Қарттар арасындағы жалғыздық сезімдерін азайтуға бағытталған жоба

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарттар арасындағы жалғыздық сезімдерін азайтуға бағытталған жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар арасындағы жалғыздық сезімдерін азайтуға бағытталған жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қарт адамдар арасындағы жалғыздық сезімі. Жалғыздық сезімін азайтуға бағытталған - «Жүрек Жолдасы» атты жоба.

Мақала авторлары: Арғынбек Перизат, Нарымханова Жанна, Қуанышбаева Гулназ, Талғатбекова Дильназ.

Оқытушы: Авсыдыкова Құралай Әділжанқызы

Қарттардың жалғыздық сезімі – қазіргі қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі. Жеке өмірде немесе отбасында өзіне назар аударылмай қалған қарттар эмоционалды және психологиялық қиындықтарға тап болады. Жалғыздық тек көңіл-күйді төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге денсаулыққа да әсер етеді. Мысалы, жалғыз қарттарда стресс, депрессия немесе жүрек-қан тамырлары аурулары жиі кездеседі. Сондықтан бұл мәселені шешуге бағытталған арнайы бағдарламалар аса қажет.

Осы мәселеге байланысты, біз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің https://farabi.university/ студенттері арнайы жоба ұйымдастырдық.

Жобаның атауы – «Жүрек Жолдасы». Жүрек Жолдасы – қарттардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға арналған ерекше жоба. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – қарттарды қоғаммен байланыста ұстап, олардың жалғыздық сезімін азайту. Жоба бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды:

  1. Клуб кездесулері – аптасына 4 рет қарттар жиналып, шай ішіп, әңгімелесіп, шағын ойындар ойнайды.

  2. Еріктілер бағдарламасы – жастар мен студенттер қарттарға қонаққа барып, уақыт өткізіп, бірге серуендейді.

  3. Онлайн-платформа – қарт кісілер бейнеқоңырау арқылы бір бірімен байланысады.

  4. Шығармашылық бағыттар – «Өнер клубы»- қарттар сурет салады, ән айтады, қолөнер курстарын үйренеді.

  5. Естеліктер кеші – аптасына 1 рет қарт кісілер жастық шағының оқиғаларын әңгімелесіп, өткен өміріндегі болған қызықты кезеңдерін жастарға айтып береді.

  6. Денсаулық пен белсенділік – таңғы жаттығу, йога, серуен топтарын ұйымдастырады.

  7. Технологиялық қолдау – қарттар смартфон, мессенджер, бейнеқоңырау қоодануды үйренетін «Цифрлық қолдау» курсы өткізіледі.

  8. Мейірімді іс-шаралар – «Бір күн бірге» акциясы: жастар аптасына 2 рет қарттармен бірге күндерін өткізеді, оларға үй шаруасына көмектеседі, серуендейді, бірге дүкенге барады. Сонымен қатар, қарт кісілер балаларға ертегі айтып беретін «Ата-әже сағаты» да бар.

Осы жоба рақылы күтілетін нәтижелер:

1)Қарттар жалғыздық сезімінен арылады.

2) Жастар мен қарттар арасындағы ұрпақаралық байланыс нығаяды

3) Қоғамда қамқорлық пен мейірімділік мәдениеті қалыптасады.

4) Қарттардың өмір сапасы жақсарады, көңіл-күйі көтеріледі.

5) Жастар мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиеленеді.

6) Қоғамда «қарттарға қамқор болу» мәдениеті қалыптасады.



Бағдарламаның ерекшелігі – әр қатысушының жеке қажеттілігін ескеріп, оларға жеке көңіл бөлу. Мысалы, кейбір қарттар тек әңгімелесуді қаласа, басқалары бірге шығармашылықпен айналысуды жөн көреді. “Жүрек Жолдасы” бағдарламасы әр адамға қолайлы әдіс тауып, олардың өмірін қызықты әрі мәнді етуге тырысады.



Сонымен қатар, әлеуметтік белсенділік қарттардың психологиялық денсаулығын жақсартып қана қоймай, олардың физикалық белсенділігін арттырады. Мысалы, топтық серуендер, спорттық жаттығулар немесе шығармашылық сабақтар – бұл жалғыздықты жеңудің тиімді тәсілі.



Жүрек Жолдасы” бағдарламасы – қарттар арасындағы жалғыздықты азайтудың және олардың қоғамдағы орнын арттырудың нақты жолы. Қоғам ретінде біз қарттарға тек қамқорлық қана емес, сонымен бірге құрмет пен қызығушылық көрсетуді мақсат етуіміз керек. Өйткені әр адамның жүрегі – жолдасы бар болса ғана толық өмір сүре алады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2025
38
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі