Материалдар / Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұжымда ауызбірлікпен жұмыс істеуге бағыттау. Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. 1 – ші топқа қағазды жырту, ал 2 - ші топқа қағазды бірнеше жерінен тесу беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2019
1135
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар.


1. Сәлемдесу
2 «Өрмекші торы» жаттығуы
3. «Ақ парақ» жаттығуы
4. «Жартастан өту» жаттығуы
5. «Ашулы шарлар» жаттығуы
6.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

1. Сәлемдесу
Нұсқау: Оқушылар өздерін таныстыру барысында, өздерінің жеке қасиеттерімен таныстырып өту. Мысалы: Менің атым – Шыңғыс. Мен сурет салуды, күреске қатысқанды жақсы көрем.

2.«Өрмекші торы» оқушылармен еркін қарым - қатынас жасау мақсатында жүргізіледі.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады.. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бір - біріне әр кім 1 - ші өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2 - ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының, адам бойына керек емес қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жиып шығады.

Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескертпе, сындарды түзете білейік.

3.«Ақ парақ» жаттығуы
Мақсаты: ұжымда ауызбірлікпен жұмыс істеуге бағыттау.
Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. 1 – ші топқа қағазды жырту, ал 2 - ші топқа қағазды бірнеше жерінен тесу беріледі.
Нұсқау: берілген ақ парақтар бойынша, қандай жағдаяттарды немесе аңыздарды айтуға болады. Айтылатын ойды дәлелдеп беру керек.

Кері байланыс: Қағазды жыртқан және шұрқ тескен кезде қандай ойда болдыңыз?

4. «Жартастан өту» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың өзара қарым - қатынасын бақылау.
Нұсқау: Оқушылардың барлығы бір қатарға тұрады. Олар жартастар болады. Ал, бір оқушы жүргінші болады. Ол осы жартастан ұстап, құламай өтуі қажет. Жартастарға көмектесуге болмайды, деген нұсқау беріледі.

Кері байланыс: Жартастан өту қиын болды ма?
Достарың жартас болып көмектеспей тұрғанда қандай күйде болдыңыздар?
Көмек көрсеткенде қандай сезімде болдыңыздар?

5. «Ашулы шарлар» жаттығуы
Мақсаты: бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа шығару.
Нұсқау: Бірнеше шарды үрлеп, бір, екеуін жару. Бір, екі шардың желін жайлап шығару.

Кері байланыс: Не сезіндіңіздер? Не байқай алдыңыздар?

6.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке - жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!