400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарсылықты салалас

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып : 8 А

Күні: 21.01.2017 жыл

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Қарсылықты салалас

Сабақтың мақсаты:

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу.

Күтілетін нәтиже:

Жасалу жолдарын, тыныс белгісінің қойылу орнын біледі

Ресурстар:

Слайд, плакат

Әдіс-тәсілдер:

«Алақан» , «Көршіңнің суретін сал» әдісі, топтық, графикалық диктант, т.б.

Сабақ кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі
















5

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар! Ендеше бүгінгі сабағымыз көңілді әрі жарасымды болуы жағымды ахуал орнатып алайық.

«Көршіңнің суретін сал» әдісі

Сыныпты тақырыбымызға байланысты 3 топқа бөлеміз.

І топ – салалас

ІІ топ – сабақтас

ІІІ топ – аралас

Топ ережесін еске алу


Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

тәртіпті сақтау

уақытты үнемдеу

тақырыптан ауытқымау

бір-бірінің пікірін тыңдау

өзара көмек көрсету

белсенділік таныту

Үй тапсырмасын сұрау


7

1.104-жаттығуды тексеру

2. «Алақан» әдісі арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру.

Үй тапсырмасына жауап береді


Жаңа сабақ


















6

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. Мысалы: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.

Салаласа байланысқан жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, өзара іргелес тұру арқылы да, бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.

Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің іргелес тұрып не жалғаулық шылаулар арқылы байланысына қарай ол жалғаулықсызқарсылықты салалас және жалғаулықты қарсылықты салалас деп екіге бөлінеді.

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Күн жауып кетті,- оны елеген ешкім болмады.

Жаңа сабақты түсінеді

Жаңа материалды қолдану


16

Оқулықпен жұмыс

105-жаттығу

Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, жалғаулықты, жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрау.

І топ: 1,2 – сөйлем

ІІ топ: 3,4 – сөйлем

ІІІ топ: 5,6 – сөйлем

Талдау – табыс кілті

106 – жаттығу

І топ: 1-сөйлем: қарсылықты салаластың жасалу жолын анықтап, морфологиялық талдау.

І топ: 3-сөйлем: қарсылықты салаластың жасалу жолын анықтап, сөйлем мүшелеріне талдау.

ІІІ топ: 4-сөйлем: қарсылықты салаластың жасалу жолын анықтап, сөз тіркесінің байланысу түрлерін табу.

Топ ішінде өзара ақылдаса отырып талдап, тақтаға бір оқушы шығып жалпы сыныпқа түсіндіреді, тақтамен жұмыс жүргізіледі.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем құрайды, дәптермен жұмыс жүргізеді.

Берілген топтық жұмысты орындай отырып, талдау жұмыстарын жүргізеді.








6

Графикалық диктант

  1. Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді, дегенмен онысы тап мұндай дәрежеде емес-ті.

  2. Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды.

  3. Мұхит келіп еді, Қайырбек шыға жөнелді.

  4. Бүгін жолға шыға алмаймыз, өйткені кеше қар қалың жауған еді.

  5. Ең сенімді су жер астыныкі,-оны іздеу керек, табу керек.

  6. Біздің жерге егін шықпай қоймайды: біз агротехниканы ойдағыдай қолданамыз.

  7. Қаныш Баянауыл әндерін көп біледі және оны өзі жақсы орындайды.

  8. Бұл жөнінде қызық мәліметтер жазуға болар еді,-оның бұл хатта қажеті жоқ қой деймін.

  9. Бұл араның жері үнемі дымқос болып жатады, шөбі еш уақытта тақырланып қалмайды.

Графикалық диктантты орындайды.

Қорытынды

5

Кері байланыс «Алма, ананас, банан»

Бағалау

Үйге тапсырма: 109-жаттығу





Бағаланады

Оқу ісінің орынбасары: П. Бекеева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі