Тақырыбы: Қарттарым, аман – сау жүрші !
Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Студенттердің бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Түрі: Ардагерлермен кездесу, концерт
Көрнекілігі: Тақырып, нақыл сөздер, шар, слайд, шақыру билеті, буклет т.б
Жүру барысы:
1.Қонаққа шақырып, қарсы алу
2. Құттықтау сөз кезегі
2.Өлең жолдары оқылады
3.Концерттік бағдарлама
Кіріспе сөз: Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Яғни бұл күн – аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Демек жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Адам баласының бойындағы бұл ізгі ниет. Бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қазақ – қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет. Жастары егде тартқан шақта қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіріп, жетілдірген ұл-қыздары қас-қабағына қарап, немерелері қойнына тығылып, мойнына асылып жатса еңбектерінің ақталғаны емес пе? Қарияларымыздың «Жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп Жаратушыға құлшылық етуінің мәні де осында. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын! Қарттарым, аман-сау жүрші...
1 – жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар мен студенттер !
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары.
2 – жүргізуші:
Қарты бар үйдің қазынасы бар. Қарттар – біздің асыл қазынамыз демекші, үлкенді сыйлау, оларға қызмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі сіздердің еткен еңбектеріңіз ерен, талай жасты тәрбиелеп өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп, ұрпақ үшін игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытып жолымызда жарық жұлдыз болып жүрсіздер. Ендеше, «Қарттарым, аман – сау жүрші» деп аталатын сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!!!
Олай болса осында отырған қазыналы қарттар мен ақ жаулықты әжелерге мерекелеріңіз құтты болсын демекпіз. Алғашқы сөз кезегін «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің» директор Дауленбаев Ануарбек ағайға беріледі.
Сіздердің құрметтеріңізге әсем ән. Қабыл алыңыздар !
Ән: «Ана - Әке» Орындайтын:
1 – жүргізуші:
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар сіздердің келешек ұрпақ үшін жасаған игі істеріңіз әр жүректің төрінен орын алады.
2 – жүргізуші:
Тәуелсіз еліміздің өсіп – өркендеуіне үлес қосқан осы ардақты жандар деп білеміз. Саналы ғұмырында Отан деп, тылда түре салып тынымсыз еңбек еткен аяулы жандар – біз сіздердің алдарыңызда қаншама қарыздармыз. Сіздер жас ұрпаққа төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.
Көрініс: Ата мен немере
Атасы: Жастық шағына қызыға да қызғана қараған қария шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қояды. Онан соң мойынының түймесін ағытып, мойынына ілген бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үшбұрыш бойтұмар. Қарт тұмарды ерініне жақындатып, тәу етті. Содан кейін бәкісін алып тұмарды сөкті де төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен бір уыс қиыршық топырақ құм жерге түсті. Бұл осыдан бірнеше жыл бұрын туған жерінен түйіп алған топырақ болатын. Осындай әрқилы ойлардың құшағында отырған қарияның ойын немересі бұзды.
Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағынасыз ?
Атасы: Балам туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп өсіп – өндім. Ол менің ата-бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп ұрпағына аманатқа тастап кеткен. Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.
Немересі: Ата, осыншама жасқа келсеңізде туған жерге деген сүйіспеншілігіңіз бен құрметіңіз сіздің бойыңызға ана сүтімен, бесік жырымен сіңген бе?
Атасы: Ия, балам. Менің бойымдағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса үмітімнің ақталған деп білемін. Туған жерді сүю өз ата-әжеңді, бауырларыңды, әке-шешеңді туыстарыңды тыңдап құрметтеуден басталады балам. Үлкенді сыйласаң ұор болмайсың. Ақылды бол, балам, ақылды бол.
Мерекеңіз құтты болсын ата – апа
Көкіректен жыр төгілмей жата ма
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің
Кенелтіп бір ілтипатты батаға - деп
Керимбеков Бакытбек ағамызды ортаға шақырып бата сұрасақ.
Колледж студенттерінің орындауында « »биі. Қабыл алыңыздар !
2 – жүргізуші:
Жүз дейміз – ау !
Сөз болып па со–дағы !
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма ?
Қария ол
Қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы деп –
Қазақтың Қадыры жырлағандай қариялар мәңгі біздің жүрегімізде жүреді. Біз олардың ұлғайған жасы үшін емес, көпті көрген басы үшін құрмет тұтуымыз қажет. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Әр үйдің құтты қонағы қарттарымыз қашанда аман жүргей.
/Қарттарға арнап жыр шумақтары оқылады/
Музыка қосулы болу керек, баяу ән ойнап тұрады.
Мұқағали Мақатаев «Мен қарапайым қарттарды сүйем» /мәнерлеп оқу/
1 – жүргізуші: Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып
Қуат кетіп бара жатыр қартайып
Отбасыңда, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сынары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
/Ардагерлерге гүл шоғын тарату/
орындауында «Менің әкем – ең жақсы адам» әнің қабыл алыңыздар !
1 – жүргізуші: Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген,тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды.
Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол келеді. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
орындауында «Алғыс» әнің қабыл алыңыздар!
1 – жүргізуші : Жанды ғой бағы даламның
Сендерге қуат дем берсін
Киесі де оның сендерсің
Иесі де оның сендерсің
Алдымда жүрсе көзімнің
Асылым алтын қазынам
Ауыра қалсам өзіңнің
Пейіліңмен ақ жазылам.
Сағынып талай жыр туар
Мадақтар әлі сан жыршы
Даламның иісі бұрқырап
Қарттарым аман – сау жүрші.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қарттарым аман-сау жүрші

шағым қалдыра аласыз