400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім берудің заманауи трендтеріне тоқталып өтейік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру

Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы, п.ғ.д., доцент,

«Өрлеу БАҰО» АКФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын

республикалық институттың «Менеджмент және

ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі


Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту мәселесі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Республикалық институтта бұл мәселе 2007 жылдан бастап ЮНЕСКО халықаралық ұйымымен бірлесе отырып, MOODLE ортасында қашықтықтан оқыту процесі басталып, педагогтарды осы ортада жұмыс жасау алгоритмі таныстырылған болатын. Одан кейін 2007 жылдың 3 қыркүйегінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев тарих пәнінен интерактивтік online сабақ жүргізіп, оған 1000-нан аса республика мектептерінің оқушылары қатысты. Осы сабақтан кейін 2008 жылдан бастап педагогтар қауымы тарапынан sabak.kz порталында интерактивтік online сабақтар жүргізіліп, осы уақытқа дейін өзінің жалғасын тауып келеді. «Білім» телеарнасында «ҰБТ-ға дайындау», пәндер бойынша телесабақтар жүргізіліп, «Республиканың 45 үздік мұғалімі» айдарымен ауыл мектебі мұғалімдерінің кәсіби даму деңгейі мен отбасылық жағдайларын байланыстырып, түсірілген телешоу бағдарламаларын алуға болады.

Республикалық институтта бұл процестерге ripkso.kz сайты арқылы онлайн әдістемелік қолдау көрсетіліп, отырды. Интерактивтік онлайн сабақтарды экранға шығармас бұрын, пән мұғалімдерінің медиасауаттылығына, кәсіби шеберлігіне және АКТ құзырлылығына назар аударылып, сараптамадан өткізіліп, жіберілді. Әрбір аймақта консалтингтік орталықтар жұмыс жасап, сол орталықтар арқылы республикалық институт тарапынан ғылыми-әдістемелік көмектер дер кезінде көрсетіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігі сабақтарды бекіткеннен кейін онлайн режиміне шығарылды. Министрлік тарапынан мұғалімдерге қолдау көрсетіліп, ең үздік сабақ жүргізген пән мұғалімдері марапатталып отырды.

Енді цифрлық технология құралдарының қарқындап дамуына сәйкес педагогтар қауымының бейнеконтенттер жиынтығы «Өрлеу БАҰО» АК «Білім» youtube каналында білім беру деңгейлеріне (мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жалпы білім беретін мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғарғы оқу орындары) сәйкес жинақталып, орналастырылған. Сонымен бірге «Өрлеу БАҰО» АК басқармасы «Педагогтар идеясы» фестивалы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп, ең үздік бейнесабақтар «Өрлеу БАҰО» АК «Білім» youtube каналына орналастырылады.

Аталған жұмыстардың нәтижесі қашықтықтан оқыту процесінің негізін қалайды.

Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім берудің заманауи трендтеріне тоқталып өтейік.

SMART технологиясы — жүзеге асатын мақсаттарды қалыптастыру үшін заманауи тәсіл. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Педагогикалық процесс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада қолданылады.

Барлық смартфондарда түрлі программаларды көшіруге арналған Play Market, App Store немесе Google Play т.б. арнайы программалар бар. Сол программалар арқылы түрлі заттарды өз смартфоныңызға тегін жүктеуге мүмкіндік бар. Play Market арқылы Colar mix программасын жүктеп аламыз. Осы программа арқылы түрлі суреттердің 3D модельдеуге болатындығы педагогтарға практикалық тұрғыдан түсіндіріліп, жұмыс жасатамыз.

Рисунок 4

Төңкерілген оқыту да білім берудің заманауи трендтеріне енеді. Оны Блум таксономиясына салып, дәстүрлі оқыту мен төңкерілген оқыту арасындағы ерекшеліктерді ұсынып отырмыз.


Бұл процесті ұйымдастыру алгоритмі біліктілікті арттыру курстарында кезең-кезеңмен түсіндіріледі.

Төртінші өндірістік революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуы Z буын ұрпақтарына қалай жеткізуге болатындығы туралы әдістемелік құралдар дайындалып, біліктілікті арттыру курстарында әрбір технологияның мазмұнымен таныстырылып, практикалық жұмыстар жасалады. Оны түсіндіру аймағы келесі инфографикада бейнеленген.

Заманауи білім беру трендтерінің бірі ретінде әлеуметтік медиа қарастырылады.

Facebook әлеуметтік сервисі, Google сервистері мен құралдары, Wiki веб-сайты, Интернет желісінде дыбыстық файлдарды немесе бейнелерді тарату үшін подкастар, блогтар, Youtube видеохостингі, бұлтты технологиялар-осының бәрін оқытуда қолдануға болады және қолдану қажет. Мысалы, блогтарға мұғалім мен оқушылар арасындағы кері байланыс құралы ретінде білім алуға жақсы кіреді. Youtube-та бейнелерді көруге және орнатуға болады. Google сервистерінің көмегімен оқу процесін икемді және қызықты етуге болады. Google сервистері барлығына бірдей білім беру қағидаттарын негізге ала отырып, оқушылар мен мұғалімдер үшін қызықты және нәтижелі білім беру кеңістігі, бұл өзін-өзі бекіту, жеке қабілеттерін ашу, дербестікті, жауапкершілікті, шығармашылық қабілеттерін дамыту, іріктелген материалды талдап, жинақтай білу, пәнге деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, жоғарыда аталған мәселелерді негізге ала отырып, педагогтардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру үшін келесі дағдылар қалыптасуы қажет:

  • hardworeskills (цифрлық технология құралдарымен жұмыс жасай алу дағдысы)

  • softworeskills (цифрлық технология құралдарында орнатылған программалық жабдықтамалармен жұмыс жасай алу дағдысы)

  • metaskills (программалық жабдықтамаларды кәсіби деңгейде қолдана алу дағдысы)

Осы дағдылар кез келген педагогта қалыптасса, онда қашықтықтан оқыту процесінде өздеріне қажетті контентті жасап, осы ортадағы білім беру сапасын арттыруға ықпал ете алатындығы сөзсіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі