқият мән берсең, дүниедегі бар қорқыныштан сақтандырып кеткенін байқайсың. Рас, қазақтың қазанға қатысты ырымдары көп.
Қазақтың таным-түсінігінде қазанның алатын орны ерекше. Мысалы, Түркістандағы тайқазанды алайықшы. Бұл тайқазан – берік дәстүрден тамыр алып, исламдық мәнмен астасқан көне мұрамыз. Бұл тайқазан – тұтастығымыздың, игілікті істердің символы. Тайқазан сонау 1399 жылы сирек кездестетін жеті түрлі асыл металдың қоспасынан құйылған. «Кімде-кім Алла тағала үшін су құятын ыдыс жасаса, Алла тағала жұмақта оған арнап хауыз дайындайды» деген хадис бар. Соған қарағанда бұл тайқазан кесененің бір бұрышына жай жәдігер ретінде қою үшін емес, осы хадиске амал ету үшін жасалған сияқты. Сондықтан Әмір Темір заманынан қалған Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің төрінде тұрған тайқазанды құр қаңсытпай су құйып қойса, зиярат етіп келген адамдар судан ішіп, шөлін басса, пайғамбар сүннетін орындағанымыз болмай ма? Негізінде, мұндай алып қазан жасау дәстүрі сақ, ғұн, үйсін дәуірлерінде де болған екен. Қазақ береке мен бірліктің белгісі санағандықтан, мұндай алып қазанды билеушілер мен әскербасылардың қабіріне қойған. Зиярат етіп келген адам қазандағы суды ішіп шөлін басып, қабір иесіне дұға бағыштаған. Бейіт басындағы қазанға қарап, марқұмның жай адам емес, ел билеген көсем, жау жапырған батыр болғанын білген.
Қазан – қазақтың қуаты. Белгілі ақын Жанарбек Әшімжанның «Қара қазанда асылған аппақ көже, Қара ұлдың бойына қуат берді» деп келетін өлеңі бар. Қазанға байланысты салт-жоралғыларымыз да жеткілікті. Соның бірі – жарысқазан. Жас босанған келінге жасалатын салт. Негізі ислам дінінен алынған. Біздің қазақ келіншектері де жас ананың аман-есен босануы үшін Аллаға шын жүрекпен жалбарынып, жер-жерден қазан асқан. Осы дәстүрді қазақ «жарыс қазан» деп атаған. Сол сияқты, бізде «қазан шегелеу» деген салт бар. Әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, «осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді екен. Сондай үй иесі де әзілдеп: «Жақсы болды ғой, өзіміз де қазан шегелегіш шебер іздеп жүр едік» деп төрге шығарып, қонақжайлылық танытқан. Яғни «қазан шегелеу» қонақ бола келдік дегенді білдірген. Қазақта «айрылыс қазан» деген де салт бар. Ұзақ уақыт қоныстас, ауылдас болған адамдар басқа жаққа қоныс аударар алдында ел-жұртты шақырып ас берген. Міне, осы ас «айрылыс қазан» делінеді. Салтты айтамыз-ау, қазан қазақтың жазасына кесілген жанның жеті айып төлеп құтыла алатыны айтылады. Соның алғашқысы – қара қазан төлеу.
Міне, осыларды көріп тұрып, қазақ пен қазанды қалай егіз демессің! Өкінішке қарай, біз осы ұлттық құндылығымызды жоғалтып бара жатқандаймыз. Ауылда өскен қара баланы жетілдірген қара қазан еді. Рас қой, бәріміз де қазанның түбіндегі несібемен жетілдік. Сөйте тұра, қағынан жерігені несі екен?
Жарысқазан. Жас босанған келінге жасалатын салт. Негізі ислам дінінен алынған. Біздің қазақ келіншектері де жас ананың аман-есен босануы үшін Аллаға шын жүрекпен жалбарынып, жер-жерден қазан асқан
Айрылыс қазан. Ұзақ уақыт қоныстас, ауылдас болған адамдар басқа жаққа қоныс аударар алдында ел-жұртты шақырып ас берген. Міне, осы ас «айрылыс қазан» делінеді
Қазан шегелеу. Әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, «осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді екен,яғни » қонақ бола келдік мағынасын білдіреді
«Жеті жарғы» заңы. Өлім жазасына кесілген жанның жеті айып төлеп құтыла алатыны айтылады. Соның алғашқысы – қара қазан төлеу.
Қазанға байланысты ырымдар мен тыйымдар
Қазақ xалқы қара қазанды қасиетті деп санайды. Қазанның қақпағын жауып қояды. Қазанды қызға бермейді. Қазанды көшкенде тастамайды. Алып жүруге мүмкіндігі болмаса садақа беріп қазанды көміп кетеді.
Себебі, "үйдің ырысы кетеді" деп санаған. Суға кеткен адамға қазан салады. Жалпы қазақта қазан туралы ырым көп. Ал қазанды төңкеріп қою жаман ырым болып саналады. Шаңырағында түтін түтететін адам қалмай, бәрі қайтыс болса қазанды төңкеріп тастаған. Бұл шаңырақта енді қазан көтеретін адам жоқ дегенді білдіреді.
Қ азанды
тесіп, темір арқанмен шынжырлап байлап қойғанды бұрын көрген де,
естігенде емеспін. Бірақ қазанды қорлау жақсы ырым емес. "Қазаның
төңкерілсін" деген қарғыс бар. Тек, Алла елімізді, жерімізді,
xалқымызды аман еткей!
Қазанға түскен
Қапқа түспейді.
Қазанға тиме, қарасы
жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.
Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.
Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.
Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса.
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз
керек.
Қара қазан қазанға:
“Ойпырмай, бетіңді тазала!”
Қасығы сынған қазаннан ұрттайды.
«Астапыралла!» дегеннің қазаны тез қайнайды.
Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?
Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.
Қазан асулы,
Ас пісулі.
Азансыз молда болса да,
Қазансыз қатын болмайды.
Аллаға жағамын
десең,
Азаның болсын.
Пендеге жағамын десең,
Қазаның болсын.
Бақыр, қазан піскені бәрімізге пайдалы.
Қорытынды
«Қазан шайқалса, ырыс шамданады» дейді халқымыз. Бұл ырыс пен бақ ынтымағы ұйыған, бірлігі жарасқан елге қонады дегенді аңғарту болса керек.
Қазақ ежелден қазанын қастерлеген. Аталарымыз көшіп-қонғанда қазан-ошағын тастамаған деседі.
Өйткені, қазақ үшін қазан – ырыс пен ынтымақтың символы. Осындай қасиетті де қастерлі, қазанның құндылығы, туралы өзім теңдес жастарға түсіндіру, ары қарайда осы баға жетпес мұрамыз туралы зеріктеп ел игілігіне жарату азаматтық борышым деп білемін.
Қазақта “шаңырақтан қара қазан кетсе, үйден ырыс кетедi” деген нақыл сөз бар. Сондықтан да қазақ қазанды сыйға бермеген. Қара қазан – қазақтың жетi қазынасының бiрi. Қазақтың дауылпазақыны Махамбет батыр да “Қара қазан, сары баланың қамы үшiн!” деп атқа мiнген жоқ па едi?! Аталарымыз қазанды тiршiлiктiң қайнар көзi,үйдiң ырысы деп санаған. Қандай қиын-қыстау күнде де, қазақ қара қазанын ескi жұртқа тастамаған, тiптi алып жүру мүмкiн болмаған жағдайда қазанды өзiнiң ырымын жасап көмiп кетiп отырған. Ондағы мақсаты үйден қазан кетсе, “ырыс-несiбемiз, құтымыз кетедi” деп санаған.Осындай құнды дүниеміз жайында мағлұматтар жинастырып, дәріптеу бүгінгі күннің бастты құндылығы деп білемін.
Сөз соңында Ә.Марғұлан атамыздың: «Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан – шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды», - деген ұлағатты сөзімен аяқтай келе, бірлігіміз бен ынтымағымызды жоғалтпайық, қазақы салтымызды, дәстүрімізді дәріптейтін ұрапғымыз өссін, өнсін, білсін деген оймен жұмысымызды аяқтаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Данияр Садуақасов, Түркістан
-
Интернет материалы
-
Түрлі ақпараттар көздері
-
Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
-
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.
10

