«Еңбекші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам»
8 «а», 8 «ә» сыныптары
Сынып жетекшілері: Абдукаримова А.Е
Ибрагимова Ф.М
1.10.2024ж
Тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам»
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір – қасиеттер, имандылық,үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,нақыл сөздер,гүлдер,шарлар.
1.Кіріспе сөз:
А) Келген қонақтарды қарсы алу
2.Негізгі бөлім:
А) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;
Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;
В) Аталарымыздың оқушыларға берер кеңестері,оқушылардың сұрақтары;
С) Концерттік бағдарлама.
3) Қорытынды:
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,ақ жаулықты әжелер мен асқар таудай аталар,ұстаздар және оқушылар. Қарттарымыз- біздің байлығымыз, даналығымыздың қайнары. Өмірдің қымбат сәттері сіздердің қолдауларыңызбен, мейірімдеріңізбен толы.
2-жүргізуші: Сіздерге бүгінгі Қарттар күнімен шын жүректен құттықтап, ұзақ ғұмыр, амандық тілейміз! «Қарттарым –асыл қазынам» атты бүгінгі мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Қарттарым жүректері неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқан.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір – бір дастан.
2-жүргізуші: Таң атып күн де шыққан өздернің мен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып,
Өсиет жастарға айтқан сөздерің мен, - деп асыл қазына,арқа сүйер тірегіміз болып аман есен жүре беріңіздер.
1-жүргізуші: Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Ендеше сол ұлағатты ізді жалғастыра отырып, біздің бүгінгі ардагер ұстаздарымызды құттықтау үшін сөз кезегін мектеп директоры М. Б. Абдыкасимовке береміз.
2-жүргізуші: Қарт кісіні құт-береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Видеоролик «Қарттар туралы » .

1-жүргізуші: Даламның исі бұрқырап,Қарттарым,аман – сау жүрші деп сайын даламыздың қазына қарттарын Сағи ақын жырлағандай,қашанда төрімізден қарттарымыз кетпеген халықпыз ғой. Кенжебекқызы Іңкардің орындауында «Кеңес» күйі.
2-жүргізуші: Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып есептеледі. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Біз балдырған баламыз,
Ақ апамыз панамыз Қуат
Шуағың мен жан апа
Әлі лаулап жанамыз.
Сөзі шырын бал апам
Өрге тартқан нар апам
Мың жасай бер біздермен
Жаны жумсақ жан апам.
Кірді түн уйге есіктен Нұрай
Жамылып қара жидегін
Тербете берді бесікті
Әженің айтып өлеңін.
Тербетіп отыр түн әже
Жылаған немерелерін
Баяндап отыр түн әже
Күн әженің де келерін.
Мейірімі мол ананың Каусар
Жүрегі жылы қолы кең
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы жолы кең.
Аталар – асқар таудай қорғанымыз,
Аналар – саяси мол орманымыз.
Қызығын ұрпағыңның көре берші.
Ақылгөйім,асқар тауым ғұлама,
Аспанымдай мәнгі жаса құлама Жания
Ер жетсем де еркелігім қалмайды.
Көз алдымда сен турғанда ұлы Ана .
Тербетіп ақ бесікте аяладың,
Бойдағы ізгілікті аямадың.
Анашым озіңсін ғой сүйенерім,
Анашым озіңсін ғой сая бағым.

1-жүргізуші: Шақырады ойнасақ гүл даламыз,
Туған жерден нәр алып нұрланамыз
Елшібек батыр мектебінде оқып жатқан
Жеткіншектер өнерлі біз боламыз. Ән Рахимжанов Алишер « ».
2-жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады,
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Ұйғыр биі»
1-жүргізуші: Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария,теңіз іспеттес.Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса,қарияларымыздың да білетіні сондай терең. «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген соөз осыдан қалса керекті. «Сауалнама»
2-жүргізуші: Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы заңдылық. Қарттардың тілегі –ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп,алдын болжауға тырысады. Қарттар- кісіліктің төресі. Сөз кезегін қадірменді ата-әжелерімізге берейік.
1-жүргізуші: "Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,-деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты сөздерді балаларға халықтың қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып отырайық.
2-жүргізуші:
Мейірімі мол ананың,
Жүрегі жылы қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы жолы кең.
Аталар-асқар таудай қорғанымыз,
Аналар-саясы мол орманымыз.
Қызығын көре берші ұрпағыңның ,
Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар сіздерге арналған мерекеміз осымен аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Келесі ашық тәрбие сағатында кездескенше аман-есен болыңыздар.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қарттарым асыл қазынам

шағым қалдыра аласыз