Тәрбие
жұмысының теориясы мен әдістемесі
«ҚАРТТАРЫН
ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ»
АТТЫ
ҚАРТТАР
КҮНІНЕ
АРНАЛҒАН
КОНЦЕРТТІК
БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕМЕСІ
Әзірлеген:
Сентябрь
Э.
Тексерген:
Тайболатов Қ.М.
Павлодар
– 2020
Мақсаты:
оқушы бойына
халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру,
үлкенді
сыйлау,
өз
ата бабасын ұмытпай сақтау үшін және
салт-дәстүрден нәр алып өсуіне,
инабаттылыққа
жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы
сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1)
оқушылар
санасына үлкенді тұлға ретінде
қалыптастырып дамыту;
2)
үлкенді
құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Барысы:
1-жүргізуші:
Жайналсын
көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер
үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер
үшін мереке шашулары.
2-жүргізуші: Қош
келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл
кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда
жауқазындай құлпырған,
Біз
алаңсыз балғын шақты балалар.
1-жүргізуші: Қымбатты
ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!
Ақ жаулықты аналар! Барлықтарыңызды
қазан айының алғашқы мерекелері қарттар
күнімен құттықтаймыз.
1-жүргізуші:
Білімді
жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын
мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау
үшін сахна төріне мектеп директоры
......... шақырамыз!
2-жүргізуші:
............
, осындай керемет тілегіңізге көп рахмет!
2-жүргізуші:
Аппақ
шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет
емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей
табынып өтем мәңгі,
Қариялар
өзіңді ел сыйлаған.
1-жүргізуші: Ел
мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен
кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін
аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын
ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген
ауыл қарттарының орны ерекше.
2-жүргізуші: Олай
болса, әр халықтың бойында ықылам
заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден
даралап тұратын, тек өзіне ғана тән
қасиеттері болады. Біздің халқымыздың
сондай ерешеліктерінің бірі – үлкенді
сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
1-жүргізуші: Қазақ
қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі
берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең,
ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне,
осындай теңеуге лайық қарияларды жылына
бір рет келетін 1-қазан Қарттар күнімен
құттықтаймыз.
Әдеби
монтаж:
1:Әжем
ұйықтар алдында
Ертегі
айтып береді.
Еркелеп
ойнап жатқанда
Ылғи
ұйықтап қаламын.
2:Әжем
өрнек тереді,
Сырмақ
отыр оюлап.
Басы
ауыра береді,
Шай
ішпесе, қоюлап.
3:Әжем
менің асыл жан
Жақсылыққа
үйретіп,
Жамандықтан
шектейді.
Әжеме
ешкім жетпейді!
4. Жанымда,
өзің бар да,
Қуаныш
сезем,
Жетелеп,
жүрсің алға,
Аяулы
әжем.
2-жүргізуші:
Алдында
ақыл берер қария ғой,
Жақсылар
жақсылыққа жария ғой.
Жастарға
ол парасатты кеңес берер,
Сөзге
бай ағып тұрған дария ғой
1-жүргізуші:
Халқымыздың
тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже
өнегесімен, аталар ақылымен берісіп,
өзіндік қасиетімізді қалыптастыру
көзделген.
1-жүргізуші:
Той
деп бүгін шашу шашады
Той
деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар
күні мейрамына арналған
Бишілер
өнерлерін шашады.
Мектебіміздің
биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен
ортамызға шақырайық!
Қамажай
биі
2-жүргізуші: Асқар
тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай
мәңгі жаса, құлама
Ер
жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз
алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
1-жүргізуші: Ата
ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата
жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның
мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата
ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды,
іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық
іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта
береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.
2-жүргізуші: Қарттарды
құрметтейтін, олардың алдындағы
перзенттік парызын үлкен ынтамен
орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік,
сергек сезімталдық көрсету сынды
қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне
ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
Көрініс: Бір
үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере.
Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп,
келіні атасына тамақты ағаш табақпен
береді. Бір күні шалдың немересі ағаш
жоныпты.
Әке-шешесі:
– Балам,
не істеп отырсың? –
деп сұрайды.
– Ертең
сендер қартайып, атам сияқты болғанда
тамақ ішетін ағаш табақ жасап отырмын,
– депті баласы. «Әкесін сыйламағанды,
баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе?
Ата-анаға қатыгездік жасаған адам
дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан
безген жан болып саналады. Қазақ халқында
ондай пенделер қатаң жазаға, қатты
қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың
көңілі – балада, баланың көңілі –
далада», — демекші, өзінің перзенттік
борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын
жерге қаратып, көкіректерін қарс
айырғандар бұрын да болған, қазір де
жоқ емес.
1-жүргізуші:
Тұра-тұршы
есейгенде ұл-қызың,
Жүре
тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған
бақыт неге керек, ақ әже-ау?!
Өзің
бірге көре алмасаң қызығын.
Сіздердің
құрметтеріңізге Ата-әже
әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Адамның
өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның
келешегіне сенімділігі – ол баланың
ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік
қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ –
ол ұрпақ көрегендігі.
1-жүргізуші: Ұрпағы
құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Күй
шашу биі
1-жүргізуші: Үлкенді
сыйлау, оларға құрмет көрсету –
ата-бабадан келе жатырған салтымыз.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен
ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың
біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп,
ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.
2-жүргізуші:
Сіздерсіздер
бүгінгі ұлықпандар,
Мың
жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар
тарих, қазына, ел қазығы,
Ей,
адамзат, осыны ұмытпаңдар!
1-жүргізуші: Абырой
амандығың арта берсін,
Бақ
дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың
жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас
дәм-тұзыңды тата берсін.
Қара
жорға биі
2-жүргізуші: Тыныштық
елімізге бере берсін,
Молшылық
жерімізге ене берсін.
Соғыстан
ел жұртымыз аман болып,
Қызығын
бейбіт өмір көре берсін.
1-жүргізуші: Алатаудай
кейпі биік қашанда,
Таң
сызылып, күлер нұр шашарда
Бата
бер деп бар адамдар жаяр қол,
Бір
биіктен бір биікке асарда.
Сіздерден
бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).
1-жүргізуші: Бүгінгі «Қарттарын
қадірлеген ел ардақты» атты
кешіміз осымен аяқталды.
2-жүргізуші: Келіп
тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет!