|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Қашқарияға
саяхат
|
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Шоқан Уәлихановтың
өмірі мен шығармашылығын тарихи деректермен толықтыра түсіндіру,
оны жан-жақты салада еңбек еткен ғалым ретінде таныту, оқушылардың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау.
|
|
Күтілетін
нәтиже:
|
Шоқан туралы бар
мәлімет-деректермен танысады, сабақты
қорытындылайды.
|
|
Ресурстар:
|
Плакат, стикер, слайд,
АКТ, маркер
|
|
Әдіс-тәсілдер:
|
Автор орындығы, Кластер
әдісі,Постер қорғау,Фишбоун әдісі
|
|
Сабақ
кезеңі
|
Уақыты
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сәлеметсіздер ме, балалар! Ендеше бүгінгі сабағымыз көңілді
әрі жарасымды болуы үшін бір-бірімізге жақсы
лебіз айтайық.
Сыныпты
тақырыбымызға байланысты 3 топқа бөлеміз.
І топ – сары
түс – Құсмұрын
ІІ топ –
қызыл түс – Ыстықкөл
ІІІ топ –
көк түс – Қашқар
Топ ережесін еске
алу
|
Оқушылар 3
топқа бөлінеді.
белсенділік
таныту
|
|
Үй тапсырмасын
сұрау
|
10
мин
|
«Автор орындығы» әдісі
арқылы үй тапсырмасын сұрау
|
Топ мүшелері әр топтағы
оқушыға жекелей есімімен атап, сұрақтар қояды
|
|
Бағдаршам
әдісі арқылы үй тапсырсасын меңгергендігін
анықтау.
Қызыл түс –
түсінбеймін;
Жасыл түс –
барлығы түсінікті;
|
Оқушылар бағдаршамның
түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.
|
|
Жаңа
сабақ
|
10мин
|
«Кім
жылдам»
К ластер қорғау







Ғалым,
тарихшы, әдебиеттанушы, этнограф, саяхатшы, суретші, фольклоршы,
шығыстанушы, географ, ағартушы.
Шоқан туралы
бейнебаян көрсету(кинодан үзінді)
«Сүйер ұлың болса, Сен
де сүй. Сүйінерге жарар ол» деп Абай атамыз айтқандай, Шоқан жарқ
етіп сөнген құйрықты жұлдыздай қысқа ғана ғұмырында көптеген
еңбектер жазып қалдырды. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашқария
сапарына барып қайтты. Ол кезде Қашқария Ресей тарапынан
зерттелмеген өлке болса, Еуропа ғалымдары үшін белгісіз, құпиясы
мол ел болатын. ХІІ ғасырдың аяғында Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы
Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін бұл өлкеге ешкім аяқ
баспаған. Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған
немістің белгілі ғалым-географы А. Шлагинвейттің еуропалықтар үшін
мүлде жабық елге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол
қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса құпия
жағдайда Қашқария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен
геологиясы, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз
болған аса бағалы деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алты
шаһардың немесе Қытайдың Нань-Лу провинциясының (Кіші Бұқараның)
шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген құнды еңбегін
жазды.
|
Өтілген тақырып бойынша
кластер қорғайды.
|
|
Жаңа материалды
қолдану
|
10
мин
|
Топтық
жұмыс
Үй
тапсырмасына берілген тапсырма бойынша, яғни Шоқан таққырыбын
қорытындылау мақсатында постер қорғау.
І топ :
Шоқанның өмірі мен шығармашылығы
ІІ топ:
Ыстықкөл сапарының күнделігі
ІІІ топ:
Шоқан – шығыстанушы, зерттеуші ғалым
|
Постер
қорғайды.
|
|
5 мин
|
Фишбоун
әдісі
І
топ:
-
Қашқария
саяхаты несімен құнды?
-
Омбыдағы
кадет корпусын қай жылдары оқыды?
-
Қашқарияда
неше уақыт болып зерттеу жүргізген?
-
Қандай
лиро-эпос жырын хатқа түсірді?
-
Қашқарда
болғанда қандай тілді жақсы меңгерген?
ІІ
топ:
-
Қашқария
сапарына барған кезде Шоқан неше жаста болған?
-
Қазақ
өлеңдерін қалай жіктеді?
-
Шоқан
Уәлихановтың қандай мақаласын білесің?
-
Қашқар
саяхатының негізінде қандай кітап жазды?
-
Қытай елінің
қанша қаласына зерттеу жұмыстарын жүргізген?
ІІІ
топ:
-
Қашқар
экспедициясына қатысы бар қанша адам
наградталған?
-
Шоқан жазып
алған батырлық эпос?
-
Семей, Аягөз
қалаларына барып қандай зерттеу еңбегін жазды?
-
Шоқанның шын
есімі, Шоқан деп кім атаған?
-
Қашқар
саяхатының негізінде жазылған кітабы қандай тілдерге аударылып,
баспа бетін көрген?
|
Тақырыпты пысықтау
мақсатында, Фишбоун әдісі бойынша топ мүшелері сұрақтарға жауап
береді
|
|
Қорытынды
|
5 мин
|
Рефлексия
«Хаттама нан»
Бағалау
Үйге
тапсырма: «Қазақтың біртуар тұлғалары» тақырыбында шығарма жазып
келу
|
Парақшаға
жапсырылған стикер арқылы бағалау.
Рефлексия
|