Қарттарым асыл қазынам

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарттарым асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарттар жайлы сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» 

Жатақхана меңгерушісі    

_________Джусипова Ю.К. . 

«__26__» ____09__2023 ж.




  













ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Қарттарым - асыл - қазынам» 





 






Жауапты: Дуйсебаева Д.А

                                                         








Шымкент 2023









Тәрбие сағаты жоспары

Тақырыбы:

«Қарттарым - асыл - қазынам»

Мектеп:  Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты: 26.09.2023 ж.

Тәрбиеші: Дуйсебаева Д.А


«Өркен» тобы


Қатысқан оқушылар саны: 30

Қатыспағандар: 2

Мақсаты: 

Мақсаты:

1.Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.

2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.

3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.

Көрнекілігі

оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді

барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді

Тәрбие сағатында қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Құрмет;

  • Өмір бойы білім алу;

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

  • «Skillfolio» курсынан  алынған тәжірибені қолдану

Құндылықтар

  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

  • Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

  • «Skillfolio» курсынан  алынған тәжірибені қолдану

Ресурстар

Интернет ресурстары, слайдтар, бейнежазбалар, тілге қатысты қанатты сөздер.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Тәрбие сағаты барысы

Басталуы:



Жаңа білім: 


Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан — Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі.

Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.

Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек.

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз.


Балаларымызға бізге қонаққа келген апаларымызды таныстырайық: 

  1. Ақсукент ауылында “Ауылдық құрылыс комбинатында” Бас есепші қызметін атқарған, Нурлан Асылханның әжесі - Шейітбекова Қаным Устемировна.  

  2. Бізде қонақта 40 жыл бойы Шымкент және Қызылорда қаласында дәрігер педиатр, инфекцианист қызметін атқарып келген - Таубаева Альмира Жакипбековна. 

Ардақты әжелер! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп, өлең жырлар арнаймыз. Енді өздеріңіз туралы оқушылардың жүрегінен шыққан өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Апа сөзі- қасиетті киелі

Апа сөзі- жанға жылы тиеді

Апа сөзі- өміріме өнеге

Апа сөзі-тек шындықты сүйеді

Апам менің жақсы адам,

Аптықпаған саспаған.

Апам барда әрейне,

Тарықпаймыз ақшадан.

Апам менің жақсы адам,

Қиындықтан қашпаған.

Немерені, мені де,

Артық көрді басқадан - деп өз немересі Н.Асылхан өзінің апасына арнап оқып береді. 


Ал енді апаларымызға сөз берейік, балаларға өз ақыл өсиеттерімен бөлісуді сұранайық. 

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі.


  • Ал енді біздің қымбатты да , қадірлі қонақтарымыз Ана бақытын көрдіңіздер, ұстаз болдыңыздар, ал Әже бақыты қалай екен?

Енді біз «Мақал-мәтел» айту түрінде сайысып көрсек. (Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)



1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)

2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)

3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)

4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)

5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)

6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)

7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),

8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).

9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).

10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).

11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)

12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)

13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).

14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)


Қазақтар «Төрінен қарт кетпесін» дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағынды сақтау.

Мына ән өздеріңізге арналады асыл әжелер

Қарақат Әбілдина “Асыл әже” әнін хормен орындау. 





Қорытынды

5 минут 









Қарт кісінің құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты. Біздің қаламызда да қарт ата - әжелеріміз бар. Солардың бірі бүгін бізде қонақта.

Қадірлі ата - әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.


Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.


Кері байланыс

- Иә, қарты бар жұрттың қазынасы бар. Саялы бәйтерек, данагөй тұлға қарттарымыздың өмірімен еңбек жолдары өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі өнеге болса, біздің міндетіміз «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый» екенін ешқашан естен шығармай, «Қарттарым аман сау жүрші» деп қарттарға құрмет көрсету.

 Балалар апаларға өздерінің тілектері мен ақ ниеттерін білдіреді.

Қарттарым аман сау жүрші!-дей отырып,сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз. Келгендеріңізге зор алғысымызды білдіреміз!























Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақхана қабырғасында өткізілген

«Қарттарым асыл қазынам» тәрбие сағатының

есебі


Өткізілген орны: Г107

Өткізілген уақыты: 26.09.2023 ж.

Қатысқан топ: «Өркен»

Жауапты тәрбиеші:  Дуйсебаева Д.А

2023 жылдың 26 қыркүйегінде Г107 аудиториясында «Өркен» тобының оқушыларымен «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаты болды. Тәрбие сағатының мақсаты адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және отбасындағы үлкен қария ата-әжелерге қамқорлық көрсету,құрметтеуді үйрету басты мақсат болды. Тәрбие сағат барысында оқушыларға әлеуметтік роликтер көрсетілді. Ситуациялық сұрақтар қойылды. Тәрбие сағатын қорытындылай келе оқушылардан кері байланыс алынды.

Picture 2 Picture 3 Picture 4

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2025
59
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі