Қызылорда қаласы
№ 11 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаңалықбайқызы Жазира
Қашықтан оқыту жағдайында қазақ тілі бойынша білім беру үрдісін ұйымдастырудың мәселелері
Елімізде короновирус індетінің таралуының себебінен төтенше жағдай енгізіліп, осы ахуалға байланысты мектеп оқушылары білім алудың басқаша, бұрын соңды құлағымыз естігенмен,іс жүзінде тәжірибеге енгізіле қоймаған қашықтан оқу форматында білім алуларына тура келді. Әрине, кез келген бастаманы қолға алғанда түрлі сұрақтар мен мәселелердің туындауы заңдылық болып табылады. Ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар көкейінде қашықтан білім беруге-білім алуға дайынбыз ба деген сауал туындағаны айқын. Қалай болғанда да бұл шарасыздықтан қабылданған шешім. Егер бұл тәжірибеге бейбіт заманда көшсек, онда шешімін таппаған мәселелер бар екені басшылыққа алынып, бұл мәселе кейінге шегеріле берер ме еді?!
Бұрын соңды ұстазының қарсы алдында отырып білім алған оқушы алғаш рет компьютер мен смортфонға тәуелді болды.
Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша көршілес елдер мен шетел тәжірибесі зерделеніп, қажет тұстары басшылыққа алынды.
Оқушының алдында тұрып сабақ берген мен қашықтан оқытқан екеуі екі бөлек дүние. Әр мұғалімде өзіне тән эмоция, методика деген бар. Онлайн сабақ бергенде оны қалай қолданамыз?! Неше түрлі сабақ беру әдісі арқылы жақсы білім беретін ұстаздар көп. Оқушылардың қабылдау деңгейі де әртүрлі. Дегенмен, осындай ауыр кезеңде оқушылар білімсіз қалмауы керек, оқуы тиіс. Осы тұста жауапкершіліктің басым бөлігі ұстаздарда екені анық.
Оқытудың бұл формасы ұстаздардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, өздерін кәсіби тұрғыдан одан әрі шыңдауға үлкен бір мүмкіндік берді деп ойлаймын. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану - заман талабы екені айқын. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалануды мұғалімдер толық қанды игеріп алды десем қателеспеймін. Оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін біздер, ұстаздар біліктілігімізді көтеруіміз қажет.
Қашықтан оқыту – мұғалімнің біліктілігін көтеріп, жауапкершілігін арттырып қана қоймай, сондай-ақ оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырды, ата-аналардың жаңа технологияларға деген көзқарасын өзгертті. Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқутудың басты құралы болып есептелмейді. Дегенмен жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, шетел білім беру саласының тәжіриберелерімен танысуды және оны күнделікті өмірде қолдана білуін қажет етеді. Жалпы білім беру ісі жөнінен басқа озық елдердің тәжірибесіне зер салып отыру, өзінің білімін жетілдіру, компьютерлік коммуникацияны үйрену - әрбір пән мұғалімінің кәсіптік міндеті, қажетті парызы.
Қашықтан оқыту үрдісінде білім беру жүйесінің тиімді құрылымы білім порталдары болып табылады. Порталдардың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандырудың дамуына өз үлесін қосу. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды орындауға зор мүмкіндік береді.
Қазақ тілін қашықтан оқытудың өзіндік ерекшелігі бар, себебі оқылым мен жазылым сияқты қазақ тілінде сөйлеу әрекеттеріне оқыту кезінде желілік платформалармен шектелуге болады,өйткені сөйлеу әрекетінің бұл түрлері көлемді кестені қажет етпейді. Бірақ, айтылым мен тыңдалымға үйрету кезінде тек мәтіндік файлдарды қолдану жеткіліксіз, дыбыстық көркемдеуге де, сондай-ақ оқушының ауызша сөйлеуін ынталандыратын түрлі әдістерді пайдалануға, яғни суретті материалдарға, бейне хабарламаларға да сүйену керек болады. Компьютерлік телекоммуникациялардағы мәтіндік хабарламалардың басым рөлі олардың үнемділігімен түсіндіріледі. Оларды беру және сақтау үшін аз техникалық қор керек. Ал дыбыспен бейнені беру үшін үлкен шығын қажет. Сондықтан аудио және бейне хабарламаларды беру жөнінде интернет желілерінің мүмкіндігі үздіксіз кеңейгеніне қарамастан, тапсырма, ақпарат ұсынудың мәтіндік формасының рөлі мен мәні сақталып қалады. Бұдан оқытудың барлық кезеңдерінде басты салмақ сөйлеу әрекетінің жазылым және оқылым сияқты түрлеріне түсетіні көрінеді.
Қашықтан оқыту үрдісінде көптеген ұстаздар жаңа сабақты меңгерту мен тапсырмалар беру барысында Power Point бағдарламасының тиімділігі мен артықшылығына көз жеткізді. Жас маман ретінде мен де оқушыларға жаңа материалды игерту барысында осы бағдарламаның көмегіне көбірек жүгіндім.
Microsoft Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған бағдарлама. Бұл бағдарламада әртүрлі анимациялық эффектілер, фото суреттер, бейне роликтер, әуен, музыкалық-дыбыстық эффектілер, т.б мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Бұл бағдарламаның тағы бір артықшылығы дербес компьютерге арналған жеке бағдарлама және мобильді құрылғыларға арналған қосымшасы бар. Яғни сіздің презентация түрінде дайындаған документіңізді оқушы қолында смартфоны болса болғаны, кез келген жерде аша алады. Сондай-ақ өзіңіздің аталмыш бағдарламада дайындаған сабағыңызды кез келген білім платформаларына және мессенджерлерге жүктей аласыз. Төменде өткен оқу жылында 7 сынып оқушыларына дайындалған сабақ үлгісі көрсетілген.

Қашықтан оқу формасы оқушылар үшін де жан-жақты дами түсуге, шыңдалуға бірден бір мүмкіндік берді. Оқушылар қашықтан оқу арқылы жауапкершіліктің екі есе артқанын түсініп, өз беттерінше ізденіп, білім алуға төселіп қалды. Мысалы, керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын интернет ресурстарынан іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды түрлі ресурстардың көмегімен орындау, қашықтан олимпиадаға қатысу оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуына, ұшталуына мүмкіншілік тудырды. Өздерінің жұмыстарын жақсы, қызықты етіп көрсету үшін гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс жасауды тиімді пайдалана білді.
Қашықтан оқыту мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді, әрі нәтижелі екенін уақыт дәлелдеді.
Тосыннан келген сынақ кезінде жұдырықтай жұмылуымыз керектігін түсіндік. Осы тұста оқушылар мен ата-аналар барлық жағдайға түсіністікпен, шыдамдылықпен қарап, мұғаліммен көзқарастары үйлесім тауып жатты.
Ел тұтқасын берік ұстап, болашақтың негізін қалайтын білімді ұрпақтарымыз көбейе берсін!

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз