400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қара шаңырақ ҚазҰУ - мәдениет пен руханияттың тоғысқан мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Қара шаңырақ ҚазҰУ - мәдениет пен руханияттың тоғысқан мекені
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қара шаңырақ ҚазҰУ - мәдениет пен руханияттың тоғысқан мекені

Ғылым мен философияның жарық жұлдызы, ұлы ойшыл

Әл -Фараби есімімен аталған білім ордасы- асыл ұстаздар, алтын шәкірттер өмірінің маңызды бөлігіне айналған киелі шаңырақ. Тек қана білімнің емес, мәдениет пен руханияттың алтын бесігі іспеттес алып ғимараттарына кірген сәттен-ақ, ерекше бір шабыт сезінесің, болашаққа жол сілтейтін жарық бар, сол жарықтың шуағын сезінесің.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең беделді білім ордаларының бірі. 90 жылдық тарихы бар киелі қара шаңырақ ҚазҰУ- еліміздің білім мен ғылымның орталығы ғана емес, сондай-ақ мәдениет пен руханияттың да тоғысқан мекені. Университеттің тарихи жолы мен мәдени дәстүрлері, студенттік ұйымдардың белсенділігі, рухани құндылықтардың орны, жастардың санасын жаңғыртуға бағытталған бағдарламалар – бұлардың бәрі ҚазҰУ-дың рухани және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі.

Бүгінде ҚазҰУ – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдениетті дәріптеу және рухани дүниені байытуға бағытталған маңызды алаң. Мұнда студенттер тек академиялық біліммен ғана емес, сонымен қатар өнер, әдебиет, дін және философия салаларында да терең білім алады.

ҚазҰУ мәдениеті тек ұлттық дәстүрлермен шектелмей, сонымен қатар халықаралық мәдениетпен де тығыз байланыста. Университетте түрлі мәдениетаралық диалогтарды дамытуға бағытталған шаралар өткізіледі. Бұл ретте, шетелдік студенттермен, профессорлармен ынтымақтастық орнату, мәдени алмастыру бағдарламалары мен халықаралық жобаларға қатысу студенттердің мәдени көзқарасын кеңейтіп, әлемдік мәдениетпен танысуына мүмкіндік береді. Мәдениетаралық ынтымақтастық студенттердің шетел тілдерін меңгеруіне, өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Бұл бағдарламалар, негізінен, білім алушылардың шетелдегі университеттерде білім алуына, тағылымдамадан өтуіне және ғылыми зерттеулер жүргізуіне бағытталған. Мысалы, Erasmus+ бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылар арасындағы алмасу, тәжірибе жинақтау және жаңа білім алу мүмкіндіктері кеңінен қолжетімді. Мұндай тәжірибелер студенттердің халықаралық деңгейде біліктіліктерін арттыруға, мәдениеттің байлығын түсінуге және әртүрлі мәдени контексттерде жұмыс жүргізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Осылайша, ҚазҰУ мәдениетаралық байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқара отырып, студенттердің білім алу процесін байытады, олардың әлемдік мәдениетке деген қызығушылығын арттырады және рухани құндылықтарды насихаттайды. Жан мен жүректі байытатын рухани мекеннің әрбір бұрышында тарихтың тынысы сезіліп, әрбір сәтінде мәдениеттің терең тамыры байқалады. Ұлттық дәстүрлер мен қазіргі заманғы жаңашылдықтар үндескен осы ортада өзіңді шын мәнінде үлкен бір отбасының мүшесі ретінде сезінесің. Университеттің атмосферасы адамның жан дүниесін жаңғыртып, рухын көтеріп, алға жетелейтін шексіз шабыт сыйлайды. Бұл мекен өмірдің мәнін түсініп, биік мақсаттарға ұмтылуға жол ашады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Авакова Раушангүл Амирдинқызы

Түркітану және тіл теориясы кафедрасының

PhD доцент м.а. Утемгалиева Насихат Адайхановна

«Түркітану» мамандығының 1 курс докторанты

Біләлова Дәмелі Жайтөреқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
122
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі