Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру «Жыл мезгілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
жасайды:заттарды санауды, жал мезгілдерін (күз); түсінеді:үлгі бойынша санауды, екі топтағы заттарды теңестіруді, заттың орналасқан орнын анықтап, сөзбен баяндауды. қолданады: заттың атауы мен оның санын сәйкестендіру туралы түсінікті, қағаз бетіне бағдарлауды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:ҚМҰҚ

Тақырыбы: саны 3-ке, 4-ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау. Жыл мезгілдері (күз). Оң жақта , сол жақта.

Мақсаты: 4 көлеміндегі заттарды санауға үйрету; үлгі бойынша санау , екі топтағы заттарды теңестіру, жыл мезгілдері (күз) туралы түсінігін нығайту; заттың орналасу ретін сөзбен баяндай алу қабілетін нығайту; қағаз бетінде бағдарлай алу.

Үлестірмелі материал: әр балаға 2 жолағы бар карточка мен фигуралары ( 2 шаршы, 3 үшбұрыш , 4 шеңбер) бар тәрелке беріледі.

Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық, сұрақ – жауап, түсіндіру, практикалық.

Билингвальді компонент: оң жақта-на правой стороне, сол жаққа-на левой стороне

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог үстелдің бетіндегі 2,3,4-тен топтастырылған заттарды санатады. Олардың заттың санын сан атауымен сәйкестендіріп айта білуін қадағалайды.

Сандар туралы өлең оқып беріңдер.


Балалар заттың атауы мен санын сәйкестендіре отырып санайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Дәптермен жұмыс:

Педагог баларға мынадай тапсырмалар береді:

- Жоғарғы қоршаудың ішіндегі шарларды санап шығыңдар және төменде көрсетілген орынға сонша шар салыңдар.

- Доптарды санаңдар және сендерде бос орындарға сонша доптың суретін салыңдар.

- Кәне, неше шар (үш) , неше доп (төрт) салдыңдар.

- Доп көп пе, шар көп пе ?

2-тапсырманың суретінен велосипед пен автокөлікті тауып, олардың неше дөңгелегі болса, сонша дөңгелекті бояуды тапсырады.

3-тапсырма.

Алдымен педагог күз туралы өлеңді балаларға оқып береді. Балалар дәптердегі күз туралы суреттерді тауып, оларды бояйды. Күз көрінісін бояу үшін қандай түстерді пайдаланғанын айтады.

- Суретте бұдан басқа қандай жыл мезгілдері белгіленгенін айтады.

4-тапсырма.

Педагог балалардан оң жақтағы суретті мұқият қарап, ондағы заттардың қалай орналасқанын айтып беруді сұрайды.

- Енді екінші суретте күнді киіз үйдің оң жақ бұрышына, шыршаны сол жақ төменгі бұрышына салыңдар.

Балалар санап , 3 шардың, 4 доптың суретін салады.



Шеңберге қарағанда доптың біреуі артық, допқа қарағанда шардың біреуі кем.


Балалар тапсырманы орындап , сұрақтарға жауап береді.



Балалар өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


Балалар жапырақтарды сары,сарғылт,жасыл түстермен бояйды.


Қыс,көктем,жаз.


Балалар тапсырма бойынша күн емн шыршаның орнын тауып салады..

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мақтау айтады.

Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. Бағдаршам көздерін бояу арқылы өз білімдерін бағалайды.


Күтілген нәтиже:

жасайды:заттарды санауды, жал мезгілдерін (күз);

түсінеді:үлгі бойынша санауды, екі топтағы заттарды теңестіруді, заттың орналасқан орнын анықтап, сөзбен баяндауды.

қолданады: заттың атауы мен оның санын сәйкестендіру туралы түсінікті, қағаз бетіне бағдарлауды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
1303
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12