Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қарттар күні сценарий
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1 Қазан - Халықаралық қарттар күні
«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»
ДТІЖО Мектеп директоры
___________ ___________
Г.Мұратбаева Е.Бугенбаев
Бабалардың баласы қариялар
Сынып жетекші: Т.Көшенова
2024-2025
Мақсаты: оқушы бойына
халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата –
бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне,
инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат
алуға тәрбиелеу.
1-
Жүргізуші
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты
балалар
2- Жүргізуші
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
1-
Жүргізуші
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты
аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы
ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы
мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі
тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел
сыйлаған.
2-
Жүргізуші
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген
інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын
ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген
ауыл қарттарының орны ерекше, олай
болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны
өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.
Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау,
оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі
берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып
келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет
келетін 1
қазан Қарттар күнімен құттықтай
отырып, «Бабалардың баласы
қариялар» атты кешімізге хош келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры
Бугенбаев Ербол
Нұржігітұлына___________________________________________________
береміз.
1-
Жүргізуші
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ендеше
Әнге кезек берейік – дей келе кешімізді «Ассалаумағалейкум» әнімен ашамыз.
Ән: «Ассалаумағалейкум» Орындайтындар:
Сағынбек,Асылжан,Ескендір
1- Жүргізуші
Шай ішетін
қоюлап,
Жақсы көрем
атамды.
Сырмақ сырған
оюлап,
Жақсы көрем
апамды.
Қарияларға арнау: Орындайтын: Қосай Қайсар
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы қариялар
Сиреп бара жатқандай кқрінеді.
Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,
Ұрпағына не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын,ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.
Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетін санап көрем.
Санап көрем... тоймаймын... сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем.
Қарттар бізді тастайды-ау, күйінемін,
Ой, өмір-ай, неғылған қиын едің!?
Сондықтан да садақ боп иілемін,
Сауыт болам тек қана киіне біл
2- Жүргізуші
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын
ашады.
Қарттар күні мейрамына
арналған
Бишілер өнерлерін
шашады
Би «Шабыт» Орындайтындар «Жауқазын» би тобы
1-
Жүргізуші
Ана мейір күн
көзімен пара –
пар.
Тұла бойға қуат
болып таралар
Өміріме шуақ
шашып әрқашан
Көп жасаңдар
аталар мен аналар!
Ән: «Ата» Орындайтын Төрегелді Сая
2-
Жүргізуші
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы
Ана!
Құттықтау: Орындайтын: Нұрлан Аруна
Жанарыңнан айналдым әлі тұнық,
Уақыт сені жеңбепті «кәрі» қылып.
Сынағына сес бермей тұрғансың-ау?!
Мыңдайыңды кетіпті әжім сызып.
Көңіліңнен теңіздей тербетілген,
Тек мейірім көремін келбетіңнен.
Махаббатың жүрекке қалай сыйған?!...
Үлкен болып тұрса да жер бетінен...
Анашым-ай,
Қамқоршым, ақ бұлағым!
Болашаққа бастайтын таң шуағым,
Таулы, қырлы бәйгіге атой салып,
Ақ сүтіңнен нәр алып шапқыладым.
Ақша шашың өткеннің елесіндей,
Ақ орамал намыстың белгісіндей.
Ұл-қызыңа ақ тілек дұға етер,
Ақ көңілің адалдық кемесіндей.
Сәжде қылып Аллаға бүгіндері,
Намаз оқып құлшынған көңілдегі.
Неде болса,
Жәннатқа кір Анашым,
Құлшылығың қабыл боп өмірдегі.
1- Жүргізуші
Ата - әже мерекелеріңіз құтты
болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық
толсын
Немерелеріңіздің өнерін
тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл
толсын.
Ән: «Ата-апа» Орындайтындар Аманбай Дастан
Жүргізуші 2
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән: «Менің әкем» Орындайтын: Қаныбек Ескендір
2- Жүргізуші
Мерекеңіз құтты болсын асыл
жандар,
Келеріне білген әрқашан биік
заңғар.
Күш - қуат, асыл - сана тірек
болып,
Сіз үшін ата берсін бақытты талай
таңдар
1- Жүргізуші
Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.
Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады
Көрініс: «Барыңды бағала» Орындайтындар 6Ә сынып оқушылары
Ән: «Қарттар үйінде» Орындайтын: Бердіқұл Нұрасыл
Жүргізуші 2
Сіздер барда артады
берекеміз,
Жақсылықпен қашанда тез
өсеміз.
Керегеңіз кеңінен қанат
жайып,
Тарқамасын әрдайым
мерекеңіз.
Құттықтау: Орындайтын:Асанхан Ұлдана
Дүниеге келер бір рет,
Дария-кеуде,
Тау-мүсін,
Құрыштан құйған құдірет –
Қарттарым, аман-саумысың?
Өздерің болсаң жанында,
Ел іші жомарт,
Еңселі,
Дән иісі жүрген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі.
Арада жылдар жөңкіліп,
Алыстап кеттім біртіндеп,
Айта алмай ауыз толтырып
«Ассалаумағалейкүм!» – деп.
Өзге бір менде жоқ тілек,
Өздерің көзбен баққаным,
Жайлы жер іздеп кетті деп,
Жазғыра көрме, қарттарым.
Ердім бір сиқыр қаламға,
Шығардым белге жыр көшін.
Болғам жоқ алаң,
Даламда
Әулие қарттар жүргесін.
Жанды ғой бағы даланың,
Сендерге қуат, дем берсін.
Киесі де оның сендерсің,
Иесі де оның сендерсің.
Алдында жүрші көзімнің,
Асылым, алтын қазынам.
Ауыра қалсам, өзіңнің
Пейіліңмен-ақ жазылам.
Сағынтып талай жыр туар,
Оралар әлі-ақ сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап,
Қарттарым, аман-сау жүрші!
1- Жүргізуші
Өмір ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн, айдын, дала
аспан - үн!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан
басқаның!
Ей, адамзат, бас әуенге, қос
әнге,
Шырқат биік тіршіліктің
дастанын!!
Ән: «Жан ата» Орындайтындар: Төрехасым Айару, Әлмұрат Аяулым
2- Жүргізуші
1- Жүргізуші
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары, аяулы асыл аналарымыз бен ардақты аталарымызға сөз береміз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2- Жүргізуші
«Сіз» «біз» деген жылы сөз-
Жақсылықтың мейірі.
Бір-біріне болып көз,
Кең болсын адам пейілі!
Ән «Ризамын» Орындайтын Қаныбек Ескендір
1- Жүргізуші
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенелтіп бір ілтипатты батаға
Ән: «Мерекелеріңізбен» Орындайтындар: Нұрғали Гүлсезім, Баққара Балауса
1- Жүргізуші
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре
берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық
берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
- деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы
оқушыларымызға бата берулеріңізді
сұраймыз.
№ |
Атауы |
Орындайтын |
уақыты |
1 |
Фанфар |
|
|
2 |
Жүргізуші |
Қаржау Сағынбек Тәліпбек Мадина |
|
3 |
Директор құттықтауы |
|
|
4 |
Ән: «Ассалаумағалейкум» |
Әсілхан Асылжан Қаныбек Ескендір Қаржау Сағынбек |
3 мин |
5 |
Қарияларға арнау |
Смагулов Асқар |
1 мин |
6 |
Би «Шабыт» |
«Жауқазын» би тобы |
3 мин |
7 |
Ән «Жан ата» |
Төрегелді Сая |
3 мин |
8 |
Қарияларға арнау |
Нұрлан Аруна |
1 мин |
9 |
Ән «Ата-апа» |
Аманбай Дастан |
3 мин |
10 |
Ән «Менің әкем» |
Қаныбек Ескендір |
3 мин |
11 |
Көрініс «Барыңды бағала» |
Сынып оқушылары |
5 мин |
12 |
Ән «Қарттар үйінде» |
Бердіқұл Нұрасыл |
3 мин |
13 |
Қарияларға арнау |
Асанхан Ұлдана |
1 мин |
14 |
Ән «Ата» |
Әлмұрат Аяулым Төрехасым Айару |
3 мин |
15 |
Қарттардан бата алу |
|
5 мин |
16 |
Ән «Ризамын» |
Қаныбек Ескендір |
3 мин |
17 |
Ән «Мерекелеріңізбен» |
Баққара Балауса Нұрғали Гүлсезім |
3 мин |