Тақырыбы: Қарты бардың – қазынасы бар.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы
үлгі -өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне,
мейрімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды –ұнамсыз,
әдепті -әдепіз қылықтарды ажырата білуге үйрету.
Әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ –жауап.
Көрнекіліктер: Мақал –мәтелдер, нақыл сөздер жазылған
плакаттар.
І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сабақтың тақырыбын,
мақсатын түсіндіру
ІІ. Кіріспе бөлім
1. Баланың рухани өсуіне ата
мен әженің ықпалы зор.Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана
тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз
сөздерге тиым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ақылды қария –ағып тұрған
дария дей отыра, бүгін оқушылар қарияларға арнап өлеңдер жаттап
келіпті. ( оқушылар өлеңдер оқиды)
ІІІ. Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жатқан оттай.
Кәрі бары игі деп.
Үлкенге жол бер, өзіңде қартаясың деген мақал
–мәтелдердің мәні зор. Біз орталарымызда жүрген қарттарымызды
құрметтеп, қолымыздан келгенді бәрін жасап, көмектесуіміз керек. Ал
балалар сіздер қандай мақал –мәтелдерді білесіздер?
(мақал –мәтелдер сұранады)
IV. Карточкамен жұмыс. (Мақал–мәтелдер жазылған
карточкалар беріледі. Сол мақал –мәтелдердің мазмұнын ашып,
түсіндіріп берулері керек)
Карточка №1
Адам жас шағында бір бала,
Қартайғанда бір бала.
Карточка №2
Отыз тістің қадірін қартайғанда
білерсің.
Карточка №3
Қарт адамның қайраты тілінде қалады.
Карточка №4
Екі сөйлеген қарияның қадірі кетеді.
Карточка №5
Көпті көрген дана болады,
Қартайып кетсе бала болады.
Карточка №6
Жастық –жалын, кәрілік –құл.
Карточка №7
Ата сөзі –бата сөзі,
Ата сөзі –ақылдың көзі.
Карточка №8
Кәрі, кәрінің сөзі дәрі.
Карточка №9
Көп отбасында кәрің болсын.
Карточка №10
Жастың тілегі, қарттың батасы қабыл.
V. Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер деген мақал
текке айтылмаса керек. Бұған мына бір әңгіме дәлел болмақ
.
Итаяқ.
Бір жігіттің әбден қартайған әкесі бар екен. Ол
тамағын ішкенде қолдары дірілдеп алдына төгіп –шашып алатын
көрінеді.Қайталана берген соң әлгі жігіт әйелімен ақылдасып, үлкен
кісіні дастарханнан аластатып, тамақты пештің қуысына апатып
беретін болыпты. Алдына итаяқ астау қойған да, тамақты соған салады
екен.Бір күні үй иесінің 3 жасар баласы қолындағы пышақпен әлде бір
ағаш жонып жатады.Жігіт таңданып:
-
Балам, мына істеп жатқаның не? –деп
сұрайды.
-
Бұл итаяқ! –дейді.
-
Оны не істейсің?
-
Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығам да,
осы итаяқпен тамақ берем, -депті сәби.
Сол жерде үй иесі өз ісінен
қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастархан басына қайта
отырғызыпты.
Сұрақтар:
1. Әкесі дұрыс істеді
ме?
2.Сіздер оның орнында не
істер едіңіздер?
3. Ата –аналарыңыз
қартайғанда қандай қамқорлық көрсетесіздер?
4. Қазіргі кезде өздеріңіз
қарияларға қандай көмек көрсетіп жүрсіздер?
VI.
Қортынды
Ата –ананы сыйлау
–адамгершіліктің ең басты қағидасы.Сол ата –ана балаға бар өмірін
арнайды.Ата –ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды
Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың»
деген сөз бар.Бұл ата –ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді.Ата
–ана тіпті қартайып, аяқ –қолынан әл кеткен кезде де оған «ищай»
деуге балаларының қақысы жоқ.Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен
шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық
дейді.Ата –анамен қарым –қатынаста баланың оларға «Сіз» деп
сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны
менсінбей, манағыдай жат қылықтар көрсетуі мүмкін.Екіншіден, ата
–ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны
абзал.Үшіншіден, мейлі ата –ана қандай болса да, бала ата –анасын
жамандамауы, мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек.Адам ата –анасына
артық –ауыс айтқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені,
жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.
Міне, балалар, біз өзіміздің
ата -әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен
қарыздармыз.Ол қарызымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы,
адамгершілігі мол, мейрімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде
құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер
ешқандайда ақшаға сатып ала алмайтын байлық.Ол тек адамның
жүрегінде орын алатын қасиет.Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі
кең, адал, мейрімді, қайырымды азамат болып өсіңдер.Қарттардың
алдында әрқашан да бас иіп тұрыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.