Материалдар / Қарапайым бала үрейі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қарапайым бала үрейі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға бала бойындағы қорқынышты жеңуде психологиялық кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2019
755
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қарапайым бала үрейі

(Ата-аналарға арналған кеңес)





Үрей сезімін бойынан өткізбеген адамды табу-оңай емес. Қапалану, дабыл, қорқыныш-адам психикасының эмоциялық құбылысының , қорқыныш, таңдану, қайғы секілді ажырамас бөлігі. Ұқсас үрейлердің көбі жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді және уақытша болады. Егер бала қорқынышына дұрыс қарап, пайда болу себебін түсінсек, оны жоюға болады.Үрей бала бойында ұзақ уақыт орын алып, әдетке айналатын болса, онда ол бір келеңсіздіктің белгісі. Мысалға, отбасындағы ата-анасы арасындағы келіспеушілік немесе балаға шектен тыс қамқорлық көрсету бала жүйкесінің әлсісіреуіне алып келуі мүмкін.

Ата-аналарға не істеу керек? Балаға қалай көмектесу қажет? Бәрінен бұрын отбасындағы жағдайды сыни көзқараспен бағалап, өз әрекеттеріне сараптама жасау қажет. Бала бойындағы үрей шектен тыс қамқорлық көрсетудің әсерінен болуы жиі кездеседі. Йә, дұрыс қамқорлық күшейсе, баланың қорғаны мықты, ештеңеге алаңдамай жайлы өмір суреді деп олаймыз. Бірақ, олай емес қашан баланы көп қамқорласақ, ол өзін өте кіші, әлі жетіспегендей, әлсіз сезінеді. Қоршаған әлем оған қаhарлы және қатал болып көрінеді. Үлкендер баланың әр қадамын аңдып қорғап отырады.Ал бұл қамқорлық баланың әлемді өздігімен тануына мұрша бермейді. Білімнің орынын қиял басады,ал қиялдың екі есе қорқыныш ұялататындығы бәрімізге белгілі.

Ақылды ата-аналар баланы мектепке дейін-ақ еркін ұстап, өмір теңізіне еркін жүзуге мүмкіндік береді. Әрине, баланың жас ерекшелігі мен мінез-құлқы ескеріле отырып бірте-бірте, өз деңгейінде баланы еркін ұстау қажет. Бала бойындағы үрей, қорқыныштың тағы бір себебі, отбасындағы ұрыс-керістің болуы. Көбінесе ата-аналар бұны байқамайды, себебі бала оны білдіртпеуге тырысады. Ата-аналардың ұрыс-керісі оларға бәрібір секілді.Олар ұрыса береді, айқайлай береді, ал бала өз бұрышында білгенін жасап отыра береді. Десе де, бұл балаға әсер етпейді деп ойламаңыз! Балада бұл басқа қырынан байқалуы мүмкін. Мысалы, бала тұттығады немесе түнде төсекке дәрет сындырып қоюы мүмкін т.б.

Ең қауіптісі, бұл жағдай сыртқы тұрғыдан емес, бала психикасының тереңінен орын тебеді. Нәзік, биязы, сезімтал балалар үрейге бейім келеді. Әсіресе ұл балаларға қиынырақ соғуы мүмкін, себебі олардан қыз балаларға қарағанда көп батылдық талап етіледі. Сондықтан да ұл балалар қатты ынжық болып келеді, себебі тек қорқыныш, үрей ғана емес, өзінің ынжықтығына қатты ұялатыны тағы бар.

Ата-аналарға ондай балаларға күлуге немесе ұрсуға болмайды, әсіресе әкелер. Көбінесе әкелері өз баласын қайрап қатал қыламын деп балаға ұрсып, жекіруді көп қолданады. Бұл жағдай баланың тұйықталуына әкеп соғады. Бала тұйық болып қалады. Оның үстіне ол ата-анаға деген сенімін де жоғалтады. Тек ата-анасына ғана емес, өзге үлкен адамдарға да сенбейді.

Жақсы бір сәтте, ата-анасы дәлірек айтқанда әкесі өзінің бала кезіндегі қорқақ болғанын айтып, және сол кездегі күлкілі оқиғасын айтып не істегенін еске түсіріп, сол кездегі қылығына бірге күлу керек. Бұл, әңгімеден кейін бала да өзіне деген сенімділік қалыптасып, арта түседі. Ең батыр деген әкесінің өзі де, кішкентай кезінде қорқақ болған екен деген, ал соңынан сол үрейді жеңе алғандығын, демек бәрі біткен жоқ екен , үміт бар!.. Осындай оқиғаларды қызықты, күлкілі етіп ойдан да шығаруға болады. Бұл әңгімеден кейін, ата-ана бала алдындағы беделім түсіп қалады деп қорықпау керек. Керісінше баламен жақындап, бірін-бірі жақсы түсініңкірейді.

Балаға үреймен күресуге көмектесу арқылы, тез нәтижеге ұмтылмаңыз. Бастысы, үрейді бірте-бірте, күш түсірмей, ол өз-өзінен жоғалғандай болу керек. Баланы асықтырмай,абайлап оған бұрынғының үстіне асқындырып алмау үшін оның көбін жеңіп келе жатырғанына сендіру керек. Тіпті ол шындыққа сәйкес келмесе де, шын мәнісінде әдеттегіден де қорқақ болып тұрса да. Бұрын балаңыз қараңғы бөлмеге аяқ басуға қорықса, күтпеген сәтте аяғын бір басып, бір қадам жасаса да, үлкен нәтиже деп аталып өту керек. Ол туралы ата-ана туыстарының немесе достарының арасында да әңгімеге айналдырып отыру керек. Әсіресе баланың көзінше. Есте сақтаңдар, оның үрейі сізді емес, балаңызды басқаратынын естен шығармаңыз! Ал ол үрейін жеңген кезде,сіздің мақтауларыңыздың текке кетпегенін түсінесіз.

Осындай қорқыныштардың алдын алу үшін, баланың алаңдаушылығын жою үшін ата-аналарға бірнеше кеңестер:

- балаға көбіне еркіндік беріп, оның достарын шақырып, бірге тиімді уақыт өткізуін қадағалаңыз;
- баланы жыртқыш аңдармен, полиция қызметкерлерімен, дәрігерлермен қорқытпаңыз, себебі  бізге оның мәні болмаса да, балалар оны шын деп қабылдауы мүмкін;
- көбірек сурет салуға баулу;
- баланы сол қалпында қабылдап, жақсы көру, оны көршінің әдемі қызымен немесе сабақта үздік інісімен салыстыруға болмайды;
- әр бала өзіне деген отбасының жылуын сезінуі керек, балаға жақсы дос бола біліңіз.
- Уақыт өте келе бұл қорқыныштардың барлығы жойылады, себебі бұл белгілі бір уақыт арасында ғана болатын қорқыныш үрейлер. .
- Баланың бойындағы үрейді шығару үшін, оның неден қорқатынын білу үшін әр түрлі әдістерді пайдалану.

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!