Материалдар / Қашықтан оқыту негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтан оқыту негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАшықтан оқыту жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2023
235
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім алушыларды қашықтан оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері

Марайм Хабибулла Абдісаматұлы

Информатика пәні мұғалімі, бейін бойынша оқыту жөніндегі директор орынбасары

Түркістан қаласының адами алеуетті дамыту бөлімінің «Ә.Науаи атындағы

13 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Түркістан қаласы, Қазақстан


Қашықтан оқыту – бұл кәсіпқойлар тарапынан жаратылған, Internet желісі көмегімен қол жеткізе алатын оқу бағдарламаларының тізімі. Сіз компьютеріңіз немесе смартфоныңыз көмегімен қашықтан оқытуға арналған арнайы сайттарды ашып, логин мен парол еңгізу арқылы виртуалдық сабаққа қатысуға мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар әртүрлі интерактивті тапсырмаларға жауап беру арқылы тақырыпты толық меңгере аласыз.

Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азаматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары біліктілік деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту 21 ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.

Қашықтан оқыту түрлері.

Орындалған талданымдар негізінде қашықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:

  1. Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушыдан әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тіклей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Оның кемшілігі сонда, осылай оқытқанда кәдімгі сабақпа, әлде қазіргі заманғы педагогикалық технология қолданылған ба, оған қарамастан сабақтың тиражы көбейтіле береді. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзне қажет әдстердің, жаңа ақпараттық технологияының, куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабораториялық жұмыс көрерде осы интерактивтік теледидардың пайдасы зор.

  2. Компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультимедиялық технология, видеокконференция, телекөпір, онлайын-сабақ...) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай; Қашықтан оқытудың бұл түрі - компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық мен Интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі.

  3. Интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы. Үшінші тәсілде базалық электрондық оқулық ретінде компакт-дискілерді пайдалану ұсынылады. Ол ЖОО-ры мен мектепте білім беруге және мамандардың білімін көтеруге арналған зор дидактикалық мүмкіншіліктерге ие. Компакт-дискілердің артықшылығы мынады;

  • интерактивтік;

  • мультимедиялық;

  • ақпараттың үлкен көлемін қамтиды және осының есебінен қашықтан оқытуды елеулі түрде оңтайландырады.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.

Қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына шектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады.

 Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

 Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен   іс жүргізу  ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

  • Қашықтықтан   оқытудағы   мақсаттары   мен   міндеттері,   оның   алдағы   уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.

  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

  • Оқытудың   телекоммуникациялық  құралдарын  қолдану   ісіне   дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

  • Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

  • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. 

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қазақстанда пандемияға кезеңіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі жоғары және арнайы орта білім беру мекемелері мен жалпы орта білім беретін мемлекеттік және шағын жинақты мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Мектептер ағымдағы 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту жүйесі бойынша балаларға білім беру үдерісін бастады. Бұл жүйеге толықтай көшер алдында елімізде байқау сабақтары жүргізіліп, білім ордаларының дайындығы алдын ала тексерілді. Тексеру нәтижесіне байланысты ғаламтор жүйелері, мессенджер арқылы ұстаздар оқушыларды оқыта бастады. Сонымен қатар теледидарда белгіленген кесте бойынша дәрістер көрсетіледі. Және «bilimland», «aіmektep», «daryn» секілді республикалық порталдар да онлайн, оффлайн өз қызметтерін ұсынып, ұстаздарға көмекке келді.

       Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар мұғалімнің жұмысы мен оның оқушылармен және әріптестерімен онлайн түріндегі қарым-қатынасын дұрыс құруға көмектеседі. Үйден тиімді жұмыс істеу уақыт пен міндеттерді дұрыс бөлген кезде мүмкін болмақ. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері қашықтықтан жұмыс істеуде уақытты дұрыс ұйымдастырудан бастап, жабдықты орнатуға дейінгі бірқатар қиындықтар болуы мүмкін. Егер IT-технологияларға және қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты мәселелер дұрыс шешілсе, онда қашықтықтан жұмыс кедергілерсіз өтеді.

Ол үшін:

1. Ноутбукті үйдегі Wi-Fi желісіне қосу.

2. Бейне кездесулерге арналған бағдарламаларды жүктеу. Мысалы, Zoom немесе басқа осыған ұқсастар.

3. Карантин уақыты үшін әр мектепте мәселелерді шешуге арналған мессенджерлердегі чаттар ұйымдастырылуы керек – міндетті түрде топтарға қосылыңыз.

4. Онлайн-күнтізбе бастаңыз және онда онлайн кездесулерді жоспарлаңыз. Бұл маңызды тармақтарды жіберіп алмауға көмектеседі.

         Мұғалімдердің карантин кезіндегі жұмысы көптеген мәселелер мен сұрақтарды шешуден тұрады – бөлімшенің чатын құрып, сол жерде шешу орынды болады. Қарым-қатынас қағидаларын сақтауда маңызды. Атап айтқанда: бейне және аудио қоңыраулар кезінде микрофонның дыбысын өшіру керек; дыбысты қосу немесе жазу арқылы сұрақтарға жылдам жауап беру; қызметкерлермен тұрақты түрде жеке кездесулер ұйымдастыру; барлық сұрақтар мен оларды шешу жолдарын жазбаша түрде тіркеп, ақпараттың кімге арналғанына қарай қызметкерлердің, оқушылардың немесе ата-аналардың чатына не поштасына жіберу; мұғалім жұмыс күні ішінде әріптестерімен, оқушылармен және ата-аналармен байланыста болуы керек. Мұғалімдер өздерінің тиімді жұмысы күнделікті стандартты жұмыс форматында қолданатын құралдарына байланысты екенін есте ұстауы керек. Сондықтан тек қана өзіңіздің біліміңіз бен дағдыларыңызды қашықтықтан қолдансаңыз жетіп жатыр.

Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1.     Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені  (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2.     Жұмыс дәптері.

3.     Анықтама.

4.     Оқу, аудио, бейне материалдары.

5.     Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

-         курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің  бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

  • Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

  • Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.

  • Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM, ақпарат тасығыштар).

  • Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

  • Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

 

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

-         Интернет желісін пайдалану;

-         Әлектрондық поштаны пайдалану;

-         Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

-         Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі бір-біріне тығыз байланысты үш мәселені қамтиды:

1.     Қашықтықтықтан оқыту курстары түріндегі әлектрондық библиотекаға  материалдар базасын   жасау және жинақтау;

2.     Білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану (қашықтықтықтық курстар, әлектрондық кітапханалар);

3.     оқу процесін ұйымдастыру;


 Әдебиеттер тізімі:

  1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

  2. https://edu-kz.com/kz/helpful-information/distancionnoe-obuchenie-s-online-mektep

  3. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!