Қашықтан оқыту проблемалары және шешу жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтан оқыту проблемалары және шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
енді еліміз¬дегі төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтарға 25 білім беру интернет-ресурсына тегін кіруге мүм¬кіндік бар. Аталған интернет-ресурс¬та¬рдың қатарында мұғалімдер мен оқу¬шы¬ларға, сондай-ақ ата-аналарға аса қажетті Kundelik.kz, BilimLand, I-mektep.kz пен студенттер, болашақ студенттерге, оқытушыларға керекті testcenter.kz, CollegeSmartNation, электронды ректорат nkzu.kz, univer.kstu.kz, Paragraph Bilim бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтан оқыту проблемалары және шешу жолдары

Орта білім беру ұйымдары 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту форматына көшті. Елеулі өзгеріс бүкіл әлемге тараған коронавирусты өршітпеу мақсатында енгізілді.

ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле айтқандай, серіктестік қарым-қатынас – алға жылжудың жал­ғыз жолы, дәл қазір тығырықтан шы­ғу­дың да төте жолы. Бұл ойды тереңінен түй­сінген халықаралық ұйымдар, са­ла­сы бір компаниялар, бір-біріне ты­ғыз қарым-қатынаста алға жылжитын ұйым­дар әлдеқашан бірігуді бас­тап кетті. Айталық, бүгінде Microsoft, GSMA, Weidong, Google, Facebook, Zoom, KPMG, Coursera секілді ірі жеке секторлар ЮНЕСКО құрған коа­ли­­цияға қосылып, Khan Academy, Dubai Cares, Fundación Profuturo сынды коммерциялық емес ұйымдар мүше бол­ған және алпауыт ВВС арнасы әлем­­дегі оқушылар мен студенттердің қауіп­ті індет туралы танымын кеңейтуге атса­лысып жатыр.

Мұндай үрдіс, қауіп-қатер келгенде іскерлік пен ізгіліктің үлгісі елі­міз­де де көрініс тапты. Мәселен, Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Цифр­лық даму вице-ми­нистрі Дарын Тұяқов, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Ксеll» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Astel» АҚ сияқты бай­ланыс операторларының басшылары Ынтымақтастық туралы тиісті мемо­ран­дум­ға қол қойды. Соның нәти­же­сінде енді еліміз­дегі төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтарға 25 білім беру интернет-ресурсына тегін кіруге мүм­кіндік бар. Аталған интернет-ресурс­та­рдың қатарында мұғалімдер мен оқу­шы­ларға, сондай-ақ ата-аналарға аса қажетті Kundelik.kz, BilimLand, I-mektep.kz пен студенттер, болашақ студенттерге, оқытушыларға керекті testcenter.kz, CollegeSmartNation, электронды ректорат nkzu.kz, univer.kstu.kz, Paragraph Bilim бар.

Сонымен қатар білім беру платформалары бар бірқатар жеке кәсіпкерлер де тегін қызмет ұсынып жатыр. Мәселен, ІТ саласының маманы Нұрлан Жанай педагог қауымға карантин кезінде қашықтан білім берудің қыр-сырын үйрететін «Онлайн педагог» марафонын бастады. Ал Bilge Center құрылтайшысы Әкім Тұрсын бастауыш сыныптарға арналған тегін сабақтар тізбегін және барлық сыныптарға Bilgen.biz атты сұрақ-жауап пор­та­лын ашқанын айтты. Бұдан бөлек Ұлт­тық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов та аталған орта­лық­тың коммер­циялық ұйым екеніне қара­мас­тан төтенше жағдай кезінде талап­кер­лердің ҰБТ сына­ғын тегін тапсыра ала­тынын жет­кізген еді.

Бірліктің бір белгісі БАҚ тарапынан болған қадамдардан да көрінді. Бұған дейін біз мұғалімдердің «Балапан» телеар­­­насынан қазақ тілінде, «Еларна» телеарнасынан орыс тілінде сабақ бере­ті­нін жазғанбыз. Ал жақында Қазақ радио­сы­ның да қашықтан оқытуға атсалысатыны айтылды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте:

Соңғы тоқсанның білім бағ­дар­­ла­масын қамту үшін 3 мыңнан аса теле-сабақ түсіруге тиіспіз. Қазір сол теле-сабақтардың 300-ден астамы дайын. Келесі үлкен бағыт – радио. Қазақ­тың қара шаңырағы саналатын Қазақ радиосының үні байланысы жоқ шал­ғай елді-мекендерге жетіп жатқанын бі­леміз. Сондықтан Қазақ радиосымен жүр­гізілген келіссөздердің нәтижесінде кесте бойынша радио-сабақ беруді бас­та­мақпыз, – деген болатын.

Қашықтан оқыту орта білім беру ұйымдарының тәжірибесінде бұрын болмады. Сондықтан түр­лі тараптан сан қилы сауал туатыны анық. Осыған орай министр­лікте ситуациялық орталық құрылды. Бұл жөнінде А.Айма­ғам­­бетов:

Ат­алған орта­лық мектеп­тер­дегі ғана емес, бұған дейін қашықтан білім беруге көшкен кол­ледждер мен жоға­ры оқу орындарындағы жағ­­дай­ды да күн сайын жіті бақылап отырады. Өйткені біз үшін қашықтан оқытудың қалай жүргізілгені ғана емес, білім берудің сапасы да аса маңызды, – деді.

Оның айтуынша, call-орталық 5 млн-ға жуық білім алушылардың (студенттер, оқушылар) көкейіндегі туындаған сұрақтарына жауап беруді міндетіне алады. Сондай-ақ әр облыстық білім басқармасы мен аудан, қалалық білім бөлімдері жанында әдістемелік көмек көрсететін call-орталықтары жұмысын бастайды. Министрлікте де 1450 қысқа нөмірі бойынша call-орталық бар.

Қашықтан оқытуға көшудегі ең маңызды мәселе – техника тапшылығы. Министрлік біршама уақыт бұрын бұл проблеманы мектептегі компьютерлерді оған мұқтаж оқушылар мен мұғалімдерге таратып беру арқылы шешетінін хабарлаған.

Компьютерлерді оқушыларға таратуда елорда мен Алматы қаласы бел­с­енділік танытып отыр. Мәселен, Алма­тыда аз уақыттың ішінде 10 мыңнан аса компьютер таратылды. Мектептегі техникаларды уақытша пайдалану бойынша арнайы актімен балаларының білім алуы үшін ата-аналарға тапсырып отырмыз, – деді ведомство басшысы.

Техника тапшылығының түйіні ком­пью­­терлерді таратып берумен түбе­гейлі тарқатылмайды. Сондықтан минис­тр­лік арнайы техникалар (компьютер, план­шет, ноутбук) сатып алуды да қолға алған.

Сатып алынатын техника тек қана компьютер емес, бұл қашықтан білім алуға көмектесетін кез келген құрылғы болуы мүмкін. Себебі елімізде компьютер толығымен жетеді деп айта алмаймыз. Сондықтан жетпеген жағдайда басқа да құрылғыларды аламыз. Қазіргі таңда 80 мыңға жуық техника сатып алуды жоспарлап отырмыз. Әрине тек оқушыларда емес, мұғалімдерімізде де техника тапшылығы бар. Сол себепті педагогтарды тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатыр, – деді А.Аймағамбетов.

Осы ойға негізделген жұмыстардың алғашқысы кеше, яғни 1 сәуірде сынақ-сабақтар ұйымдастырылумен басталды. Барлық мектептердегі мұғалімдер оқушыларымен байланысқа шығып, қашықтан сынақ-сабақ берді. Ал бүгін яғни 2 сәуір күні жалпыұлттық ата-аналардың жиналысы болады. Аталған мәселеде ата-аналарға мұғалімдермен бірдей жүк түседі. Сондықтан олар қа­шық­­тан оқытуды қалай жүргізілетінін, мұн­дай форматтағы сабақтарды өткізудің проб­лемалары мен шешу жолдарын білуі керек. Министрдің мәлімдеуінше, 3 сәуірде сынып сағаттары өткізіледі. Мұнда да қашықтан оқытуды жүзеге асыру форматтары мен проблемалары тал­қыланады.

–  Осы үш шара  6 сәуірге дайындықты пысықтау. Себебі бұрынғыдан өзгеше басталғалы отырған биылғы соңғы тоқсанға мұғалім де, ата-ана да, оқушы да, құрылғы да – бәрі сақадай сай болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.08.2020
1408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі