Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Пішіндер неге ұқсайды. Даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға пішіндер туралы түсінік қалыптастыру.Пішінлерді ажыратуга үйрету.айналадағы пішіндері ұксайтын заттарды табу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызыметі

Тәрбиеші:Рахматуллина А.М

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Мақтақыз бен мысық»сахналау

Мақсаты: етегіні оқуға балалардың зейінің аударып,ертегіге деген қызығушылығын арттыру.оның мазмұнын түсіндіріп,өз ойымен жеткізе білуге үйрету.ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп сахналау,балаларды кішіпейілдікке ,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер,қажетті құралдар: Мақтақыз ,мысық,сиыр,тал,су,дүкенші,тауық ,жұмыртқа,қыздар,тышқанның суреті,слайд,ертегі кейіпкенрлерінің бетпердесі.

Бин/ды компонент:мысық-кошка-, қыз-девочка, мейір-изюм,



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті

Мотвациялық қозғаушылық.

Шаттық шеңбері.

Күн,мен сені сүйемін,

Күн,мен сеннен өтінемн.

Берші маған ,алтын Күн,

Бейбітшілік ,мейірімділік.

Денсаулық пен жақсылық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады .бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық ісденістілік.

Кіріспе әңгіме,

Педагог баларға жұмбақ жасырады.

Тонын киіп тұрған,

Жалап бетін жуған.

Ол не?



«Мақтақыз бен мысық»ертегісімен таныстыру,ертегіні оқып беріп,мазмұнын ашу,түсіндіру.



Сөздік жұмыс:

Қатық-сүтті ұйытып дайындалатын тағам.



Ін-жердің астынан қазып жасалатын баспана,тышқанның үйі деген мағынаны білдіреді.



Трилингвалды компонент:

мысық-кошка,

қыз-девочка,

мейір-изюм,



Сұрақ-жауап.

Ертегі қалай аталады?

Мақтақыз не тауып алады?



-Мысық не істеді?

-Мақтақыз мүйізді не істейді.



-Мақтақыз мысықты қалай жазалады?

Мысық қатық іздеп қайда барды?

Мысық құйрығын қалай кайтарып алды ?
Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз .

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.



Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі берілгентапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалардың жауаптары.



Жауабы-мысық.

















Қатық сүттен жасалады.



Тышқанның іні-тышқанның үйі.



Қайталайды.

мысық-кошка,

қыз-девочка,

мейір-изюм,





Мақтақыз меіз тауып алады.мысығын шақырады.

-Мысығы келмеді.

-Мақтақыз мейізді өзі жеп қойды.

-Мысық қатықты төкті.

Мақтақыз мысықтың құйрығын кесіп алды.



Балалар қимылмен орындайды.













Балалар жүмыс дәптерімен тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық түзетушілік.

Ертегі желісі бойынша Мақтақыз бен мысықтың әрекетін әңгімелету.


Балалар әңгімелейді.

Күтілетін нәтеже:



Орындайды: ертегінің мазмұның түсіне отырып,рөлге бөліп ойнайды.

Түсінеді: бір-біріне қамқор болуды,достарына көмектесіп,қолындағысын бөліп бірге жеу керектігін түсінеді.

Қолданады: әрбір кейіпкердің рөлін ойнап отырып,қимыл арқылы көрсете алады.




























Ұйымдасттырылған оқу қызыметі


Тәрбиеші:Рахматуллина.А.М

Сыныбы:Мектепалды даярлық

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Пішіндер неге ұқсайды»

Мақсаты:Білімділік:балалардың ой-өрісін кеңейту, геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым-қатынастарын байыту.

Тәрбиелік: Балаларды достыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Дамытушылық: қиял болжамдарын дамытып, шығармашылық қабілеттерің дамыту.

Көрнекілігі: сандар, пішіндер, карта, жапырақтар.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Билингвальді компонент: сандар-цифры-numbers, пішіндер-фигуры-figures, цилиндр-цилиндр-cylinder, конус-конус-cone,

Мотивациялық қозғаушылық:

-балалар сендер күннен күнге әдемі болып, ақылды болып, өсіп келесіңдер

-сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп өсулерің керек, солай ма?

-олай болса бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастайық

Ұйымдастырушылық -ізденістік:

Жылулық шеңбері: Балалар бір-біріне жылу сөздер айтып, бір-біріне тілек білдіреді.

-Бір жылда неше мезгіл бар? (4)

-1жылда неше ай бар? (12)

-Қазір қай ай? (екінші ай ақпан айы)

-Бір аптада неше күн бар?(7)

-бүгін аптаның нешінші күні?(2)

Пішіндер арқылы балаларды топқа бөлу: шеңбер, үшбұрыш, цилиндр, төртбұрыш

(Балалар қорапшаның ішінен пішіндерді таңдайды.)

Жұмбақтар:

Атына сай балалар,

Үш бұрыш, үш жағы бар.

Ол пішінді кім табар?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарыңдағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.(Балалар көрсетеді түсін айтады)

-Үшбұрыш неге ұқсайды екен?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.

Төрт бұрышы бар, төрт қабырғасы бар.

Бұл қай пішін?

-Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?

-Алдындағы пішіндерден төртұрышты көрсетіңдерші, түстерін айтыңдар.

-Тағы бір жұмбақты жасырайын

Допқа өзі ұқсайтын,

Ерекше бір пішін бар.

Атың оның атаңдар?

-Өте жақсы

-Дөңгелек неге ұқсайды?

-Өте жақсы балалар.

Ал, енді алдарындағы пішіндердің, ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші, түстерін айтамыз.

-Балалар қандай тағы пішіндерді білесіңдер?

-Жарайсыңдар балалар жұмбаққа жауап беру арқылы біз пішіндерді қайталап шықтық.

-Ал, балалар енді математика сабағынан сандар еліне саяхатқа шығамыз. Қалай ойлайсыңдар ол үшін не істиміз?

-Санаймыз

-Дұрыс айтасыңдар бұл тек математикада ғана емес өмірде де қажет. Сосын...

-Ойланамыз

-Дұрыс, ойланбай жауап бермейміз, әрі тапсырманы орындай алмаймыз.

-Ал енді математика еліне саяхатқа шығу үшін жолды мына карта көрсетеді. Кәне бәріміз картаға назар аударамыз.Мынау не?

-Дұрыс бұл нүкте. Жолды біз осы нүктеден бастаймыз. Ал мынау біз жүретін жол. Осы жолдан таймай жүре берсек қайда келесіз?

-Қамалға

-Дәл таптыңдар. Міне, біз картаны оқып шықтық. Менің ойымша әр аялдамаларда бізді тапсырмалар күтіп тұрған секілді. Тапсырмаларды орындай аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар?

-Орындаймыз

-жақсы. Сәттілік, барлықтарын белсенді қатысасындар деп ойлаймын

1-аялдама. Логикалық тапсырма.

Берілген түстер арқылы сандарды бояу.

2-аялдама.

Балалар,екінші аялдамамыз орман екен. Қараңдаршы мына орманның ағаштары көңілсіз, жабырқау сияқты. Неге? Ағаштарға не жетпей тұр?

-Жапырақтар

-Дұрыс.Ендеше ағаштарға жапырақтар сыйлап кетейікші. Ол үшін мына жапырақтарды рет-ретімен қойып шығайық. Кәне кім бастайды? ( Балалар 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған жапырақтарды талдың бұталарына рет-ретімен іліп шығады)

-Ағашқа неше жапырақ сыйладық? Санайықшы. Санау: 1,2,3,........10

-Дұрыс. Келесі аялдамаға барайық

3-аялдама.

Бұл аялдамада балалар сендерге хат тастап кеткен екен. Хат кімнен келген оқып көрейік. Текшебектің хатын оқу. (Амансыңдар ма, балалар мен сендердің осы жолмен келе жатқандарыңды досым қарлығаштан естідім. Мен мына үзік сызықтардың не екенін білмей басым қатты. Сендер маған көмектесетіндеріңе сенемін).

-Егер де мына үзік сызықтарды қосып шықсақ, бір зат шығады екен. Текшебекке көмектесеміз бе? Не зат екенін білгілерің келе ме?

-Ия

-Олай болса алдарыңдағы парақтардағы үзік сызықтарды қарындашпен қосып шығамыз. Қане, бастаймыз.

-Не шықты?

- шеңбер, үшбұрыш,, цилиндр, төртбұрыш

-Бұлардың барлығы бір сөзбен не дейміз?

-Геометриялық пішіндер

-тік төртбұрышта неше бұрыш бар?

-Үшбұрышта ше? Дөңгелекте неше бұрыш болады?

-Дөңгелекте бұрыш болмайды. Ол шеңбер

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатыр жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты жолына

Оңға қарады

Солға қарады

Үлкен тау деп ойлады.

4-аялдама. Берілген суреттер арқылы қанша екенін санау. Балалар қанша екенін анықтап санды қояды

5-аялдама. Балалардың есте сақтауына байланысты тапсырма беріледі.бұл тапсырмада төрт пішін көрсетіледі. Шаршы, үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш әр қайсысынын ішіне таңбаларды қоюлары қажет.

Шаршы- дұрыс белгісі(птичка), Үшбұрыш- сызықша, Шаршы- қосу, төртбұрыш - нүкте

6-аялдама. Берілген сандардың көршісін тап. Балаларға бір сан беріледі оның оған дейінгі және одан кейінгі сандарды атап, айтып берулері қажет.

-Жарайсыңдар балалар біз ормандағы барлық аялдамалардың тапсырмаларын орындап шықтық. Барлықтарын өте белсенді қатыстындар.

-балалар біз қандай аялдамалардан өттік?

-сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнадыма. Егер ұнаса алдарындағы жимығыштармен әсерлерінді бөліссендер.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: пішіндер мен сандарды ажырата алады

Түсінеді: берілген тапсырмаларды түсіне алады.

Меңгереді: санның құрамын, санау дағдыларын меңгере алады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.07.2021
893
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12