Материалдар / Қашықтан оқудың оқушы біліміне әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтан оқудың оқушы біліміне әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқудың оқушы біліміне әсері жайында және қашықтан оқу кезінде кездескен кедіргілер мен қиындықтарды шешу жолдары жайында тереңнен жазған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Шілде 2021
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтан оқытудың оқушы біліміне әсері

Қашықтан оқу биылғы тышқан басталған қазақтың жаңа жылымен тұспа-тұс келді. Күллі әлем жұртшылығын алаңдатқан бұл індет, қазақ елінде айналмай өтпеді. Корона вирусы індеті салдарынан сабақты қашықтан оқуды бастап кеттік. Білім және Ғылым Министрі қашықтан оқытуға қызу дайындықпен кірісті. І тоқсанды қашықтан оқып аяқтадық. Қазіргі таңда екінші тоқсан қашықтан оқумен жалғасуда. Қашықтан оқытудың басты ерекшелігі індеттің алдын алуға, адам өмірін сақтап қалуға және ұстаз мәртебесінің өсуіне септігін тигізді. Сонымен қатар қаншалықты зияндылығы барында сезіндік. Әлемді жайлаған аты жаман індеттің салдарынан қаншама жандарымыздан айырылып, біреу әкесіз, біреу анасыз қалды. Бұл індет дүниежүзіне қарусыз келген соғыс іспетті болды.

Қашықтан оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы арасында қашықтықта ғаламтор ресурстары мен желілерінің пайдалануымен белгілі арақашықтықта оқыту формасы және ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы іске асатын оқу түрі. Қашықтан оқытудың онлайн оқыту яғни синхрондық оқыту және оффлайн оқыту асинхрондық, келесі түрі вебинар форматында оқыту түрлері бар. Ал онлайн түрінде оқыту дегеніміз-ғаламтор желісінің көмегімен белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқыту формасы болып табылады. Қашықтан оқыту – оқушының жалпы адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұстаздар алдында отырып, білім алып жүрген оқушылар қашықтан оқу кезінде үйренісе алмады. Осы қашықтықтан оқу кезінде оқушыларда кездескен қиындықтар: интернет жүйесінің әлсіздігі, әр отбасының қаржылай қиындығы салдарынан ғаламтор желісіне қосыла алмауы, компьютер, планшет, смартфонның жеткіліксіздігі болды.

Қашықтан оқу кезінде өкімет тарапынан көп балалы отбасы, толық емес отбасы және аз қамтылған отбасы балаларына көмегін беріп, смартфон, ғаламтор және компьютермен қамтамасыз етті. Телефонға қарама, теледидарды көп көрме сабақ оқы деп, балаларының сабағын оқуын қадағалайтын ата-аналар керісінше, телефонды ал, компьютерді қос, сабаққа қатыс дейтін болды. Білім Министрі «Balapan» арнасы, Ел арна телеканалдардан түсірілген сабақтарды әр сыныптарға кесте бойынша уақытымен көрсетіп отырды. Дарын платформасындағы дайын сабақтардың да ссылкасын жіберіп, мұғалімдер оқушыларды оқыта бастады. Оқушылар смартфонға телміріп, теледидарды қарап, уатсап желісі арқылы жіберілген ютубтағы сабақ ссылкаларын, дарын платформасының жіберген сабақтарын қарап отырды. Бастапқыда бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары балаларымен бірге оқыды. Қашықтан оқытудың тиімділігі білім беруде ұстаздардың қаншалықты қажет екендігін түсіндірді.

Қашықтан оқудың пайдалы тұсы да көп болды. Оқушылардың сабақ үлгеріміне кері әсер етіп, сабақты дұрыс оқымай, оқуға деген құштарлығы, қызығушылығы азайып, ғаламтор желісінде көп отырып, ойынмен, қажетсіз видеоларды көріп уақытын тиімді өткізбейтін оқушылар керісінше сабаққа деген белсенділігі артты, қызығушылығы оянды. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасауға, ізденуге талпынды. Қашықтан оқу кезінде оқушылар дәріс тыңдау, тапсырмаларын орындау, желіге қосылу арқылы әдептілікке үйренді, бір-бірімен хат арқылы хабарласу, аудиомен сөйлесу арқылы көп нәрсені түсінді. Интернетке қосылған гаджеттерді пайдаланып білім мен білік дағдыларды игерді. Қашықтан оқыту мұғалім мен оқушы арасындағы қашықтықтың бар екенін көрсетті. Нәтижелі, сапалы оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуге үйренді. Дарынды және үлгерімі төмен оқушы деген көрсеткіш жоқ, керісінше барлық оқушы тең дәрежеде болды. Үлгермейтін, оқу үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артып, сабаққа қатысты берілген шығармашылық тапсырмаларды мұхият орындап, өз білімдерін арттырып, бір қырынан таныта білді. Үйде әр сабаққа қатысты бейнероликтер мен сурет салу, отбасымен түрлі тағамдар пісіру, шығарма, эссе, ғылыми зерттеу жұмыстарын жазып, оны онлайн түрде қорғау, ұлттық қолөнермен айналысу арқылы өз шеберліктері мен шығармашылықтарын дәлелдеді. Ғаламтор желісін тиімді пайдаланып, ұстаздардың жіберген видесабақтарын көріп, әр пәннен тәжірибелер жасап, эссе жазып, зерттеу жұмысымен айналысып, ағылшын тілін үйренуге деген құлшыныстары да арта түсті.

Қорыта айтқанда, қашықтан оқытудың оқушы біліміне әсері орасан зор болды. Қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, осы қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Қашықтан оқудың басты ерекшелігі сапалы білім алу, уақытты үнемдеу, ыңғайлы уақытта оқу, заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану, ата-аналардың балаларға көмегі, оқушылардың өзін еркін ұстауы, өз ойын кері байланыс арқылы беруі, шығармашылықпен жұмыс жасай білуі жақсы табыстарға жетеледі. Оқушылардың білім алуына айтарлықтай пайдасы бар екендігін, білімінің тереңдеуіне, өз бетімен ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауына оң әсерін тигізді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!