Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарахан мемлекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2 А VІ–ІХ ғасырлардағы Қазақстан

Мектеп: «МЖДШО бар №17 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ

19-сабақ

Мұғалімнің аты-жөні: Әбдіқадырова В.Е.

Сынып: 6 Мерзімі:11.11.20ж.

Қатысқандар: 27 Қатыспағандар:0

Сабақ

тақырыбы:

Қарахан мемлекеті

Зерттеу сұрағы:

Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

Осы сабақтағы

оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына

сілтеме)

6.3.1.3 – X-XІІІ ғ. басындағы мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру;

6.3.1.4 - тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі

жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлығы: Орта ғасырлар мемлекеттерінің құлау және

Х-ХІІІ ғғ. саяси картаның өзгеру себептерін біледі;

Көпшілігі: Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін

біледі;

Кейбірі: бұрын Қарахан мемлекеті өмір сүрген аумақтарда қазір қандай мемлекеттер тұрып жатқандығын анықтайды

Бағалау критерийі

Оқушы:

Қарахан мемлекетінің саяси картасындағы өзгерістерді атайды;

  • Қарахан мемлекетінің құрамына кіретін аймақтарды анықтайды;

--бұрын Қарахан мемлекеті өмір сүрген аумақтарда қазір қандай мемлекеттер тұрып жатқандығын анықтайды

  • исламдануды тудырған жер иелену жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіреді;

Тілдік мақсаттар

Оқылым: Оқулықтағы мәтінді оқып, талдау жасайды.

Айтылым: Бейнероликті көру және оқулық мәтін оқу арқылы түсінген ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.

Жазылым: берілген тапсырмаларды арнайы қағаз бетіне түсіріп орындайды.

Тыңдалым: бейнеролик көруде және кластер қорғауда топтар бір-бірін тыңдайды.

Оқушылар төмендегі лексика мен терминологияны пайдалана алады: жігіл, яғма, тең құқықты қосарлы жүйе.

Тарихи тұлғалар есімдері: Қарахан, Сатұқ Боғра хан, Мұса қаған, Хорезм шахы Мұхаммед.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясынан «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығы Қарахандардың саяси жағдайын талдау барысында іске асады.

Тарихи концепт: Дәлел

Пәнаралық

байланыс

География, дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта қолданады

Алдыңғы білім

Х ғ. –ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы Ұйымдастыру сәті




Топтарға бөлу











Сабақ

тақырыбы мен мақсатын

анықтау



Сабақтың ортасы: Жаңа материалды оқу

Салемдесу .

Сабақтың психологиялық ахуалы:

Оқушылар шаттық шеңберін құрып «Көршіге комплемент» әдісі (шеңберде тұрған әр оқушы өзінің оң жағындағы көршісінің есімінің алғашқы әрпіне қатысты мақтау –мадақтау сөз айтады.


Топқа бөлу: Әртүрлі түстер (қызыл, сары, көк) арқылы 3 топқа бөлінеді.

«Ұжымдық жұмыс»

Үй тапсырмасы

«Сұрақ бізден жауап сізден » әдісі

1. Кемелденген орта ғасырлардағы

мемлекеттерді атап, картадан көрсетіңдер.

2.Кемелденген орта ғасырлардағы мемлекеттердің құлау себептерін атаңдар

ҚБ: Мұғалімнің мақтау,мадақтауы

1-тапсырма

Кинометафора әдісі: Бейнероликті қарайды. Бейнероликтен көргендері мен оқулықтан алған білімдерін баяндайды.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

«Кластер» құру,қорғау.

І топ Қарахан мемлекетінің құрылуы мен жер аумағы

ІІ топ.

Саяси-әлеуметтік құрылымы

ІІІ топ

Қарахан мемлекетінің құлауы

ҚБ: Бағалау парағы арқылы бағалау

2-тапсырма Үлестірме қағаздар (карточка) Сұрақ-жауап кестесін толтырып,ауызша жауап береді: / жеке жұмыс/ әр топтан бір оқушыға 2 сұрақтан.

Сұрақтар

Жауабы

1

Қай жылы Қашқарияның қарлұқ тайпалары Баласағұн қаласын басып алды?

940 жылы

2

999 жылы Қарахандықтар Орталық Азиядағы қандай мемлекетті талқандады?

Самани

мемлекетін

3

Қарахан мемлекетіндегі билік қай тайпалар арсында бөлінді?

Жігіл, яғма

4

Қарахандарда жер иеленудің қандай түрлері болды?

Иқта, вакф,мүлік

5

1210 жылы Шығыс Қарахан әулетін кімдер талқандады?

Наймандар

6

1212 жылы Батыс Қарахан мемлекеттін кімдер құлатты?

1212 жылы Хорезм шахы Мұхаммед

ҚБ: Бағалау парағы арқылы бағалау

3-тапсырма 1-топ Жұптық жұмыс

Ашық тест

    1. Деректер бойынша Қарахан әулетінің шығу тегі Қашқарияда өмір сүрген қарлұқтар мен байланысты.

1.2. 999 жылы қарахандықтар Самани

мемлекетін талқандады. 1.3. Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шегара Балқаш және Алакөл көлдерінің бойымен өтті.

1.4. 940 жылы Қашқариядағы қарлұқ тайпалары Баласағұн қаласын басып алды. 1.5. Иқта және иқталық жүйе феодал қатынастардың дамуына ықпал етті. 1.6. 1212 жылы Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды.

2- топ Жұптық жұмыс

«Қарахан мемлекетіндегі феодалдық жер иелену сызбасын» толтырады

Shape1

Жер иелену түрлері



Shape3 Shape2

Иқта

Shape4

Мүліктік

Вакф




Shape5 Shape7 Shape6

Shape8 Shape9 Shape10




3-топ Жабық тест

1.ХІ ғасырдың 30-жылдарының соңындағы Қарахан мемлекеті екі бөлігінің шегаралық өзені

А) Іле Ә) Әмудария Б) Ертіс

В) Сырдария Г) Шу

2.Қарахандықтардың өзара қырқыстарын пайдаланған көшпелі тайпалар

А) Керейіттер Ә) Қарақытайлар

Б) Наймандар В) Қыпшақтар Г) Қарлұқтар

3. Қарахан мемлекетінің Батыс хандығы билік жүргізген өңір

А) Самарқанд Ә) Маураннахр

Б) Қашқар В) Баласағұн

Г) Шығыс Түркістан

4. Қарахан мемлекетінің өмір сүрген жылдары

А) 940-1215 жылдар Ә) 942-1212 жылдар

Б) 756-940 жылдар В) 1128-1213 жылдар Г) 682-744 жылдар

5.Қарахан мемлекетінің хандары

А) Бумын, Мұқан Ә) Үшлік, Сұлу

Б) Қапаған, Күлтегін В) Шегу, Тон

Г) Сатұқ Боғра хан, Мұса

6.Қарахан мемлекетінің Шығыс хандығы билік жүргізген өңір

А) Баласағұн Ә) Маураннахр Б) Қашқар

В) Шығыс Түркістан Г) Самарқанд

ҚБ: Бағалау парағы арқылы бағалау





















Бейнежазба

youtube.com сайтында




плакат,оқулық, маркер,карта, контур карта










Жаңа тақырыпты бекіту

(15 минут.)


4 -тапсырма Сұрақтар «Ия немесе жоқ» әдісі

1.Қарахан мемлекеті хронологиясы

(942-1212 жж)

2.Қарахан мемлекетінің негізін қалаған кім?

(Сатұқ Боғра хан)

3. Қарахан мемлекетті неге екі хандыққа бөлінді ме ? (Шығыс,Батыс)

4. Шығыс,Батыс бөліктерінің астаналарын атаңдар?

( Шығыс ордасы Баласағұн, Батыс бөлігі

Бұхара, кейін Самарқанд)

5.Иқта, вакф, мүлік жер иеленудің қандай түрлері

6. Қарахан мемлекеттін кімдер құлатты?

(Шығыс-найман ханы Күшлік,

Батыс Хорезм шағы Мұхаммед)

ҚБ: Бағалау парағы арқылы бағалау

Маркер, А 3 қағазы

Сабақтың аяқталуы

(1 минут.)

5 -тапсырма

Картамен жұмыс (Контурлы карта)

  1. Қарахан мемлекетінің 999 ж. дейінгі шегараларын жасыл түспен белгілеңдер.

  2. Қарахан мемлекетінің 999 ж. кейінгі шегараларын көк түспен белгілеңдер .

  3. Шығыс және Батыс орданы белгілеңдер.

  4. Қарахан мемлекеті енген аймақтардың атауларын жазып көрсетіңдер.

  5. Қарахан мемлекетінің жер аумағы сәйкес келетін қазіргі мемлекеттердің аумағын анықтаңдар.

  6. 1-тақырыпша бойынша Қарахан мемлекетінің аумағын ауызша сипаттап беріңдер.

ҚБ: Бағалау парағы арқылы бағалау

6- тапсырма венн диаграммасы

Жер иелену түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар

Shape11 Shape13 Shape12




ҚБ: Бағалау парағы арқылы бағалау

Үй тапсырмасы: §11 бойынша

Қосымша ақпараттар дайындау


Рефлексия

(Кері байланыс)


Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды орындадым.

Мен орташа түсіндім, тапсырмаларды орындауда қиналдым.

Ешнәрсе түсінбедім, тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым.

Оқушылар стикерге тапсырмаларды орындауда жеткен жетістіктерін жазып, баспалдаққа іледі.

https://www.google.kz



Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Мұғалімнің мақтау,мадақтауы», «Бағалау парақшасы» арқылы бағалау, қалыптастырушы бағалау әдістері қолданылды.

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлекция

Сабақ мақсаттары немесе

оқу мақсаттары шынайы

қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,

неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде

уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарына

ауытқулар болды ма

және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1:

2:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2021
697
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12