400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтықтан білім алу:жаһанға өзгеріс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан білім алудың әлемге тигізген өзгерістері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтықтан білім алу:жаһанға өзгеріс

Қазіргі кезде білім алу адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Өміріміз білім алумен және түрлі сынақтардан өтумен өтеді. Ол адамның жан-жақты дамуына ғана емес, сонымен қатар, алған тәжірибесін сүйікті ісіне пайдаланады. Заманның дамуына байланысты цифрландыруды енгізу кеңінен дамып жатыр. Сол технологиялардың негізгі жетістіктерінің бірі- дистанционды білім алу.

Қашықтықтан оқуға 2020 жылдан бастап, яғни вирустық аурудың тарала бастаған кезінен үйренісе бастадық. Енді төтенше жағдайларда жастардың білім алу үрдісін тоқтатпау үшін онлайн форматқа көшіріліру тиімді нұсқаға айналды. Мысалы, инновациялар арқасында қашықтықтан оқытатын түрлі курстар мен оқу орталықтары ашылып жатыр. Бұл білімді кез-келген уақытта және кез келген жерде алуға мүмкіндік берумен қоса, ұмытқан тұстарын қайта қарауға болады. Дистанционды оқыту-ата-анасына масыл болмайын деп, жұмыс істеп жүрген студенттерге өте қолайлы. Себебі, ақша табумен қатар, олар кедергісіз диплом ала алады.

Әр нәрсенің өзінің кері жақтары да болады. Олардың бірі-жауапкершіліксіз оқушылардың білім алуының қиындауы. «Бес саусақ бірдей емес» демекші, барлық балалар онлайн сабақтарға бірдей кірмейді, ішінде 3-4-уі сылтаулар тауып, білім алуға өз мүмкіндіктерін шектейді және бұл қателік оларға әсер ететінін елемейді. Сонымен қатар, жағдайы төмен отбасылар балаларына барлығына бірдей білім бере алмай, қиналады. Бұл оқушының білім алу құқығына шек қояды да, қатарластарынан төмендеп кету қаупі бар.

Жоғарыда айтылған теріс әсерлер кедергі болмайды. Мысалы оқушы өзі үшін оқиды және болашағы үшін өзі жауапты. Осы ойды барлығының санасына жеткізсе, олар әлбетте өзін қолға алып, алға жылжиды. Екіншіден, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы білім алуға құқылы және бұл заңды ескерге үкімет нашар жағдайлы отбасыларды керекті жабдықтармен жабдықтады. Яғни, олардың да басқалары сияқты қолайлы мүмкіндіктері пайда болды.

Қорытындылай келе, қоғам заман талабына сай даму керек. Қашықтықтан оқу жаһандық өзгерістерге оңтайлы әсер етеді деген ойдамын.



Балтабекова Дина

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.03.2023
444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі