400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қасым Аманжолов "Дүниеге жар" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы мақсат Қасым ақын туралы білімдерін тереңдету, өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; оқушылардың ауызша сөйлеу мен жазба тіл мəдениетін қалыптастыру; Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы Қасым Аманжолов "Дүниеге жар" өлеңі

Сілтеме Білім стандарты. Оқыту орыс тілінде жүретін 11-сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығы (Алматы: "Мектеп", 2015 ж.). Мұғалімге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей.

Жалпы мақсат Қасым ақын туралы білімдерін тереңдету, өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; оқушылардың ауызша сөйлеу мен жазба тіл мəдениетін қалыптастыру; Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа тәрбиелеу.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы бойынша жаңа ақпаратпен танысады; сөйлеудің ауызша жəне жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана біледі.

Сабақта туындаған негізгі идеялар Қасым Аманжолов- қазақ әдебиетінің аса көрнекті ақыны.

Оқыту әдістері: Компьютер, "Өзім туралы" әні, Қ.Аманжолов туралы бейнеролик. Жеке,диалогтікоқыту; СТО;

-өзара оқыту;

-өзара бағалау;

-өзін-өзі бағалау.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

ІІІ. Ой қозғау. Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қ.Аманжолов туралы кіріспе сөз, Қасым туралы 5 минуттық бейнематериалды тамашалау (https://www.youtube.com/watch?v=HBm54f8ZRxQ).

ІV. Мағынаны тану.

1. Сөздік жұмысы-114-б.(тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым).

2. Слайд материалымен жұмыс: Қ.Аманжолов туралы ақпаратпен танысу.

1) хронологиялық кесте:

1911 ж. 10 қазан Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Жастай жетім қалады.

1924 – 1947 ж.ж. Семей қаласында интернатта оқиды.

1927 – 1930 ж.ж. Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды.

1930 – 1932 ж.ж. Орал қаласында, Ленинград қаласында оқиды, бірақ аяқтамайды.

1932 – 1933 ж.ж. Орал қаласының “Екпінді құрылыс”, Алматыда “Лениншіл жас” газеттерінде істейді, өлеңдері көптеп жарияланады.

1933 – 1935 ж.ж. Орал қаласында әскери міндетін өтейді.

1935 – 1936 ж.ж. Оралдың театрында жұмыс істейді, ақындық, әншілік,артистік таланты ашылады.

1936 – 1941 ж.ж. Алматыда газеттерде, Жазушылар Одағында қызмет істейді.

1938 ж. “Өмір сыры”атты тұңғыш өлеңдер жинағы шығады.

1941 - 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысады.

1946 ж. әйелі Сақыпжамалға үйленеді.

1947 ж. қызы Дариға дүниеге келеді, өзі сырқаттанып жатып қалады.

1946 – 1952 ж.ж. “Балбөбек”, “Нұрлы дүние”,”Таңдамалы шығармалар” жинағы басылды.

1954 ж. Қазақстан жазушыларының ІІІ съезінің ашылуына қатысады.

1955 ж. 17 қаңтарда ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.

2) "Балалық шақ" өлеңін оқушыға оқыту.

3) "Қоштасу" өлеңін оқушыға оқыту.

4) «Өзім туралы» өлеңіне жазылған әнді тыңдау.

5) "Өзім туралы " өлеңін тақырыптық-идеялық жағынан талдау.

6) дәптермен жұмыс: Қасымның өлеңдері мен поэмаларын жазу.

7) поэма туралы түсініктерін пысықтау, "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы туралы қысқаша баяндау.

8) фото шолу (слайд материалы).

3. "Дүниеге жар" өлеңін мәнерлеп оқу, тақырыптық-идеялық мәнін ашу.

V. Бекіту. Топтастыру. "Қасым кім?"

сазгер

патриот

ақын

жауынгер

әнші

аудармашы

Қорыту. Аз өмірінде көп еңбектенген Қасым¬ ақынның артында мол мұра қалды. Ол қазір төрт том болып басылып тарап жүр.

Қасым өмірді сүйген ақын.Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып,дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді.Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ, уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді. Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деген.

VІ. Үйге тапсырма: ІІІ деңгей: Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын оқу, "Дүниеге жар" өлеңін жаттау(үзінді);

ІІ деңгей: Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы бойынша қосымша ақпарат іздеу, хрестоматияда берілген өлеңдерін оқу, талдау;

І деңгей: "Қасым Аманжолов - өр рухты ақын" тақырыбына эссе жазу.

VІІ.Бағалау. Оқушылардың орындаған тапсырмаларын қадағалау негізінде, жауаптарына, көшбасшысының бағалау нәтижелеріне қарай жиынтық бағалаймын.

Рефлексия.Балалар сабақтан алған әсерлерін рефлексия парағына белгілеп береді.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1089
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі