400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашаған Күржіманұлы «Есқали Сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» атты өлеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашағанның өлеңдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Е. АЙШУАҚҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП





















Ашық сабақ тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы «Есқали Сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» атты өлеңдері

10 сынып









Өткізген: Махамбетова Биялай









2018 жыл



Сабақтың тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы «Есқали Сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» атты өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақынның өміріне, шығармашылығына тоқталу

Дамытушылық: өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, талдау жүргізу;

Тәрбиелік: Ақын өлеңдерін оқи отырып, халық қамын ойлайтын азамат болуларына тәрбие беру;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кесте- сызбалар, презентанциялар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, мәнерлеп оқу.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ. Қашаған Күржіманұлы

  1. Қашаған ақын 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласында дүниеге келіп, 1929 жылы Маңғыстау түбегінде Қырықкез деген жерде дүниеден өткен.(Қашаған – 16 жасынан бастап ақын)

  2. Қашаған Күржіманұлы XYIII ғасырдың екінші жартысында, XIX ғасырдың басында өмір сүрген тұлғаның бірі. Абыл мен Махамбеттің ақындық, жыраулық дәстүрін жалғастырушы. (Қашаған әйгілі ақын).

  3. Махамбет, Шернияз, Абыл, Есет ақындардың жыраулық дәстүрін жалғастырушы.(Қашаған – әйгілі ақын).

  4. Абыл мен Нұрым, Ақтаным

Осылар еді тапқаным.

Осылар маған үйреткен,

Тарихтың ескі ақпарын.

(Ұстаздары: Нұрым мен Абыл ақындар).

  1. Қашаған Күржіманұлы шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында №5 жарияланды. «Есқали сұпыға айтқаны» , «Оразалыға», «Берекет ақынға», «Сақыпқа айтысы», «Ізбасқа айтқаны», т.б шығармалары.

  2. Қашаған Күржіманұлы жинақтары: «Атамекен», «Топан», «Адайц тегі», «Әзіретқали» атты дастандары.

  3. Қашаған Күржіманұлы шығармалары: «Ертедегі әдебиет нұсқалары», « Ақберен», «XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы», «Топан», «Алқаласа әлеумет», «Жыр-дария» дастандары.

«Есқали Сұпыға айтқаны»

Бұл домбыраны қорлаған дүмше молдаға арналған толғау.

... Ибрахим Қағба салғанда

Есік болған бұл ағаш,

Мұнаралы әр жерде

Мешіт болған бұл ағаш.

Бұл өлеңде Қашаған ақын өнерге араша түседі. «Бекес байға», «Көптілеу байға айтқаны», «Оразалыға» деген өлеңдері ащы кекесін мен астарлы ойға толы.



«Осы күні жолдас болдым сексенменен»



Қашаған ақын қартайып, сексенге келіп, жер таянып отырғанда, Қашағанды Ізбас ақын іздеп келіп айтыспақ болады. Сонда айтқан толғауында ақын мысқыл сөздерді көп қолданады.

«Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны» толғаулары бар. Онда ақынның адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптеп, әділетсіздікті әшкереейді.

«Бұл дүниеде не жетім?» өзіндік дүниетанымын, көзқарасын білдіріп, өмірдің мән-мағынасы туралы толғанады.

Ақын өлеңдерінің ерекшеліктерін анықтау мақсатындағы тапсырмалар.

Ақын өлеңдеріндегі әдеби – теориялық ұғымдарды анықтаңыз:

Өлеңнен үзінді

Әдеби- теориялық ұғымдар

Қолымдағы қу ағаш,

Сайрап отыр бұл ағаш.

Асылы емен, қарағай,

Шыққан жері су ағаш.

Қу ағаш – домбыра – метонимия.Өзара байланысты ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану.

Сыртымнан естіген жұрт әуес еді,

Тұлпардай шығып жүрген дабылымнан,

Жас жігіт қонам десе қонар едің,

Көрем де сақалымның буырылынан.

Тұлпардай- теңеу

жас-эпитет


Қарашы, біздің шіркін бай

Шаруаның құлқын табуын...

Құдықтың аузын күзетіп,

Ор, денесін түзетіп,

Төбесінен күн өтіп,

Шыбын жанын пида етіп,

Шаруағажанды жүдетіп,

Жүргенде кетпесе игі еді

Біздің «аршыланға» тіл өтіп.

Ирония. (Сыртқы сыпайы, іші толған ащы күлкі, мысқыл

Адай деген ел едік-

Абайсыз өскен алшаңым,

Тәксіз өскен тарпаңым.

Метофора (Адам – алшаным, тарпаным)

Затты немесе құбылысты екінші бір ұқсас нәрсемен салыстыра суреттеу.



«Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңінің құрылысына талдау жасаңыз. ( Үш шумақ, бірінші және үшінші шумақтарда бес тармақ, үш бунақ, аралас ұйқас, ал екінші шумақта төрт тармақ, қара өлең ұйқасы)

Сабақты қорытындылау.

Ақын шығармашылығын заманындағы өзге ақындармен салыстырыңыз.

Бүгін сабақта мақсатымызға жеттік пе? Оны қалай дәлелдейміз? Сұрақтарымыз шешімін тапты ма?

Үйге тапсырма: Ақын өлеңдерін талдау, бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі