Материалдар / Қарттар-асыл қазынам

Қарттар-асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттарға құрмет көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысыЖаңаөзен қаласы№2 орта мектеп

















Қарты бар ел- қазыналы ел





( Қарттар күніне арналған мерекелік шара жоспары)









Жумагазина Б. К.







2017 жыл





Қарты бар ел- қазыналы ел

Мақсаты: Оқушыларға қарттар күнінің маңызын ұғындыра отырып, қариялар алдындағы парызын ұғындыру. Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.Халық күйі « Салкүрең» орындайтын Ансамбль1-жүргізуші:Хош келіпсіз ақ жаулықты аналарАқыл кенін арқалаған аталар.Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен биСіздер үшін мереке шашулары2-жүргізуші:Қариялар қашан да ел мерейі,Отбасының-Отанның берекесі.Қош келдің жарқырап ортамызғаБүгінгі қариялар мерекесі1-жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты да аяулы аталар, ақ жаулықты аналар!2-жүргізуші: Елімізге жылдан жылға дәстүрлі мерекеге айналып келе жатқан «Қарттар күні» мерекесі де келіп жетті. Баршаңызды дәстүрлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. 1-жүргізуші: Ақылдың кенін арқалаған қариялардың құрметіне арналған «Қарты бар ел- қазыналы ел» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!2-жүргізуші: Сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз.1-жүргізуші: Сіздердікөрген кезде ақылдың кені, отбасының берекесі, кейінгі ұрпақтың ақылшы, халықтың қамқоршысы, жұртының қорғаушысы екендеріңізді байқаймыз. Олай болса, бүгінгі сый-құрметтің барлығы сіздер үшін, ардақты қариялар!2-жүргізуші: Қазақ халқы « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз.1-жүргізуші: Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген бүгінгі қариялар алдындағы адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау деген сөз емес пе?2-жүргізуші: Ендеше қарттар күні мерекесіне арналған кешімізді бастаймыз! Алғашқы мерекелік құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.1-жүргізуші:Армысың ауылымның асылдарыЖайнасын көңілдердің жасыл бағыСіздер үшін ән мен күй, өлең мен биСіздер үшін мерекешашулары.2-жүргізуші:Барша қарияларымыздың құрметіне арналған Нұртолғанның термесі « Қанекей, тілім, сөйлеші» .1-жүргізуші:Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!Әр күлгенің бізге бақыт саналарЕңбегіңді еш етпейтін өмірдеЕлің, жұртың, ұл мен қызың бағалар2-жүргізуші:Ана мейір күн көзімен пара-парТұла бойға қуат болып тараларӨміріме шуақ шашып әрқашанКөп жасаңдар аталар мен аналар!Келесі ыстық ықылас, кең пейіл, ақ жүректен шыққан жыр жолдары өздеріңе арналады, қабыл алыңыздар!(Көркемсөз оқылады)1-жүргізуші: Құзы терең, кең құлашты шалқардай,Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,Отырады үй төрінде қомданып,Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай! 2-жүргізуші:  Кең даланың қоңыр лебі-үнінде,Дархан елдің даналығы- тілінде.Тамылжыған табиғаттай табиғи,Тозбай келген кешегі мен бүгіндеӘн: «Асыл әжем»   1-жүргізуші: Арқасынанардыңжүгінартқандай,Батырлығы-арғыатағатартқандай.МойымағанқиындыққатөзімдіБұрынғыныңқыранқабаққарттары-ай.2-жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдағанЗейнет емес бейнеттен арылмағанТәңірімдей табынып өтем мәңгіҚариялар өзіңді ел сыйлаған.Қазақ биімен бишілер тобы1-жүргізуші: Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын.БасындаҚарттаркүні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.2-жүргізуші: Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуде. 1-жүргізуші: Алайда, қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған аталарымыз бен әжелерімізді бұл жұбата алады ма? (Қарттар үйінен бейнекөрініс)2-жүргізуші: Осы көрініс туралы қарттарымыз не айтар екен. Құлақ түрейік...(Қарттарға сұрақтар қойылады)1.2.3.1-жүргізуші: Ортамызда қадірменді қарттар бар, Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар. Арқасында нардың жүгін артқандар. Омырауға қос-қос орден таққандар.2-жүргізуші: Ұрпағына жол ашқан, мұқалмаған қаншама қиындықтан,Жасымаған қарттарым, өмірінің сан-сала сырын ұққан.Табиғаты керемет, таудай мүсін байсалды қариялар,Шежірелі жүрегі, баталы ауыз жаралған жылылықтан. «Қариялар азайып бара жатыр» әнін қабыл алыңыздар!1-жүргізуші: Үнді биімен кішкене бишіміз ............................... шақырамыз 1-жүргізуші: Қариялар! Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,Жүрегімнің лаулатып отын жақтың.Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,Сендер ғой маған берген осы бақты. 2-жүргізуші: Қариялар!Қарыздармын өзіңе мен,Қайыспай қиындыққа төзе білген.Жүздеріңді әжімдер басқаныменБаяғы бәз жүздерің өзгермеген.«Анашым» әні (қарттарға сөз беріледі)1-жүргізуші: Абырой амандығын арта берсінБақ дәулет қызығымен қатар берсінҰрпағың жақсы көрген жиі келіпТаусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.2-жүргізуші: Тыныштық елімізге бере берсінМолшылық жерімізге ене берсінСоғыстан ел жұртымыз аман болыпҚызығын бейбіт өмір көре берсін.1-жүргізуші: Қарттарым сіздерге Алла саулық берсінДенсаулық ауыз-бірлік бола берсінТап-таза абыройлы болғаныңдыҚазіргі балдырған мен жастар көрсін.2-жүргізуші: Халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын,- деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Сау- саламатта болыңыздар!(спорттық сайыстар)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ