Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қарттарым-асыл қазынам»

Материал туралы қысқаша түсінік
қайырымдылық шарасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


1 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп







Shape1

«Қарттарым-асыл қазынам»

(қайырымдылық шара)
















Атырау, 2018 жыл


«Қарттарым-асыл қазынам»

Мақсаты: Қатары күн санап азайып бара жатқан қазыналы қарттарымызды қадірлеп, жас буын ұрпаққа олардың ел үшін жасаған ерен еңбектері мен мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қосқан ұшан теңіз үлестерін насихаттап, оларды аялап құрметтей білуге тәрбиелеу.


1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! қадірлі қонақтар !


Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі- оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Бүгінгі «Қарттарым- асыл қазынам» атты қайырымдылық шарамыз ашық деп жариялаймыз.


Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар.


Психологиялық тренинг. 10 сынып оқушылары.


Бақытты отбасы- келешек кепілі,

Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-

Әрқашан үлкендердің міндеті.


-Сөз. Тәрбие ісі орынбасары А.Чукаеваға беріледі.


-Көркем сөз. «Қара шал» оқитын Нуршаханов Райымбек 6 сынып оқушысы.


Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ауылымыздың үлкен қариялары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр.


Сөз кезегі ардақты да, аяулы Жұрқабаева Назым әжеге беріледі.


ӘН. «Асыл әжем» орындайтын: Саматов Эльдар 11 сынып оқушысы.


Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,

Тірек болар бір- біріне қайда да.

Үлкендері-кішілерге қамқоршы,

Ал кішісі- үлкендерге көмекші.

Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,

Араластыр ерте бастан еңбекке.

Өз ұрпағың болсын десең бақытты,

Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты.


-Оқушылардың бүгінгі қадірлі қонақтарға арнауы. 8 сынып оқушылары.


-ӘН. «Апатайым, анашым» орындайтын 1 сынып оқушысы: Төлеген Мөлдір


Ардагерлер ардақты асыл жандар

Шәкіртімен мерейі тасығандар

Білімнің сәулесі мол нұр көшінде

Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар


ӘН: «Әке туралы жыр» орындайтын Есенгелдиева Аружан 8 сынып оқушысы.


Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген

Шәкірттерін сүйген таза көңілден

Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден

Ізгілікті он бойына жинаған

Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған

Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның

Ардақтысы болған елдің мұғалім


-ӘН: «Анашым» орындайтын Есенгелді Алихан 2 сынып оқушысы.


БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады.

Дүниеге келер бір рет

Дария кеуде тау – мүсін

Құрыштай күйген құдірет

Қарттарым, аман –саумысың?

Өздерің болсаң жанында

Ел іші жомарт, еңселі

Дән исі сіңген қанында

Даламның бір-бір бөлшегі


Аса құрметті қариялар! сіздер қандай да сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.


Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.


Қарттарымызды ардақтап өтейік! оларды сыйлап, қадірлеңдер! олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12