жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қарттарым-асыл қазынам»
Тақырыбы:
«Қарттарым-асыл
қазынам»
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін
сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға
және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған
плакаттар
І Ұйымдастыру
Барысы:
ІІ.
Негізгі бөлім
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды
аталар. 1-сынып оқушыларының қатысуымен 1 қазан -
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы,
келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі
кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл
аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.
Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір
кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың
арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын
Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол
ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір
жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік
парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік,
сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп,
жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің
мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың
ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де
есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ
кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы
құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Біздің ауылымызда бірнеше қарт ата-әжелеріміз бар. Қадірлі
ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып
келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім Ата-әжем мақтанышым
ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
а/ Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
«Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп
халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының
қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық
іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге
көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал
дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты
кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін
көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже
немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып
нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді
тәрбиелейді.
Ән: Анашым
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Бейнеролик: Атасы мен
немересі
Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би:
Мен атамның
жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын
біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз
айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында
қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі
мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп
сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар,
қадірлеңдер!
Тақырыбы: «Салт- дәстүр туралы түсінік»
Мақсатым:1)оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;
2)ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.
Барысы:
1-оқушы :
Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Өнер халық- өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған
«Салт-дәстүр-асыл қазына»атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.
Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Тәрбие дәстүрі. Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.
3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Сергіту сәті
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:
1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма. Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарын басқа халықтардың әдет - ғұрыптарымен салыстырып, қосымша материалдар жинақтау
Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Мақсаты:Оқушыларды адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз
қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп»,
«әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың сөздік
қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын
қорытып, тұжырымдай білуге үйрету. Адамгершілікке,
кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу
Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер,
слайдтар,постерлер,маркерлер
Сабақтың жоспары:Шаттық шецбері.1. Топтарды
таныстыру:1-топ: «Кішіпейілділер» тобы: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз.2-топ:
«Әдептілер» тобы: Аулақ жүріп жаман қылық,әдетт Үйренеміз жақсы
мінез,әдептен.3-тобы: «Ізеттілер» тобы: Жақсыдан үйрен,Жаманнан
жирен. 4-тобы: «Инабаттылар» тобы:Кім үлкенді сыйласа,Кім үлкенді
тыңдаса
Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де.1 .Әдептілік - әдемілік.
Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі,
өзін-өзі күте білуімен әдемі.Әдемі адамның бәрі әдепті бола
ма?Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол
әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдепті.Адам баласының
бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге
ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті,
инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата -
анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп,
ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық
жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз
қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар
қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсе Ата -
ананың тілегі - адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі – адал болып
өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің - әуре
сарсаң әлегің.
Тәртіпті бала сүйеніш, Төбең бір көкке жетеді.Ұрыншақ бала
жанында,
Ұрыс пен керіс айқай- шу.Ұстамды бала маңынан, Ұнамды қылық
байқайсың.«Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті
айтамыз?
Әдептілік деп
үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді
айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі
басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін
көрсетеді.
Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет,
қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай
бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде
кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге
салып, тез түзеу керек.Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның
міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы
қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен
сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру
имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік
белгісі.Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың
дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше
көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем
дегеніміз сол.
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
Әдептілікті бізге кім үйретеді?- Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем.
Ізетімен кішінің –
Сәлемдесіп , қол берем.
Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
«Мен саған, сен маған»
ойыны:
-Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы
Кім дейміз? -Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы
Кім дейміз? - Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Үлгілі екен бұл дейміз.
Көрініс: Ситуациялық жағдай (тақтадан сурет
көрсету) Әдеп
Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір
мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына
жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы
сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.
Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп,
теріс қарап отыра берді.Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге
ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның
әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
- Ал балалар сендер не істер едіңдер?- Арманның істеген ісі дұрыс
па?
- Әдептілікке жата ма?Әдептілік туралы мақалдар
:1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем
бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Аға әдепті болса,- іні әдепті Апа әдепті болса, - сіңлі
әдепті.«Әдептілік» тобына. Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды;-
кішкене баланы жылатуға болмайды;
- құстарды атуға болмайды;- сабақтан кешігуге болмайды;
- сыныпта айғайлауға, жүгіруге, шашуға, секіруге болмайды;
«Кішіпейілділер» тобына. Не істеу керек?-
үлкенді сыйлау керек;- үлкендердің тілін алу керек;- кішілерге
қамқор болу керек;- оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;-
сабақты жақсы оқу керек; «Ізеттілер» тобы:
«Сыпайы сөздер» «Инабаттылар» тобы: «Мектептегі
әдептілік»
Хормен: -
Біз Отанның балдырған ұланымыз, Әдептілік, батылдық ұранымыз.
Қорытынды: - Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?(Сезімдерін тақтаға жүрекше-
стикерлер ілумен білдіреді)-Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз
аяқталды. Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген,
білгендеріңді өмірде пайдаланып, әдепті, жақсы адам болады деп
сенемін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген