№54 «Айгүл» бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы: «Қарты бар үй - қазына»
Мектепалды «Күншуақ» тобы
Өткізген: педагог- модератор Альдешева Қ.Б.
2024-2025 оқу жылы
Тақырыбы:
«Қарты бар үй - қазына»
Міндеті:
Балалардың бойына халқымыздың асыл
қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау
үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы
мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы жауапкершіліктің маңызын
түсінуге өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал
ету.
Тәрбиеші: Балалар, 1 - Қазан қарттар күні деп белгіленген. Осы
мерекелеріңізбен сіздерді асыл жанды әжелер мен аталарымызды
құттықтаймыз. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе
жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап,
көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы күнге арнап бүгінгі оқу іс
әрекетімізді Қариялар күніне «Қарты бар – үйдің қазынасы бар» деген
тақырыпта өтпек. Дүниеге келер бір
рет
Құрыштан құйған
құдірет
Балалар, ол
кім?
Әрине
қарттарымыз. Тәрбиеші: Қане кім айтады ата деген кім өзі? Балалар:
Әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі. Тәрбиеші: Әже деген кім болады
ендеше? Балалар: Әкеміздің анасы, анамыздың
анасы.
Тәрбиеші: Жұмбақ айтамын, шешімін табамыз.
1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?
Балалар: Ата.
2. Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?
Балалар: Әже.
Тәрбиеші: Тамаша! Дұрыс айтасыздар, біздің әжелерімізге, аталарымызға арнап жаттаған тақпақтарымыз бар қане тыңдайық:
Фатима: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Әмір: Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Адия: Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
Айым: Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мақсат: Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Кәусәр: Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Тәрбиеші: Қанатты сөздер: «Қарты бардың қазынасы
бар».
«Ата - анаңды құрметтесең, сен де сондай
игілік көресің».
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр
азайып қариялар»
Мақал
мәтелдер:
1 - бала: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - бала: Үлкенге қарсы шықпа
3 - бала: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - бала: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - бала: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
6 - бала: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
Ән:
«Әжетайым»
Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?
Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы
екен!
Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай
керемет!
Жүргізуші:
Кім өзінің әжесі туралы айтып береді?
Нұрәлі:....
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, жақсы
да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп
ойлаймын. «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп айтып
жатырмыз, осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер
айтыңыздаршы?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Интерактивті тақтадан бейнекөрсетілім тамашалау, балалардан өз ойларын айтқызу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қарты бар үй - қазына
Қарты бар үй - қазына
№54 «Айгүл» бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы: «Қарты бар үй - қазына»
Мектепалды «Күншуақ» тобы
Өткізген: педагог- модератор Альдешева Қ.Б.
2024-2025 оқу жылы
Тақырыбы:
«Қарты бар үй - қазына»
Міндеті:
Балалардың бойына халқымыздың асыл
қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау
үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы
мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы жауапкершіліктің маңызын
түсінуге өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал
ету.
Тәрбиеші: Балалар, 1 - Қазан қарттар күні деп белгіленген. Осы
мерекелеріңізбен сіздерді асыл жанды әжелер мен аталарымызды
құттықтаймыз. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе
жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап,
көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы күнге арнап бүгінгі оқу іс
әрекетімізді Қариялар күніне «Қарты бар – үйдің қазынасы бар» деген
тақырыпта өтпек. Дүниеге келер бір
рет
Құрыштан құйған
құдірет
Балалар, ол
кім?
Әрине
қарттарымыз. Тәрбиеші: Қане кім айтады ата деген кім өзі? Балалар:
Әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі. Тәрбиеші: Әже деген кім болады
ендеше? Балалар: Әкеміздің анасы, анамыздың
анасы.
Тәрбиеші: Жұмбақ айтамын, шешімін табамыз.
1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?
Балалар: Ата.
2. Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?
Балалар: Әже.
Тәрбиеші: Тамаша! Дұрыс айтасыздар, біздің әжелерімізге, аталарымызға арнап жаттаған тақпақтарымыз бар қане тыңдайық:
Фатима: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Әмір: Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Адия: Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
Айым: Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мақсат: Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Кәусәр: Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Тәрбиеші: Қанатты сөздер: «Қарты бардың қазынасы
бар».
«Ата - анаңды құрметтесең, сен де сондай
игілік көресің».
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр
азайып қариялар»
Мақал
мәтелдер:
1 - бала: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - бала: Үлкенге қарсы шықпа
3 - бала: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - бала: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - бала: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
6 - бала: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
Ән:
«Әжетайым»
Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?
Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы
екен!
Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай
керемет!
Жүргізуші:
Кім өзінің әжесі туралы айтып береді?
Нұрәлі:....
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, жақсы
да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп
ойлаймын. «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп айтып
жатырмыз, осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер
айтыңыздаршы?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Интерактивті тақтадан бейнекөрсетілім тамашалау, балалардан өз ойларын айтқызу.
шағым қалдыра аласыз













