Ұйымдастыру
кезеңі.
-
Жағымды көңіл – күй
|
5 Т –
ережесі:
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық.
«Нұрға
бөлену» мәтінін оқу
|
5Т ережесін еске
түсіреді
Көздерін жұмып
отырады.
Алған әсерлерімен
бөліседі.
|
«Хрустальная грусть»
композициясы
|
-
Оқиға
айту (Әңгіме)
|
К
Кірпіш
С.
Жүнісов
Қаланың күнгей жақ шеті
қашаннан құлазып, бос жатушы еді. Ол тұста жазды күні мал
жайылатын, балалар асыр аслып, доп ойнайтын. Ал қысты күні әппақ
қар басып, алай-түлей боран түтеп тұратын. Бірлі-жарым бейсауат
өткен ат-шаналы жүргіншілер мен шаңғы тепкен балалардың айқыш-ұйқыш
іздері ғана жататын.
Өткен жазда осы араға
дүбірлетіп көп құрылысшы келді. Аспанмен тұтасқан тырна мойын жүк
көтергіш крандар пайда болды. Көп ұзамай зәулім биік үйлер сап
түзей бастады. Бұл ара Сәулелер тұратын ескі ағаш үйден онша қашық
еместі. Бірде Сәуле терезеден осылай қарап тұрды
да:
–
Әке, анау үлкен-үлкен үйлер
кімдікі? – деп сұрады.
–
Ол үйлерді бізге салып жатыр.
Біткен соң, осындағы кішкентай үйлерде тұратындар сонда көшеді, –
деді әкесі.
–
Ой, әке! Шын айтасың
ба?
–
Шын
айтам.
–
Розаның, Мараттың үйлері де
көше ме?
–
Көшеді,
әрине.
Сәуле содан былай күн сайын
әлгі биік үйлердің қасына келіп, қашан бітер екен деп, ынтығып
бақылап тұратын болды.
Бір күні Сәуле есік алдында
ойнап жүр еді, қасынан үлкен бір жүк машинасы өтіп бара жатты.
Үстінде үйме етіп тиеген кірпіші бар. Бір кезде машина арықтан өте
беріп еді, сақыр-сұқыр етіп теңселді де, бір кірпіш жерге түсіп
қалды. Мұны көрген Сәуле қол бұлғап, айқай салды. Бірақ шофер
естімеді. Аялдамастан кете барды.
Сәуле жүгіріп келіп, түсіп
қалған кірпішті көтеріп алды да, машина соңынан жүгірді. Ол
ентігіп, алқынып, құрылыс басына келді. Арада бір сағаттай уақыт
өткенде әлгі кірпіш қабаты еңсесін көтеріп, жылдам биіктеп бара
жатқан үлкен үйдің қабырғасынан өзіне құтты орын тауып, игілікке
асты.
Сұрақтар:
-
Сәуленің құрылысқа
сүйіспеншілікпен қарауының себебі неде?
-
Сәуленің әрекетінен оның
бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқауға
болады?
-
Жақсы іске өз үлесіңді қосу
дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Сендер жақсы істер жасаған
кезде қандай сезімде боласыңдар? Әңгімелеп
беріңдер.
|
Мәтін бойынша сұрақтарға
жауап береді.
|
|
-
Топпен ән айту
|
«Көңілді күн»
1. Теріп
едік жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің
жақтың.
Сенің
думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді
шыдамай өзім қақтым.
Қайырмасы:
Бүгін
қандай тамаша
Көңілді
күн 3-рет
Сені
қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты
бол, жан досым!
2. Бір
тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің
бал бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен мен кіріп
келгенімде
Қуандың
ау балаша мені көріп.
Қайырмасы: Бүгін қандай
тамаша
Көңілді
күн 3-рет
Сені
қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты
бол, жан досым!
|
Оқушылар мұғаліммен бірге ән
шырқайды
|
|