«Қарттарым асыл қазынам»
Айбол: Мерекелеріңіз құтты болсын ата-апа Көкіректен жыр төгілмей жата ма Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің Кенеліп бір ілтипатты батаға
Кәусар: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз! Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз.
Айбол: Сіздер әрқашан жас ұрпаққа төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Бүгінгі қарттар күніне орай мектебімізде ұйымдастырылып отырған 6 «ә» сыныбының «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Кәусар: Ендеше бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Дарибаев Нұржан ағайға береміз.
Баяндама: Назым апай
Айбол: Асыл әжем, мақтанышым менің де. Қонақ болып отыр міне төрімде. Өзіңе арнап балдай тәтті үнімен. Ән салатын кезім келді менің де деп ән шырқайтын Алуа қыздарыңызды «Әже» әнімен қарсы алыңыздар.
Кәусар: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен ерген інілеріне ізеттілігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше.Халқымыздың тәлім –тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Алдарыңызда оқушыларымыздың дайындаған көрінісі «Қарттар үйі» 1-ші бөлім
Айбол: Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
Қысылып еш саспаңдар, Кәнеки би бастаңдар. Ата –әжелердің көңілін , Бір көтеріп тастаңдар. Ортаға қыздарымызды «қазақша биімен» шақырамыз
Кәусар: 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды халықаралық қарттар күні деп есептеуге қаулы етті. Бұл мереке 20-шы ғасырда пайда болды. Басында қарттар күні Еуропада, кейін Америкада, ал 80 жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды. 1993 жылы 15 маусымда Қазақстан республикасының президентінің жарлығы бойынша біздің елімізде қарттар күні аталып өтілетін болды. Алдарыңызда Елнұр, Әли, Нұрділдә балаларыңыздан өлең шумақтары.
Елнұр Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар Әр күлгенің бізге бақыт саналар Еңбегінді еш етпейтін өмірде Елің, жұртың ұл мен қызын бағалар Ана мейір күн көзімен пара пар Тұла бойға қуат болып таралар Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңыз аталар мен апалар
Әли Жұлдыз дейсің, күн дейсің Жайнап тұрған гүлдейсің Ең жақсы гүл жарық күн Әжең демей кім дейсің Атаңменен кеңес те Өрле биік белеске Бабалардың намысы Жүрегіңде емес пе
Нұрділдә Өзің мені өсірген Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген Шөлдедің бе дана әжем Шай қайнатып келейін Шекер салып, жан әжем Өзім құйып берейін Балдай тәтті бал әжем.
Айбол: Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұялаған ұрпақ нағыр кемеңгер.
Келесі кезекті көңіл тебірентетін күйге берсек: Ләззат пен Алуаның орындауында «Балбырауын»
Кәусар: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата –бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Диас, Нұртас.Нұрасылдың орындауында өлең шумақтары.
Диас Абырой амандығын арта берсін Бақ дәулет қызығымен қатар берсін Тыныштық елімізге бере берсін Молшылық жерімізге ене берсін Соғыстан ел жұртымыз аман болсын Қызығын бейбіт өмір көре берсін Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін Денсаулық, ауыз-бірлік бола берсін Тап-таза абыройлы болғаныңды Қазіргі ел билеген жастар көрсін
Нұртас Көп жасаған қария Ақылы теңіз-дария Көп өнеге сөзі бар Сөзі соқпақ,сөзі нәр Ата салты ардақты Әрбір сөзі салмақты Ардақ тұтып үлкенді Балаларын мінекей Ата жолын жалғапты
Нұрасыл Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар Ақыл кенін арқылаған аталар Алдарында жауқазындай құлпырған Біз алаңсыз балғын шақты балалар Армысыз ауылымның асылдары Жайнасын көңілдердің жасыл бағы Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би Сіздер үшін мереке шашулары
Айбол: Ардақты да, асыл қазынамыз қарттарымыздың көңілдеріне қаяу түсірмей, әрқашанда мерейлерін асқақтатып жүре берейікші дегім келеді. Келесі кезекті көрінісіміздің 2-ші бөліміне берсек. «Қарттар үйі»
Кәусар: Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Ендеше тәрбие сағатына қонақ болып келіп отырған .......................... атамызға сөз берсек.
Айбол: Тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жайлаубаева Мөлдір апайға сөз берсек.
Келіп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмеет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қарттар күні

шағым қалдыра аласыз