Қаржылық стресс пен тұлғаның өзін-өзі бағалауының өзара байлынысын зерттеу
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздегі ең беделді, әрі білім деңгейі жағынан жоғары болып есептелетін жоғарғы оқу орындарының қатарынан болып саналады. Тарихына келетін болсақ, Қазақ Ұлттық университеті 1934 жылы қаланған, сол уақыттағы Алматыда Қазақ мемлекеттік университеті ретінде ашылған. Университеттің атауы әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби есімімен байланысты, өйткені ол түркі әлемінің ұлы ойшылы, философы, ғалымы, әрі білім мен ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан тұлға болып табылады. Әл-Фараби есімі университеттің мәдени және ғылыми миссиясын айқындайды. ҚазҰУ көптеген халықаралық серіктестермен байланыс орнатып, ғаламдық ғылыми қоғамдастықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл университетте білім алатын студенттер мен магистранттар әлемнің түрлі елдерінде ғылыми тағылымдамалар мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ие. Оқу орнынан шыққан түлектердің көпшілігі Қазақстанның және халықаралық ұйымдардың жетекші мамандары болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті сияқты алдыңғы қатарлы білім ордасында болашақ мамандардың психологиялық құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту мақсатында "Ғылыми-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу" пәні оқытылады. Психология пәні адамның психикалық процесстерін, мінез-құлқын және эмоцияларын зерттейді. Ғылым мен білімнің дамуы, әсіресе психология саласында, оның әдіснамалық негіздерін терең түсінуді қажет етеді. Ғылыми-психологиялық зерттеулерді дұрыс ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі психология мамандығының оқу бағдарламасында ерекше маңызды орын алады. Бұл әдістеме ғылыми зерттеулердің құрылымы мен жүзеге асырылуын, теориялық негіздер мен практикалық қолданылуын қамтитын күрделі жүйені білдіреді. Ғылыми-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу пәнінен түйгенім – ғылыми білімді негіздеуге, нақтылауға, нақты зерттеу нәтижесін алуға және зерттеу тақырыбы бойынша теориялар мен гипотезаларды дәлелдеуге көмектеседі. Дипломдық жұмыста зерттеу әдістері пәнінің рөлі өте үлкен, себебі ол зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай қолданылатын әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау арқылы зерттеу нәтижелерінің сапасын қамтамасыз етеді. Бұл зерттеу психология ғылымының маңызды бір бағыты болып қала береді, себебі ол адам психикасының түрлі аспектілерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді, ал оның нәтижелері практикалық тұрғыдан қоғамның әл-ауқатын арттыруға әсер етеді.
Дипломдық жұмыста «қаржылық стресс пен тұлғаның өзін-өзі бағалауының өзара әсері» тақырыбын алудағы мақсатым - қаржылық стресс пен тұлғаның өзін-өзі бағалауының арасындағы байланыс қазіргі қоғамда кең таралған және өте актуалды. Қаржылық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулердің маңызды бағыты болып табылатын мәселелер психологияның әлеуметтік және когнитивтік бағыттарында қарастырылады. Бұл тақырыпты зерттеу психология ғылымы үшін маңызды, себебі адамның қаржылық жағдайы оның психологиялық күйіне, өзін-өзі бағалауына, мінез-құлқына және жалпы өмір сапасына тікелей әсер етеді. Бұл тақырыпты зерттегеннен кейінгі күтетін нәтижем - адамдардың психологиялық әл-ауқатын жақсарту, қаржылық қиындықтарды жеңу әдістерін анықтау және жалпы өмір сапасын арттыру үшін қажетті ақпарат беру. Қаржылық стресс пен тұлғаның өзін-өзі бағалауы арасындағы байланыс қазіргі қоғам үшін маңызды психологиялық мәселе болып табылады. Бұл зерттеу адамдардың психологиялық әл-ауқатын жақсартуға және қаржылық қиындықтарды жеңу жолдарын табуға көмектеседі.
Психология ғылымында ғылыми әдістемелер мен зерттеу тәсілдерін меңгеру – болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттырудың негізі болып табылады деп санаймын. Ғылыми-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесінің психология мамандығындағы рөлі айқын әрі маңызды. Бұл әдістемелер психология саласында ғылыми жұмыстың жүйелі және объективті жүргізілуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар кәсіби біліктілік пен құзыреттілік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Психология мамандығы студенттері мен мамандары зерттеу әдістерін меңгеру арқылы өзінің ғылыми және практикалық жұмысына сапалы өзгерістер енгізе алады. Ғылыми зерттеулер психологияның дамуына ғана емес, қоғамның психологиялық әл-ауқатын арттыруға да септігін тигізеді деп есептеймін.
Тлеубай Аяжан
4 курс студенті
Оқытушы: Болтаева А. М.
психология ғылымының кандиданты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қаржылық стресс пен тұлғаның өзін-өзі бағалауының өзара байлынысы

шағым қалдыра аласыз