400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қарулы қақтығыстар кезіңдегі балалар құқықығының бұзылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эссе жалпы өз ойым, дебаттар мен дөңгелек үстелдерде талқыланатын материал. Қазіргі терорлық акттардың кесірінен қаншама баланың құқығы бұзылуда, сондықтан осы проблемаға көңіл бөлінсе деймін
Материалдың қысқаша нұсқасы









Эссе

Тақырыбы:Қарулы қақтығыстар кезіңдегі балалар құқығының бұзылуы.























Орындаған:Курмангалиева Данагуль Умиртаевна



Балалар әрбір халықтың болашағы. Ер жетіп өз отанына жұмыс жасайтын жастар. Сондықтан бала кезінің өзінде ақ ерте есеймеи бала өмірдің қызығын көруі керек. Ол үшін әрине ата-анасы қасында болуы керек. Жәнеде өмір сүріп жатқан елінде бейбітшілік болуы керек. Әлемде не бір соғыстар мен ауру жайлаған мемлекеттер бар, сол елдердің балаларына өте қиын. Соған байланысты тіркелмеген немесе жетім балаларда көп . Мысалы: Әлем бойынша соңғы есептеулерге қарағанда тіркелмеген балалардың саны 250млн-ға жуықтапты. Соңғы жыл сайын тіркелмеген балалар саны 51млн-ға артуда.Баланың тірелмеуі яғни оның құжаттарының жоқтығы ол баланың тәуелсіздігінің жотығымен тең. Ата-ананың балаларын тіркемеудің өзіндік салмақты негіздері бар.Мысалы, ата-аналардың алкогольдерге беріліп кетуінің себептерінен балалар тіркелмей қалып кетуде және осы жағдай көптеген мемлекеттерде орын алуда. Мысал ретінде біз Африкадағы Сомали елін алуымызға болады. Онда жалпы ағанда әйелдердің тек 3%-ы ғана балаларын тіркейді. Мұның себебі Сомали елінде бала тіркейтін органдардың жетіспеушілігі немесе бала тіркеудің қымбат болуы. Қалталары балаларын тіркеуге көтермеу себебінен балалар тіркелмей, құжатсыз жүруде.Екінші орынды Бангладеш мемлекеті алды. Онда жаңа туған нәрестелердің 10%-ы ғана туу туралы куәлік алады.Мұның себебі онда баланы дүниеге әкелу санының шектеулігі.Яғни, нақты белгіленген саннан артық бала дүниеге әкелсе ата-ана салық төлнейді. Оңтүстік Азия бойынша барлық балалардың 37%-ы тіркелген. Ертеңгі күні балаларды тіркемеу үлкен мәселеге айналмас үшін көптеген мемлекеттерде тіркеудің бірнеше түрлері қарастырылуда. Бала құқығы облысында бірінші маңызды құжат болып 1959 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған – Бала құқығы декларациясы болды. Осы күндегі декларация қабылдауының мақсаты – барлық балаларға бақытты балалықшақ сыйлау және декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды өз қалауына және қоғам игілігіне қолдануына бағытталған. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқықтары декларациясында: адамзаттың балаға қолда бардың ең жақсысын беруге міндетті екендігі айтылған. Бірақ, өкінішке орай, бұл тұста біз күннен- күнге ұлғайып бара жатқан балалардың өлімін және өсіп келе жатқан ұрпақтың әлсіз денсаулығын айтуға мәжбүр болып отырмыз. Қазіргі замандағы көптеген елдердің әлеуметтік – экономикалық жағдайының нашарлауы, баланың құқығын қорғау проблемасының актуалдығына алып келді. Экономикалық тұрақсыздық, өндірістің басылуы, өтпелі кезең қиындығы салдарынан жұмыссыздардың саны ұлғайып, халық деңгейінің төмендеуіне әкеліп, тікелей балалардың өмір деңгейіне әсер етеді. Экономикалық факторлардың өзі негативтік моменттер туғызады: 1-ден, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық баланы тұлға ретінде қалыптасуына керекті  жағдай жасауға үлкендердің мүмкіншілігін шектейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық куйзеліс пен кризиске шалдыққан көптеген елдерде кіші жастағы балалар, ең бастысы – қамсыз бақытты балалық шақтан мұқтаждық көруде. Кейбір отбасыда ата- аналар балаларын тамақтандыру мен киіндіруге де мүмкіндігі болмайды, олардың үкіметі де көп жағдайда оған назар аудармайды. 2-ден, ата-ананың біреуі ішімдік, есірткі қолданған отбасы жағдайы төмен балалар, көбінесе күйзеліске ұшырайды. Олар балалар көзінше ішімдік ішіп, есірткі қолданып, жанжал шығарады. Мұның бәрі жас баланың психикасына әсер ететіні сөзсіз. Өкінішке орай бұл: балалардың қамқорсыз қалуына, оқуын жіберуі немесе тастап кетуіне, көшеде қайыр сұрауына, қылмыс жолына түсуіне әкеліп соқтырады. 3-ден, адамдар өз болашағының жақсармайтындығын біліп, туып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмейтіндігінен, балалардың болашағына деген жауапкерсіздіктің пайда болуына әкелді. Содан көбіне ата-аналар өз балаларына уақыт бөлмей, тәрбиесімен айналыспайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібінде бала құқығының әлемдегі жағдайының қаралуы жәйдан жәй нәрсе емес. Осыған мысал ретінде, Бас Ассамблеяның 54-нші сессиясын ашқан кезде, Намибияның сыртқы істер министрі Тео-Бен Гурираб, балалар болашағын әлем алдында тұрған негізгі жеті міндеттің бірі деп көрсетті, сондай-ақ күнделікті дүниежүзі бойынша ата-аналардың жауапкерсіздігі мен қатыгездігінен балаларға өлім қаупі төніп тұр деп атап көрсетті. Гурираб мырза БҰҰ-ның жаңа мыңжылдықты халықаралық әлем мәдениеті және балаларға қатысты зорлық-зомбылықсыз онжылдық деп атауды қолдады. 4-ден, кейбір отбасыда балалар өз-өзін асырау үшін өз бетімен жұмыс істеуіне тура келеді. Сол себептен аяғына дейін оқуын жалғастыра алмайды. Бұл болса жарқын болашаққа деген мүмкіншілікті азайтады, ал қазір болса сауатты да, білімді адамдарға сұраныс өте көп. Одан бетер өкініштісі, кедейшілік пен тұрмыс жағдайының жоқтығынан балалардың орта білім алуына, дамуы артта қалған елдерде балалардың тең жартысы бастауыш білім алуына қолы жетпейді. Дүние жүзі бойынша 130 миллионнан аса мектеп жасындағы балалар қандай да болса мектепте оқуына мүмкіншілігі жоқ. Бұл ағымдағы кризистің салдары әлі бірнеше ұрпақтар кезінде өзін білдірері сөзсіз. 5-ден, дамуы артта қалған елдерде балалар ауыр физикалық күш жұмсап, үлкендермен тең дәрежеде қауіпті өндіріс салаларында жұмыс істейді. Мысалға, Малайзияда балалар каучуконос плантацияларында кез-келген уақытта шағып алуы мүмкін улы жыландар мен шыбын-шіркейлерге қарамастан күніне 17 сағат бойы жұмыс істейді. Біріккен Танзания Республикасында балалар мақта жинап, пестицидтармен дем алады. Португалия балалары 12 жастан бастап құрылыс алаңында ауыр да, қауіпті жұмыс атқарады. Балалар еңбегін жаппай қолдану жас өспірімдер арасында кәсіптік аурудың таралуына, баллардың жарымжан және мүгедек болуына әкеліп соқтырады. Бала еңбегіне тиісті шек қою туралы заң қабылданса да, осы күнге дейін буыны бекімеген миллиондаған жас балалар ертеден кешке дейін жұмыс істейді. 6-ден, ата-аналардың, биліктің жауапкерсіздігінен көптеген балалар қылмыс жолына өздері түседі, әлде оларды басқа адамдар еліктіреді, содан бір рет заңды бұзса, қайтадан дұрыс өмірге оралу қиын екендігін, мемлекеттің жас құқықбұзушыларға ешқандай реабилитациялық шара қолданып, көмектеспейтіндігін түсінбейді. Іс жүзінде қылмысты, жағдайы жақсы отбасылардан шыққан балалар жасайды. Олар көбіне есірткі бизнесінде. 7-ден, Өмір жағдайының ауырлығынан балалардың көбі өздері, я ата-аналарының айтуы бойынша жыныстық қатынастарға түседі, ал ол балалардың деперсонализацияға ұшырауына, балалардың санының үлкеюіне, СПИД ауруымен ауыратындардың көбеюіне алып келеді. Сонымен қозғалған тақырыптың ерекшелігі оның көп қырлығында: балалықты, кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қорғауды құқықтық реттеу мәселелері экономикалық, саяси, рухани қондырмалары бар қоғамдағы қазіргі жағдайын байланыстыра отырып қарастырылады.

Баланы негізге алатын отбасы – ересек адамдар балаларының игілігіне көп көңіл бөлетін және некені олардың мүддесінде кез келген жағдайда сақтап қалуға тырысатын отбасы. Ия, отбасы баланың болашақта қандай адам болуына тікелей байланысты. Бірақ баланың болашағына тағы да байланыстты фактор ол өз Отаны. Маған берілген мемлекет Оңтүстік Африка Республикасы. ОАР-да соғыстар болып жатқан жоқ бірақ балалардың өмір сүру жағдайы нашар. Мемлекет жайлы айтып кететін болсақ Африка континетінің оңтүстігінде орналасқан, жане БҰҮ-ның мүшесі. ОАР-да 2017 жылғы сарап бойынша 57,725,600 млн адам тұрады. Ол әлемде 26-орын алады. Өмірдің орташа ұзақтығы – ерлерде – 50 жыл, ал әйелдерде – 48 жыл Демек, бұл дегеніміз өмір сүру ұзақтығы Қазақстаннан қарағанда кем. Бұл елде ақ нәсілділер мен қара нәсілділер өмір сүреді. ОАР қандай бай болса да бұл жерде де кедейлік белең алған. Неліктен кедейлік бар, өйткені көптеген азаматтар жұмыс жасағысы келмеиді, ал жұмыс жасаған азаматтар жақсы жағдайда өмір сүріп жатыр. Ал нашар өмір сүріп жатқан жандар өз балаларын жетім қалдырады сондықтан балалар көп өмір сүрмейді, балалық не екнің білмей өтеді. Осы кезде әділдік қайда деген сұрақ ойға келеді? Неліктен Африкадағы балалардың өмірі сондай қиын? Басқа елдерде балалар ата-анасының қасында тәрбие алып өседі, ал Африканың балалары жетімдік тауқыметінтартады... Бірақ ОАР «Окно жизни» деген қорапша бар. Ол екі жағынан да ашылады, ішінде камера орнатылған. Бұл жерге туған баласын кедейліктін кесірінен асыра алмайтын ата-аналар балаларын қалдырады, бала салған кезде екінші жаққа қатты дыбыс шығады, сол кезде приюттың адамдары балаларды алып кетеді. Бұл жерден балаларды ОАР-дың жақсы тұратын отбасылары мен басқа мемлекеттерден отбасылар алып кете алады. Сонымен қатар "Африка балаларды қорғау күні" деген бар. Бұл халықаралық күн, ол барлық елдердің саясаткерлері мен әлем жұртшылығының назарын Африка елдеріндегі балалар кездесетін мәселелерге аударуға бағытталған. Бұл күн жыл сайын 16 маусымда атап өтіледі. Алғаш рет мереке 1991 жылы аталып өтті. Оны өткізудің бастамашысы Африка бірлігін ұйымдастыру болды. Бұл мерекенің өту күні кездейсоқ таңдалмаған: бұл 1976 жылы қаза тапқандарды еске алудың өзіндік белгісі. ОАР-да, Соуэтода (Йоханнесбургтің оңтүстік-батыс шеті) 1976 жылдың 16 маусымында он мыңға жуық қара мектеп оқушылары мен студенттері ұзындығы жарты мөлшерден астам колоннада өтіп, білімнің төмен сапасына қарсы наразылық білдіріп және өз ана тілінде білім алу құқығын талап ете отырып өтті. Нәтижесінде апартеид саясатын уағыздаушы биліктер, жүздеген жас адам, шын мәнінде, балалар атылды. Келесі екі аптада наразылық салдарынан жүзден астам адам қаза тауып, мыңнан астам адам жарақат алды немесе қызған. Африкаанс тілінде оқытуды енгізуге қарсы наразылық білдірген оқушыларды демонстрациялаудан кейін ОАР-ның басқа аудандары мен қалаларында қол қойылған және қала маңындағы халықтың барлық топтарын қамтыған апартеид пен ақ халықтың үстемдігіне қарсы көтеріліс басталды. 1976 жылдың тамыз-қараша айларында жаппай саяси ереуілдер басталды. Тек ресми (анық төмендетілген) деректер бойынша, 1976 жылдың 16 маусымынан 1977 жылдың 28 ақпанына дейін көтеріліс барысында полиция атылуының нәтижесінде 575 адам қаза тапты, алты мыңға жуық адам қамауға алынды. Көтеріліс африкалық ұлттық Конгреспен басқарылатын азат күрестің жаңа кезеңінің басы болды. 1994 жылдың 9 мамырында ОАР президенті Нельсон Мандела болды, апартеид режимі құлады.

Қорытынды: Қорытындыға келетін болсақ әлем бойынша баланың құқығы тапталмауы керек, сондықтан әрбір мемлекет өз балаларына арнап тегін білім,денсауллықпен қамтамасыз етуі керек деп ойлаймын. Ал ОАР-на келетін болсақ жұмыс орындарын көбейтіп, кедейліктен адамдардың шыға алатының көрсету керек деп ойлаймын, сонда ғана бала өз отбасында өмір сүре алады, өйткені бала үшін туған ата-анасынан жақын жандер болмайды деп ойлаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қазан
731
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі