Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарапайым графикалық редактор

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым графикалық редактор туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері.

Оқу мақсаты

 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.2.2.2 обьектінің сыртқы түрін өзгерту (мысалы, қию, бұру, өлшемін өзгерту және т.б.)

Сабақтың

мақсаты

Барлық оқушы: Қарапайым графикалық редактор құралдарын қолданады.

Кейбір оқушы: Объектінің сыртқы түрін өзгертеді

Көпшілігі : Тапсырманы орындау кезінде құралды тиімді пайдаланады

Алдыңғы білім

Компьютер құрылғылары

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға.



Үй жұмысын тексеру

«Миға шабул» әдісі

  • Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! Shift+ alt


Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің? пробел


Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын? Shift+t


Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін? enter




Демалыс сәті

Сергітудің енді сәтін бастайық

Бір-екі-үш,алға қадам басайық

Орнымыздан тұрып қолды созайық

Шаршамайық,тағы бір іс жасайық.

Бір-екі оңға,үш-төрт солға

Сау болудың қамын біздер

жасайық!!!



Жаңа сабақ

Салеметсіздер ме, балалар. Отырыңыздар. Егер де сабаққа дайын болсақ, барлығымыз бері қараймыз. Бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше болғалы отыр. Себебі бүгін біз саяхат жасаймыз. Алыстағы “Paint” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек. Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз! Егер де саяхатқа шығуға дайын болсаңдар, мені мұқият тыңдаңдар!

Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды.

Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға

арналған.

Редактор:

1. Құрал - саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

5. Схемаларды сызуға және т. б. мүмкіндік береді.

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. «Paint» графикалық редакторын

ашу үшін Іске қосу- барлық бағдарламалар- стандартты- Paint. Кез келген суретті саламыз. Бас меню командасынан Файл жолын таңдап, Сохранить как командасын таңдаймыз. Новая папка сөзінің орнына жаңа атау енгізіп, enter пернесін басамыз. Жаңа атау енгізілген бума белгіленген, енді тағы да enter немесе Открыть батырмасын шертеміз. «Имя файла» жолына салған суретіңнің атын жазып, Сохранить батырысын шертеміз.
Paint графикалық редакторының терезесі

  1. Тақырып жолы

  2. Меню қатары немесе мәзір жолағы

  3. Құралдар тақтасы

  4. Сурет салу алаңы

  5. Түстер палитрасы


Сен не білдің?


Дұрыс!!! Paint графикалық редакторының терезесі ашылды.



Paint графикалық редакторының терезе элементтерін жаз





























Ой қорыту.

  1. «Paint» графикалық редакторын қалай ашамыз?

  2. «Paint» графикалық редакторының терезе элементтерін ата!

  3. «Paint» графикалық редакторында суретті қалай сақтаймыз?

  4. «Paint» графикалық редакторында сақтаған суретті қалай ашамыз?



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Бағалау парақшасы


Сабақ бойынша рефлексия


«Идеялар себеті» әдісі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Осы сұрақтар аясында рефлексия жүргізілді.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12