Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қарттарым асыл қазынам" атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жарияланған материал мектепалды даярлық сыныптары немесе топтары үшін кеңінен пайдалануға тиімді. Мектеп табалдырығын алғаш атаған балғын бүлдіршіндер үшін үлкенді сыйлау және құрметтей білуге тәрбиелей отырып, адамгершіліктің асыл қасиеттерін санасына сіңіру және қалыптасқан дағдыларын өмірде қолдана білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Қарттарым –асыл қазынам»

Мақсаты;Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер,имандылық,үлкенді қадірлау,үлкенге ізет,кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті суюге,Отанымыздың білікті де, білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:тақырып жазылған плакат,суреттер,нақыл сөздер,слайт.

Барысы:

1.Кіріспе бөлімі.

Ә).Қонақтарды қарсы алу.


2.Негізгі бөлімі.

А)Қарттарымыздың қазына екенін түсіндіру.

Б)Қарттар күніне арналған слайт бойынша әңгімелеу.

В)Ата-әжелеріміздің оқушыларға берер ақыл кеңестері,оқушылардың сұрақтары.

С).Концерттік бағдарлама.


3.Қорытынды бөлімі.

Д).Қонақтардан бата алу.


Тәрбиеші:

Кіріспе: -Құрметті ата – ана,қонақтар ,даярлық сынып оқушылары 1 - қазан қарттар мерекесімен құттықтаймыз.
Қарттарға қамқорлық - біздің халқымыздың санасына терең сінген қасиет.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сабырлы саясатының арқасында елімізде
қарттарға қамқорлық жасауда ауқымды шаралар көп деп жасалып жатыр. « Қарттары бар
ел - бақытты ел» дей отырып «Қарттарым –асыл қазынам» атты ертеңгілігіімізді ашық деп жариялаймыз.


-Бүгінгі сыныбымыздың өнегелі, өнерлі, үлгілі отбасының ата- әжелерін ортаға шақырамыз.
1.Асылайдың атасы-Утебай ата.
2.Мирастың әжесі-Айша әже.
Тәрбиеші:

Бүгінгі 1 - қазан қарттар мерекесі.

Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.

Бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтауға сөз кезегін мектептің тәрбие ісінің орынбасары: Елеүкен Қ.Б. берейік.

Тәрбиеші: Мемлекетімізде осыдан 28 жыл бұрын 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 - қазан қарттаркүні деп есептеуге қаулы шығарды. : Алдымызда 1-қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.(слайт бойынша әңгімелеу)

Тәрбиеші:

Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.

Тәрбиеші: Балалар әже деген қандай болады?
Балалар жауабы:

Тәрбиеші: Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен! Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!

Тәрбиеші:

Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Оқушылардың орындауында «Әжемнің шәйі» әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Әжемнің шәйі»

Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға «Қамажай» биімен қыздарымызды шақырамыз.
Би: «Қамажай»!

Тәрбиеші: Енді балалар жұмбақ шешіп көрелік.

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп. Ол кім?    (әже)
Тәрбиеші: Ал сендер аталарың мен әжелеріңе арнап қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?
1-бала
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
2-бала
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Алла берген ұл - қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Қариясы бар адам,
Тәрбиеші: Құрметті қонақтарымыз ата-әжемізге сөз кезегін береміз. (ата-әже балаларға өз өмірлері туралы әңгімелеп, өсиетін,тілектерін білдіреді.)
3-бала:
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Көрініс: «Қарт пен немере»Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? (көрініс көрсетіледі)

Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы. «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел.

4-бала:
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.

5-бала:

Ұл қызына ерген
Немерең біз әже
Немерелеріңнен өрген
Шөбереңбіз әже.

Тәрбиеші: Рахмет балалар! Тақпақты қалай жақсы айтасыңдар!

Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Тәрбиеші:
Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға шақырайық.

Әзіл би: «Әжелер» .
Тәрбиеші: Балалар сендердің аталарың қандай?
6-бала:
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
7-бала:
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.

8-бала:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
9-бала:
Бесігіме бөлеп алып,
Сен тербетсең қалғимын.
Жүрегіме сіңіп жатыр,
Сенің айтқан әлдиің.
Тәрбиеші:

Жүректен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Тәрбиеші:

Күлімдеген көзіңнен
Айналайын атажан
Не үлкен сый бар бізге
Өзің берген батадан.

Бәрі:

Күнде үйдің қасынан

Көрші атамды көремін

Жүгіріп келіп қасына

Иіліп сәлем беремін.-деп бүлдіршіндеріміз аталарына «Ойыншықтар» әнін арнайды.
Ән: « Ойыншықтар»
Біздің бүлдіршіндеріміз қандай өнерлі! Рахмет сендерге!

10-бала:
Ақ жаулықты әжемді
Ай - нұрына теңедім
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін
11-бала:
Мейірімді апалар
Балалар кеп бата алар
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар
Тәрбиеші:

Қысылып еш саспаңдар
Кәнеки би бастаңдар
Ата - әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар.
Оқушыларды қазақтың «
Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.
Би: «Қара жорға»
Тәрбиеші:–Келесі сөз кезегін ата-әжелерге береміз.

(Ата-әжелер кезектесе балаларға рахмет айтып ,баталарын берді.)

Бәрі: «Біз бақытты баламыз!» әні
Ән: «Біз бақытты баламыз!»

Қорытынды.

Барлық бала:

Гүл - гүл жайнап бәріміз,
Кірді біздің сәніміз.
Қарттарымызды тойымен,
Құттықтаймыз бәріміз. (Қонақтарға рахмет айту,сыйлықтар табыс ету.)

Тәрбиеші:– Бүгінгі даярлық сынып оқушылары дайындаған «Қарттарым –асыл қазынам» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!




Picture 1 Picture 2



Picture 3 Picture 5




Picture 6 Picture 7

46 орта мектеп





Тақырыбы:

«Қарттарым-асыл қазынам»



Дайындаған: Өскінбаева Ж.С.



Мектепалды даярлық сыныбы

2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12