жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қасым Аманжолов "Өзім туралы" өлеңі
Пән: қазақ әдебиеті
Күні:
Сынып: 7 "А" сынып
Сабақтың тақырыбы: Қ. Аманжоловтың "Өзім туралы" өлеңі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру, ақын тілінің ерекшелігін танып, өлеңнің мән - мағынасын ашу, идеясын таныту.
Дамытушылық: СТО
стратегияларын пайдалана отырып
оқушылардың өз бетімен жұмыс істей
білуіне, өз ойын еркін айта білуге,
шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге
дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ақынның
өлеңі арқылы оқушылардың туған жерін,
туған тілі ана тілін қастерлеуге,
адамгершілікке шыдамдылыққа, қайраттылыққа
тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың
әдісі: Түсіндіру,
сын тұрғысынан ойлау, талдау жасау, өз
пікірін қорғау, рафт, талдау, сұрақ –
жауап
Сабақтың
көрнекілігі: Қ.
Аманжолов өмірі жайлы видео, ақынның
суреттері, кеспе қағаздар, мақал -
мәтелдер
Пәнаралық байланыс: музыка
Күтілетін нәтиже: - Оқушылар «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбын , идеясын, кейіпкерін, толғаныс пен тебіренісін таниды;
- Оқушылардың шығармашылық ойы дамиды.
Бағалау: Өзара бағалау
Кіріспе |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
Уақыт |
|||
Кезеңдері |
Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.Тренинг оқушылар бір-біріне тілектер айтады |
Сабаққа дайындық жасайды, зейіндерін аударып ден қояды |
Кітап, дәптер, қалам |
2 минут |
|||
Топқа бөлу |
Оқушыларды "Өз жұбыңды тап" ойыны арқылы топқа бөлу |
Оқушылар кеспе қағаздардың астында жасырылған жануарлар аттарын мимкамен келтіру арқылы топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды |
Кеспе қағаздар |
1 минут
|
|||
Үй тапсырмасы "Автор орындығы" әдісі |
-
Біз бұдан бұрынғы сабақта кімнің,
қандай шығармаларымен таныстық? -Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған? Әңгімедегі кейіпкерлерді атап беріңіз? |
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.3 топтан үш бала шығып "Ана махаббаты" эсселерін автор орындығына отырып оқиды. |
Автор орындығы |
7 мин |
|||
Жаңа сабаққа дайындық "Кезбе тілші" әдісі |
Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін, интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып Қасым Аманжоловтың фотосуретін көрсету. Ақын өмірі туралы шағын видео көрсету. Кезбе тілші оқушыларға сұрақ қояды
|
Оқушылар кезбе тілшіге суреттен, видеодан кімді көргенін айтып ,ақын өмірбаянын, шығармаларын атап айтып кетеді. |
|
5 минут |
|||
Мағынаны тану кезеңі |
.
2. Өлеңді іштерінен оқыту. |
Оқушылар өлеңнен түсінгендерін класстер сызу арқылы айтып береді.
|
Кітап, үнтаспа |
5 минут |
|||
Сөздік
қоржыны (дәптермен жұмыс) |
Жасық
- жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз,
уытсыз |
Оқушылар сөздерді дәптерге жазады |
Дәптер,қалам,интербелсенді тақта |
3 минут |
|||
Топпен
жұмыс |
Тапсырма: I топ. Өлең құрылысына талдау жасау. ІІ ІІ топ. Бес жолды өлең құрастыру. ІІІ топ: Көркемдегіш құралдарды табу.
|
Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды орындап, қорғайды. |
Кітап, дәптер |
5 минут |
|||
«Топтастыру» екі топқада ортақ
|
Ойтолғау.Шығармашылық тапсырма. "Өзім туралы" эссе
|
Үш топ ойланып отырып,дәптерлеріне ойтолғау жазады |
Дәптер,қалам
|
5 минут |
|||
"Кім жылдам?" әдісі
|
Топтарға өлең жолдары ауысқан парақтар таратылады
|
Оқушылар бірігіп өлең жолын дұрыс құрастырады |
Өлең жолдары бар парақтар |
4 минут |
|||
Жинақтау
кезеңі |
Сонымен бүгінгі сабақтан біз не үйрендік ,балалар!Олай болса тұжырым кестесін толтырайық!
|
Оқушылар тұжырым кестесін толтырады |
Интербелсенді тақта, дәптер, қалам |
3 минут |
|||
Сабаққа рефлексия жасау
|
"Бос микрофон" әдісі Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті? Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің? Қай топтың жауабы сәтті шықты? Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың ұнаған ұнамағандығын және Сабақта қандай қиыншылықтар кездескенін, қай топтың жауабы сәтті шыққанын ,бүгін ең үздік топты анықтайды
|
-Балалар микрофонды алып өз ойларын айтты |
2 минут |
|||
Үйге тапсырма
|
Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау |
Балалар үй тапсырмасын күнделіктерін ашып белгілеп алады |
Күнделік, қалам, интербелсенді тақта |
1 минут |
|||
Бағалау |
Бағалау парақтары алдын ала таратылады |
Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды |
Бағалау парақтары, күнделік |
2 минут |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген