Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қарым-қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарым-қатынас» тренингі


ЕРЕЖЕ:

1.Құпиялылық

2.Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

3.Белсенді боламыз

4.Бір-бірімізге ренжімейміз

5.«Қазір» және «Осында» принціпі

«Ұлттық сәлемдесу»

Қатысушылар әр түрлі ұлттардың сәлемдесу мимикаларымен немесе тілдерімен сәлемдесуге болады бірақ бір ұлттың сәлемдесу стилі екінші қатысушыда қайталанбауы керек.


«Отбасылық құндылық ағашы»

Мақсаты: отбасы құндылықтарын таныту және дұрыс қалыптастыру.

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут.

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата - ананың сөзі заң

11. Ата - ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық қарым - қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет

20. Көп бала

Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.

Талқылау : Жаттығу барысында қандай көңіл күйде болдыңыз ? жаттығудан алған әсерініз?

«Түстерді тап» жаттығуы

Мақсаты: Жылдар ойлап тез шешім қабылдауға қалыптастыру.

Нұсқаулық: Жүргізуші сөйлемдер айтады. Сол сөйлемдердің ішінде түсті білдіретін сөздер бар. Қатысушылар айтылған түске сәйкес келетін затты 1,2,3 дегенге дейін көзімен тездетіп тауып алып ұстауы қажет.

  1. Орманда ақ қоян жүгіріп жүр.

  2. Сары қыздың көйлегі көгілдір екен.

  3. Қарбыз сияқты доп тауып алды, бірақ түсі қызыл.

  4. Аспанды сүр бұлт басып тұр.

  5. Мамамның қап-қара көйлегі бар.

  6. Менің алтын түстес алқам бар.

  7. Менің ағамның жасыл жейдесі бар.

Талқылау: түстерті табу және жеке жұмыс істеу қиындық тудырды ма?

«Сөйлемді аяқта» жаттығуы

Мақсаты : сөйлемдерді аяқтуына байланысты отбасы мүшелерін қалай қалайтынын анықтау.

Құрал-жабдықтар: қағаз, қалам

Қатысушыларға қағаз қалам беріледі және алдын ала дайындалған сөйлемдерді аяқтау тасырылады.

Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….

Менің отбасым бұл…

Отбасым бақытты болу үшін…

Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…

Мен қалар едім отбасымның…

«Иә» жаттығуы

Нұсқаулық: Жүргізушінің қойған сұрақтарының дұрыс бұрыстығына қарамастан ИӘ деп жауап беру керек.

Жүргізуші алдын ала сұрақтар дайындайды. Кейіннен қатысушылар сұрақтарды өздері дайындауы мүмкін. Мысалы

  1. Сенде бір миллино теңге бар ма?

  2. Саған мұхит ұнай ма?

  3. Сен шығармашыл адамсың ба?

  4. Сен жыртылған шұлық киесің бе ?

  5. Сен біреуді сүйесің бе?

  6. Сенің көйлегің кір ме?

  7. Сен қолыңды жуған жоқсың?

Талқылау: Ойын қандай әсер қалдырды

Қортынды

Тренинг барысында болған қызықты сәттермен бөлісіп өздерінің алған әсерімен бөліседі. Көңіл күйлерін сурет арқылы жеткізуге болады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12