ҚАШЫҚТАН
ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
Жәкенова
Г.Б
№47
жалпы білім беретін орта мектебі
“Заманауи
әлемде елдің қуаты ең алдымен
азаматтарының
білімімен өлшенеді”
Нұрсұлтан
Назарбаев
Қашықтан
оқыту технологиясы
–оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер
мен оқытушылар арасында интерактивті
өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың
негізгі көлемін оқып үйренушілерге
жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған
материалдарды меңгеру бойынша, сонымен
бірге оқу үрдісі барысындағы оқып
үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне
мүмкіндік беретін ақпараттық технология.
Қашықтан оқыту – компьютерлік және
телекоммуникациялық технологияларға
негізделген оқытудың құралдары мен
түрлері, білім беру үрдісінде үздік
дәстүрлі және инновациялық әдістер
қолданылатын, күндізгі және сырттай
білім алу ретінде білімді қабылдау түрі
болып табылады.
Әлем
күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі
жаңалықтар ашылуда, жаңа жобалар іске
асырылуда. Сондықтан қандай да бір
өзгеріске жаңаша көзқараспен қарауға
дайын болуымыз керек. Биылғы жылғы ең
үлкен өзгеріс –мектептердің қашықтан
оқытуға көшуі. Өйткені елімізде ғана
емес, жалпы әлемде болып жатқан төтенше
білім саласына да өз әсерін тигізбей
қоймады. Білім беру қандай жағдай
болмасын ел болашағы үшін аса жауапты
үрдіс екені мәлім. Сондықтан қашықтан
оқытудың ерекшелігі мен тиімділігін
білу маңызды тақырып. Бұл тақырыпты
кеңірек ашу үшін жалпы білім беру
саласының мамандары болып «Қашықтан
оқуды үйренемін» тақырыбындағы курстан
өттік.
Бұл
оқыту технологиясы білім берудің
ортасында тұратын оқыту жүйесін құру
мүмкіндігін береді. Бұл
жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын,
жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын
ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында
оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі
тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға
арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге
қатысты жұмыстарды ұйымдастырумен
шұғылданады. Қашықтықтан оқыту
технологиясын қолдануда мұғалімнің
рөлі арта түседі және өзгереді.
Қашықтықтықтан оқыту технологиясы –
оқушы дайындау мен олардың біліктілігін
әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы
осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі
болып табылады және болашақта алатын
орны орасан екені даусыз.
Ұстаздар
өз шәкірттеріне нәтижелі, сапалы білім
бере отырып, өз тәжірибесін жаңашылдық
негізде насихаттап, әрбір әдісін тиімді
қолдануы шарт. Кәсіби дамуға ұмтылатын
бәсекеге қабілетті әрбір маман өзінің
негізгі қызметінен қол үзбей жаңа
білім алу жолдарын қарастырады.Оқу
үдерісін ұйымдастырудың басты формасы
– қашықтан оқыту. Қоғамның қажеттілігіне
сай оқыту формасы да өзгерді. Қажеттілік
– ғылыми жаңалықтардың қырағы жол
сілтеушісі. Ендеше, қажеттілікке сай
жұмысты жүйеге қою-біздің міндетіміз.
Қазіргі таңда қашықтан оқытудың
асинхронды және синхронды әдісін
пайдаланып отырмыз. Күрделі мәселелерді
жүзеге асыруда мұғалімнің атқаратын
ролі зор. Оған әрі ауыр, әрі жауапкершілігі
мықты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың
бағдарламасының құрылымын дайындап,
оны қашықтан білім беру жүйесімен
астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің
барысын қадағалап, тапсырмаларды
орындауда, өз бетінше бақылау-пысықтау
жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар
береді. Бұл кезеңде қашықтан оқыту
жүйесінің әдістерінде көрсетілгендей,
көңіл-күй, психологиялық қарым қатынас
белең алады. Қашықтан
оқытуда мұғалімдер өздері мынадай
талаптарға сәйкес болуы шарт.
Мұғалім
компьютерді
жоғары деңгейде әрі сауатты пайдалана
білуімен
қатар, ақпараттық құралдармен жұмыс
істеуге іс жүзінде дағдыланып, оқушымен
сабақ жүргізуде ұйымдастырушы, кез-келген
қиындықтан жол тауып кететін нағыз
шебер болуы керек. Қашықтан оқытудың
маңыздылығы – білім берудің ақпараттық
жүйесін құру арқылы оқушылардың білім
деңгейін көтеру. Білімге қойылатын
талаптар да өзгереді. Оқыту мен оқу
үрдісінде оқушының білімді өз бетінше
ізденіп, ақпарат құралдарын жиі
пайдалануға және түрлі платформаларды
сауатты пайдалануға мүмкіндігін
тудырады. Бұл жерде ақпараттық әдістер
кеңінен пайдаланылады. Оқушының танымының
дамуына, компьютерлік іскерлігінің
артуына ықпалын тигізеді.