Материалдар / Қасым Қайсенов 105 жыл. «Қазақтың қайсар ұлы-Қасым батыр» Әдеби-танымдық сағат.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қасым Қайсенов 105 жыл. «Қазақтың қайсар ұлы-Қасым батыр» Әдеби-танымдық сағат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасым Қайсенов 105 жыл. «Қазақтың қайсар ұлы-Қасым батыр» Әдеби-танымдық сағат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
84
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: .Қасым Қайсенов 105 жыл. «Қазақтың қайсар ұлы-Қасым батыр» Әдеби-танымдық сағат.

Күні:

Сабақтың мақсаты:

Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсенов туралы мағлұмат беру, материалдар жинақтау және білімдерін тереңдету. Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ету.

Оқушылардың тілін, мәнерлеп айту,сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту

Оқушыларды елін сүюге, мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсеновтың өмірі және партизандық өмірі ,кітаптары

Құндылықтарды дарыту: Ар-ұят құндылығы оқушының бойына дарыту.Адал еңбекті құрметтеу. Отанына, отбасына,достарына,сыныптастарына қамқор болу.

Сабақ  барысы:

1.Ұйымдастыру :

1 бастаушы: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Сіздерді Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы, партизан- Қасым Қайсеновтың өмір жолына, Отаншылдық әрекетіне арналған әдеби танымдық кешін тамашалауға шақырамыз.

























Қасым Қайсенов (1918 – 2006) – Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, А. Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, қазақстандық жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері.
2023 жылы Халық каһарманы – Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл

Алтайдай алып тұлға – Қасым ағам,

Алмастай отқа салса жасымаған.

Бойында Бұқтырманың бұла күші

Болса да, арна теуіп тасымаған.





 





Оқушы:

Арайын арманымен астартырып.

Шашырап тұрар еді бақ шапағы…

Шаттанса, Қазақстан шаттансын де,

Дүниеде Қасекеңдей бар ақсақалы.

Оқушы:

Белгілі кеңес жазушысы Қасым Қайсенов сәуірдің 23күні 1918жылы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ аулында дүниеге келді.

Оқушы:

Орталау мектепті бітіргеннен кейін 1934 жылы Өскемен қаласында Саяси-ағарту техникумына түседі.

1935 жылы он жеті жасында техникумды жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы семья құрған.

Қасым Қайсенов жер бетінде бұрын соңды болмаған ең жойқын шайқаста жауға етегін шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен еңіреген ер, басқыншы жауды қаралай қалтыратқан Вася партизан. Халқымыздың күллі адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең басты қаһармандарының бірі.

Оқушы:

Одан кейін 1938 жылы облОНОда инспектор болып істейді, ал 1939жылы әскери барлау мектебіне қабылданды, оны 1941жылдың күзінде бітіреді.



Оқушы:

1940-1941 жылы Қ.Қайсенов оңтүстік-Батыс майданның штабына жіберілген. Арнайы тапсырма бойынша ол жаудың қол астында қалған Украин жерінде жіберілді. Қасым Қайсенов Чапаев атындағы партизан  байланысының үшінші отрядына жетекші етті. Молдавия,Карпат, Чехия және Румыния террияториясында  шайқасты.





Оқушы:

Соғыстан кейін өз жеріне оралып, Қазақ ССР Жоғары Кеңес президиуымында, Жамбыл облысында атқару комитетінде қызмет атқарды.



Оқушы:

Қ.Қайсенов ұзақ уақыт «Жазушы» және «Қайнар» баспасөзінде редактор, директор орынбасары болып жұмыс істейді.

Оқушы:

1954 жылы ол «Жас партизан»деген бірінші кітабын шығарады, өзінің шығармашылығын батырлық-патриоттық тақырыпқа  арналған әдеби еңбегі басталды. Қазіргі оқырмандарға «Илько Ветряк», «Переяслав партизандары», «Өлім жазасынан», «Жау арасындағы ұл», «Днепрде», «Жау ішінде» кітаптары жақсы таныс. Ол шығармалары орыс және украйын тіліне аударылды.

Мұғалім:

Біздің жерлесіміз IIIдәрежедегі «Богдан Хмельницкий» орденімен, I дәрежедегі «Отан соғысы» орденімен, I дәрежедегі «Отан соғыс партизаны» екі медалімен, Кеңес өкіметінің 15 медалімен, үш мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Оқушы:

Құдайдың берген мынау ғұмырында

Аңқылдап жүруші едің басың аман.

Жарқылдап заманыңда жақсы атағы,



Әркімнің дәл осылай атса таңы.

Оқушы:

Жауласпай жауыменен жата алмадың,

Қазақтай қарапайым қатардағы.

Аттандық қасіреттің соғысына

Қай жерден бұйырады татар дәмің?



Оқушы:

Еліңе зор даңқпен оралдың ба?

Атандың «Халық қаһарманы».

Халқымның ардақтысы – Қасым ата

Домалап тұрсын өрге тасың, ағам.



Оқушы:

Жұлдызың жана берсін жоғарыда.

Жүз жасап жүре берші басың аман.

Алмастай тот баспайтын жарқырайды.

Алтайдың алтынындай-асыл Адам!

 Ендеше, әдеби танымдық кешімізді оқушылар ойымен қорытындылайық

Қ – Қайсеновтың қазақ халқы берген атағы (Қаһарман)

А – Оның ең басты қасеті (Адалдық)

Й – Ол батыр болғанымен жүрегі мейірімге толы, … (Иманжүзді)

С – Ол – батыл болғанымен, … (Сабырлы)

Е – Оның әрбір жасаған ісі – … (Ерлік)

Н – Ол – басқа ұлттардың алдында өзін мойындатқан – … (Намысты)

О – «Ер болсаң қорға …» Қайсеновтың сөзі (Отан)

В – Оның партизандық атағы – (Вася)

Қорытынды :

Отан үшін отқа да, суға да түскен батыр ұл-қыздарын Қазақстан халқы ешқашан ұмытпайды.

Сондықтан да, бүгінгі жас ұрпақ осындай батырдың өмірі мен өр рухын өздеріне үлгі етуі керек. Ұлы Отан соғысының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы-партизан Қасым Қайсеновтің қан майданда жүргізген соғыс тактикасы жайын суреттеген «Қасым» атты фильм өте сәтті шыққан. Менің ойымша, бұл жақсы әрі маңызды бастама. Ел арасында «Партизан Вася» атанып кеткен атамызды Украин халқы ерекше құрметтейді Соғыс бұлты төнгенде, жаудың бетін қайтарған, елдің кегін қайтарған осы Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Сондықтан біздің міндетіміз елімізді, жерімізді, Отанымызды қорғау. Отанымызды қорғайтын, ардақтайтын азаматы ретінде біз өсіп келе жатырмыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!